Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ормандағы оқиға

13 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ормандағы оқиға
Сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйренеді.
2. Оқушылардың ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылыққа дамыту.
3. Оқушылар «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұнымен таныса отырып, ертегідегі негізгі ойды ашуға машықтанады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, талдау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Сұрақ - жауап
- Қандай ел жайлы айтылған?
- Қандай оқиға болды?
- Олар қандай бұйрық шығарды?
- Дұшпанның қандай есебі болды?
- Ана қандай шешім қабылдады?
Әр топтан бір - бір оқушыдан А. Сейдімбектің «Әйел - Ана» атты ертегісі бойынша ер азаматтарды құтқару жолы туралы жазған эсселерін оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
- Біз қандай шығарма оқыдық?
- Әдеби ертегі деген не?
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Автор жайлы қысқаша дерек.
Қ. Жармағамбетов (1918 - 1974) Қостанай облысында дүниеге келген. 1941 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика институтын бітірген. «Ара» журналының бас редакторы болған. Оның «Балладалар», «Мұғалима», «Дәурен», «Сырлы тал» атты шығармалары бар. Сондай - ақ, ол Ә. Қашаубаев өмірі туралы “Әнші азамат” повесін жазды.
Оқушылардың жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыруын және олардың белсенділігін арттыру.
Аң - құстар, жан - жануарлар қандай ортада өмір сүреді? Орманда қандай ағаштар өседі? Бізге мол ауа беріп тұрған түрлі ағаштар, атап айтар болсақ: емен, аққайың, қарағаш, шынар, қарағай, көктерек, шырша, самырсын т. б. және арыстан, аю, қоян, қасқыр, түлкі барыс пен сілеусін, қаршыға, қырғи, бүркіт және бөктергі сияқты аң - құстардың аттары аталып олардың табиғатқа келтірер пайдасы туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Ағаштар туралы мәлімет беру.

«Болжау» стратегиясы. Оқулықпен жұмыс.
– Қазір сіздер «Ормандағы оқиға» мәтінін оқисыздар. Бұл әңгімеде сіздерге таныс, осыған дейін қолданылған барлық сөздер кездеседі. Сіздер бұл ертегіні бірнеше үзіліспен оқисыздар. Яғни мен тоқтатқанға дейін оқисыздар. Содан кейін сол оқылған бөлік бойынша талқылау жүргіземіз. Сондықтан әр сөйлемді зер салып оқу керек. Сонымен бірінші бөлікті бастаймыз (бір оқушы оқиды, қалғандары қол жүгіртіп қарап отырады) Тоқтатамын, талқылау:
– Бұл бөліктен не түсіндіңіздер?
– Ертегі немен жалғасуы мүмкін?
– Тобылғының сөзі қайыңға қалай әсер етеді деп ойлайсыздар?
– Ал, енді екінші бөлікті оқимыз. Тоқтатамын, талқылау:
– Бұл бөлікте не делінген?
– Алдыңғы сіздердің айтқан болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
– Енді не болады деп ойлайсыздар? Бұл ертегі немен аяқталуы мүмкін?
– Ал, енді үшінші бөлікті оқимыз. Тоқтатамын, талқылау:
– Бұл бөлікте не делінген?
– Алдыңғы сіздердің айтқан болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
– Екі ағаштың бір бірімен ренжісуіне не себеп болды?
– Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?
– Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?
– Әңгіменің қай жері сіздерге әсер етті?
– Қандай сөздер қиын болды?

Мәтін бөліктері:
1. Тобылғының Ақ қайыңды шағыстыруы.
2. Тобылғының Қараағашқа баруы.
3. Екі достың жанжалдасуы.
4. Тобылғының орманнан аластатылуы.
Ормандағы оқиға жүктеу
2 069
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
ертегіде кездесетін оралымды сөз мағыналары ұшырасатын үзінділерді талдау арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіреді;
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйренеді. Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық таныта отырып, Жер - Ана адамзатқа сай еткен байлықтарын бағалауды үйренеді.
Ормандағы оқиға
Ормандағы оқиға
Бастауыш сынып мұғалімі: Досанова Гульмаржан
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Садуова Қаламқас Құмарғалиқызы
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×