Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер еліне саяхат әлемі

31 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат әлемі.
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлердің суреттері.

Барысы:
Балаларды шеңберге тұрғызу.
Шаттық шеңбер:
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Күлімдесін күн де,
Күлімдейік бізде.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын шашайық.
Таза ауаны салайық,
Жүрек жылуын сыйлайық
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.

Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Сұрақ - жауап:
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар қыс деген сөзді қос тілде айтайықшы. Қыс - зима.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.
Балалар: Қыста күн салқын болады, аяз болады, қар жауады, боран болады.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Қазір қандай ай?
Балалар: Ақпан айы.
Тәрбиеші: Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?

Тақпақ: Б. Эсфира.
Қыс айлары көңілді,
Ақ қар жапты өңірді.
Үйренеміз жалықпай,
Шана шаңғы тебуді.
Тәрбиеші: Жарайсың, өте ақылды екенсің.
(Тәрбиеші қараңдаршы балалар бізге хатшы хат әкеп тастапты)
Тәрбиеші: Кәне, ашып оқиық. Кімнен екен?
Хатты ашып оқиды: Сәлеметсіңдер ме! Мен Машамын. Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар. Мен, қысқы орманға серуендеп барғанмын. Ал мені Қыс ханшайымы ұстап, өзінің қарлы үйіне қамап қойды. Мұнда өте салқын. Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді сағындым. Мені құтқарыңдаршы!!!
Тәрбиеші: Машаны құтқарамыз ба? Қысқы орманға барамыз ба? Ертегілер әлеміне енеміз бе?
Балалар: Иә!!!
Тәрбиеші: Ендеше, бәріміз автобуспен қысқы орманға барамыз. Кәне, кеттік!
(«Ертегілер» әні қосылып, безендірілген қысқы орман алаңқайындағы орындықтарға барып отырады)
Тәрбиеші: Балақайлар, міне бізде қысқы орманға келіп қалдық.
Зал іші орманға безендірілген.
Тәрбиеші: Қысқы орман әдемі ме?
Балалар: Ия!
(Осы кезде Қыс ханшайымы залға алаңқайға кіріп келеді)
Қыс ханшайымы (ашулы дауыспен айтады)
Кім кім менің қарлы патшалығыма келген?
Тәрбиеші: Балалар, кәне, Қыс ханшайымымен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Қыс ханшайымы:, біз Машаны іздеп жүрміз.
Қыс ханшайымы: Ха ха ха! Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен. Мен оны үйіме кілттеп қойдым. Енді ол менің үйімді жинап, маған қардан дәмді тағамдар пісіреді.
Тәрбиеші: Балалар, орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп н/е ойнап жүруге бола ма?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы, Машаны кешірші, оны жіберші, ол кішкентай қыз ғой. Атасы мен әжесі жылап жатқан болар.
Қыс ханшайымы: Ммм, егер сендер менің тапсырмамды орындай алсаңдар, жіберемін.
Тәрбиеші: Балалар тапсырмасын орындаймыз ба?
Балалар: Иә!
Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру»
Ж. Айлан:
Суда мұз бар, Жерде қар бар,
Боран боп соғады, Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді. (Қар)
Қ. Ерсұлтан:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
(Жұмбақтың жауабын тапқан сайын, тақтадағы жабық тұрған шалқанның суреті ашылады)
Тәрбиеші: Балалар ненің суреті шықты?
Балалар: Шалқан ертегісінің суреті сықты.
Қыс ханшайымы: Дұрыс, ендеше келесі екінші тапсырма. «Шалқан» ертегісін сомдау.
Тәрбиеші: Балалар, шалқан ертегісін үстел үсті театры арқылы сомдаймыз. Кәне ертегілермен айтыңдар, қай кейіпкерді сомдайсыз.(Автор ата, әже, немере, қыз, күшік, мысық, тышқан)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні өте жақсы сомдадыңдар. Балалар шаршаған боларсыңдар, кәзір серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, ал сендер ертегілерді білесіңдер ме?
Балалар: Ия!
Үшінші тапсырма: «Ертегінің атын тап?»
Магнитті тақтадағы көрсетілген ертегі суретіне қарап, қай ертегі екенін айту керек.
Қыс ханшайым: Жарайсыңдар! Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, рахмет!
Төртінші тапсырма мына жұмбақты шешкенде белгілі болады:
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен әжеден.
Орманда кеше жүр еді,
Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)
Төртінші тапсырма: «Бауырсақ» ертегісін шарлар арқылы сомдау.(Шарға кейіпкерлердің суреті жапсырылады, балалар қолдарына ұстап ойын түрінде сомдайды)
Ата, Әже, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.
Тәрбиеші: Керемет, балалар, өте жақсы сомдадыңдар!
Бесінші тапсырма: назар аударайық. Жеке жұмыс:
«Лақтарды дұрыс жол тап» («Жеті лақ»ертегісі бойынша).
Шарты: Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып батыр. Егер жолдан қателессең, лақтар қасқырға барып, қасқыр лақтарды жеп қояды. (Балалар үстел жанына барып сызады)
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар. Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар. Ендеше мен Машаны босатайын. (Зал ішіне орманға Машаны лестіріп келеді).
Маша: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер едім. Тоңып қамауда жүрер едім. Қыс ханшайымы сізге де рахмет. Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін. Балалар сендерде орманға, көшеге жалғыз ойнап шықпаңдар жарай ма? Менің сендерге сыйлығым бар еді орман арасынан адасып жүргенде көптеген құлпынай жинап алып едім Талшын Сырғабайқызына берейін, апайларың топ ішінде өздеріңе таратар. Мен атам мен әжемді сағындым, үйіме қайтайын. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Біздің қайтатын уақытымыз болды. Қыс ханшайымы, балаларға, енді ұрынба, сау бол!
Балалар: Сау болыңыз, Қыс ханшайым!
Тәрбиеші: Балалар, автобуспен балабақшаға қайтайық.
(Бәрі бірінің артынан бірі жүріп қайтады)
Қорытынды: Сұрақ - жауап:
Біз қайда бардық?
Кімге көмектестік?
Тәрбиеші:
Осымен оқу қызметі аяқталды. Рахмет, балалар! Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Ахметкалиева Р. З.
Ертегілер еліне саяхат әлемі жүктеу
2 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Сахналалық көрініс қоя білу, таңдап алған рөліне еніп, ойнауға жаттықтыру.
Аппақ қар
Аппақ қар
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Ертегілер әлемі
Ертегілер әлемі
Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, драмалық қойлымды ойната білу, жыл мезгілі мен айлар, апталар арқылы білімдерін қорытындылау
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Балаларға таныс ертегілердің мазмұнын айтып беру, қабілетін дамыту. Ертегі желісін түсініп, кейіпкерлер рөлін сомдауды қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×