Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. Мағынасы қарама - қарсы сөздер

28 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Cабақ: Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. Мағынасы қарама - қарсы сөздер.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу жоспары
тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру.

Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту
3 мин Психологиялық дайындық
Ақ ұлпа түссе, еріте көрме сақтап қал,
Қуанып біздер, айтамыз небір тақпақтар
Тазарып ауа, тамаша күйді келтірген.
Қуаныш сыйлар, қыстағы жауған аппақ қар!

- Отыра қойыңыздар. Балалар бүгінгі сабағымызда біздер төрт топқа бөлініп отырмыз. Қазір топтардың атымен таныстырып өтейін.
І топ «Мұз» тобы
ІІ топ «Аяз» тобы
ІІІ топ «Қырау» тобы
IV топ «Қар» тобы.

Ортасы
Айтылым 15 мин
- Балалар біздің тобымыздың аттары қай мезгілде болатын табиғат құбылыстары атаулары?
- Қыс
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше барлығымыз терезеге қарайық қазір қандай мезгілді көріп тұрмыз?
- Қыс.
- Осы мезгілде біз табиғаттың қандай күйде болатынын білеміз солай ма?
- Ия
- Ендеше маған айтыңдаршы осы қыс мезгілінде қандай ойындар ойнатылады?
- Шана, қар атысу, аққала жасау, шаңғы тебу.
- Жарайсыңдар балалар!
- Ендеше біз бүгін сабағымызда берілген тапсырмаларды орындау арқылы шаңғы тебуге тауға барамыз. Тауға бару үшін алдымен менің қолымдағы билеттерді сіздер алуларыңыз керек ол үшін сабаққа қатысып сұрақтарға жауап беріп отырамыз.
І топ «мұз» тобы: Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
ІІ топ «Аяз» тобы. У дыбысы қандай дыбыс?
ІІІ топ «Қырау» тобы: Адамдарға қандай сұрақ қойылады? Заттарға қандай сұрақ қойылады?
IV топ «Қар» тобы: Дауысты дыбыстардан кейін қандай и жазылады?
- Жарайсыңдар балалар біздер қолымызға сұрақтарға жауап беру арқылы бір билеттен алдық. Енді біз келесі тапсырмаларды орындай отырып алдарыңыздағы тауда тұрған шаңғымен биікке қарай көтерілеміз.

Кітаппен жұмыс.
Барлығымыз 1 тапсырмаға қараймыз. Тыңдаймыз
Адамдар жақсы,- деді сиыр.
Сиыр неліктен адамдар жақсы деді?
Адамдар жаман,- деді сыңар мүйіз ешкі.
Ешкі неліктен адамдар жаман деді?
- Балалар барлығымыз мәтінге қарайық мәтіннен мағынасы қарсы сөздерді көріп отырмыз ба? Ойланайық. Тауып көрейікші.
- Жақсы жаман
- Өте жақсы неге жақсы жаман деген сөздер бір біріне қарсы мәндес сөздер болады?
(Мысалы жақсы адам жаман адам деп алсақ жақсы адам қандай болады, жаман адам қандай болады осы ұғым бойынша түсіндіремін).
- Жарайсыңдар балалар біз шағымен тауға бір қадам жасаймыз.
Келесі балалар біз бара жатқан тауымызға басқада класс оқушылары аспалы жолдар арқылы кетіп бара жатыр екен. Бірақ оларға сендердің көмектерің керек болғасын жолда тұрып қалған. Олардың тапсырмасы берілген суреттерді оқып, буынға бөліп сөзде неше буын бар екенін анықтау екен.
Суреттер: жүзім, жұлдыз, жұмыртқа, жылан, жеті жүзік, жіп.

Мұғалімнің аты – жөні: Мұқанова Айжанат Бекболқызы
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. Мағынасы қарама - қарсы сөздер. жүктеу
2 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Табиғатқа саяхатқа. Жж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхатқа. Жж дыбысы мен әрпі
Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я әрпі
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я әрпі
Я дыбысымен таныстыру, я дыбысы бар сөздермен таныстыру.
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрастырады.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×