Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бой сергіту жаттығулары

06 наурыз 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бой сергіту жаттығулары
Бала, бала балақан,
Кәне қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай - былай ойнат.
Топ - топ басайық
Қағаздан гүл жасайық.
Жаса - жаса алтын күн.
Жаса - жаса жарқын күн.

Жаза, жаза қолымыз
Талып кетті - ау көзіміз
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастайық
Жаңа сабақ бастайық.

Тік тұрам да
Қос қолмен
Таянамын бүйірді.
Топылдатып аяқты
Шапалақтап қолымды
Екі жаққа жаямын
Бір отырып, бір тұрып
Орнымды мен табамын.

Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар
Саусақтармен ойнаңдар
Қолдарыңды сермеңдер
Денелерің шынықсын
Саналарың тынықсын.

► Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (жанындағы досын көрсетеді)

► Мектебің мынау – сыныбың, (қолдарын екі жаққа жаяды)
Осында он жыл тұрасың, (он саусағын көрсетеді)
Тарыдай боп кіресің, (орындарына отырады)
Таудай болып шығасың, (қолдарын жоғары көтеріп, орындарынан тұрады).

► Армысың, сұлу күн! (күнге қарап бас иеді)
Армысың, ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді)
Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды)

► «Көлеңке»
Мұғалім:
- Көлбең - көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Құмырсқа қалай жүреді?
Көрсетші менің көлеңкем.
(оқушылар қимылмен құмырсқаның жүрісін көрсетеді)
Мұғалім:
- Көлбең - көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Құстар қалай ұшады?
Көрсетші, менің көлеңкем.
(оқушылар қимылмен құстардың ұшуын көрсетеді, басқа да жан - жануар, жәндіктерді қосу мұғалімге байланысты)

► Бір, екі, үш (аяқтарын кезек - кезек көтеріп, түсіреді)
Бойға жинап күш, (қолдарын жоғары тік көтеріп, иық тұсынан бүгеді)
Бір, екі, үш (аяқтарын кезек - кезек көтеріп, түсіреді)
Қанат қағып ұш! (қолдарымен құсша қанат қағады)

► «Көңіл күйімді тап»
Мұғалім әр түрлі көңіл күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазуы көрінбейтіндей етіп жайып қояды. Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздардың біреуін таңдайды. Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім баланың құлағына сыбырлап айтады. Бала сол көңіл күйді тек қимылмен ғана көрсетеді. Балалар оның қандай көңіл күйді көрсеткенін табуы тиіс.
Кеспе қағазға жазылатын көңіл күй қимылдарының үлгісі: күлімдеу, жымию, күлу, қуанғаннан секіру, бас бармағымен «бәрі жақсы» деп көрсету, қуанғаннан билеу, арқадан қағу, басынан сипау және т. б.

► «Мен жақсы оқушымын»
Балалар, сендердің жақсы оқушы болғандарыңды қалайды. Ол үшін сендер «Мен жақсы оқушымын» деген жазуы бар алқаны кезегімен тағып тұрып не себепті жақсы оқушы екендеріңді айтып шығыңдар.
Мысалы:
- Мен жақсы оқушымын, өйткені сабаққа кешікпеймін.
- Мен жақсы оқушымын, өйткені тазалықты сүйемін.
- Мен жақсы оқушымын, өйткені оқу - құралдарымды таза ұстаймын.
- Мен жақсы оқушымын: өйткені, достарымды жақсы көремін.
- Мен жақсы оқушымын, өйткені, достарыма көмектесемін.
- Мен жақсы оқушымын, өйткені, үлкендерді сыйлаймын және т. б.
Осылайша әр оқушы өз ойын жалғастырып айтады.

► «Дауыста, дауысыңнан танимын».
Мұғалім ортаға бір оқушыны шығарып, оның көзін таңады. Қалған оқушылар оны қоршай дөңгелене тұрады. Көзі таңулы ортадағы оқушыны сол тұрған орнында айналдырады. Шеңберде тұрған кез келген оқушыны оның қасына апарады. Ол оқушы дауысын өзгертіп жақсы, жылы сөздер айтады. Көзі таңулы тұрған бала дауысынан оқушыны кім екенін танып, атын атауы керек. Жаңылса ән, өлең айтады және т. б. Ортадағы ойыншы ауысады. Осылайша ойын жалғаса береді.

► «Мен қандай баламын»
Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады. Алдын ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, «шуақты» тақтаға кезекпен іліп отырады. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен қүн құрастырылады.

«Сыпайы сөзді қайда, қалай қолданамын?»
Мұғалім немесе балалар кезегімен бір сыпайы сөзді атағанда, ол сөздің қайда, қалай қолданатынын бәрі бірігіп анықтайды.
Мысалы: «Рұқсат етіңіз» деген сөз бойынша берілетін жауап мынадай болуы мүмкін: Бөлме ішінде отырған уақытта сыртқа шығу керек болса: «Сыртқа шығып келуге рұқсат па?» деп қолданамын.
Ойын - тапсырма осылайша жалғаса береді.

«Көмектесе білейік»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойынның шарты бойынша мұғалім допты қағып алған бала өзінің беретін көмегі туралы айтуы қажеттігін түсіндіреді. Мұғалім өз тарапынан көрсетілетін «көмек» туралы (мен сендерге оқуға көмектесемін) айтып балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала өз тарапынан көрсетілетін көмек туралы айтып,(Мен анама үй жинауға көмектесемін; Мен досымның көңілсіз сәтінде жақсы сөздер айтып, оны қуантамын. Мен сыныпта қағаздарды жинауға көмектесемін. Мен мұғалімге тақтаны сүртуге көмектесемін: Мен досыма есептің шығару жолдарын көрсеттім. Мен Сәулеге өлең жаттауға көмектестім. Мен ініме ақыл айттым және т. б) келесі балаға допты лақтырады. Барлық бала айтып біткенше, ойын осылайша жалғаса береді.

Жинақтаушы: Хайруллина А. Ә.
Бой сергіту жаттығулары жүктеу
8 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сергіту жаттығулары
Сергіту жаттығулары
Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз бір дем алайық.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысына арналған сөздерге дыбыстық талдау: өрмекші, өрік, өткір.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай - былай ойнат. Топ - топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Ана тілім - қазақ тілім
Ана тілім - қазақ тілім
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×