Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі

09 наурыз 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі.
Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық және сөздік жаттығулар жасалған.
Ұсынылып отырған графикалық - сандық тест.
Орындау ережесі:
1 санынан 19 - ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.

Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама - қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30 - ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір - біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30 - ға тең болатындай ретін табу керек. Орындауға 10 минут уақыт беріледі. Егер бірінші реттен ретін таба алмаған бала тағы уақыт беруді өтінсе, оған екінші және үшінші рет орындап көруге мүмкіндік берген дұрыс. Сондықтан орындауға берілген уақыт баланың логикалық ойлауына шектеу қоймауы керек.

Дұрыс жауабы: Ортадағы шеңберге 10 санын орналастыру керек. Сонан соң, сыртқы шеңберлер ішіне 1 санынан бастап 9 - ға дейін ретімен жазып шығамыз. Олардың қарсы тұсында диагональ бойымен орналасқан барлық шеңберлерге сандарды суммасы 30 - ға тең болатындай етіп жазып шыққанда тапсырма дұрыс орындалады.

Оқушылардың әрекеттеріне психолог араласпай, өздері шешу жолын дербес табуына мүмкіндік беруі қажет. Балаларға тапсырманы үндемей отырып орындау керек екені ескертіледі, ал шешу жолдарын қадағалау үшін психолог әр баланың жұмысын орындау парағына қарап, тапқан логикасының дұрыстығын өзі белгілеп отырады.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында оның шешімін табудың көптеген варианттарын жасап көрді. Олар ортадағы шеңберге бір санын қоюдан бастады. Бір - екі вариантты жасап көргеннен соң мәселені дұрыс шешу үшін ортадағы санды табу керек екенін түсінгендер дұрыс орындап, басқа оқушыларға көмек көрсете бастады. Бұл жерде баланың логикалық ойына үлкен әсерін тигізетін нәрсе – олардың ортадағы санды табу қажет екеніне түсінгені. Орындау барысында тапқырлық, шығармашылық көрсеткен балалардың саны 4 болды. Жүргізілген зерттеу нәтижесі келесі кестеде көрсетілген.
4 - а сыныбы оқушыларының логикалық ойлауды өлшеу тапсырмаларын орындауы.
Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі жүктеу
2 702
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Березняк жалпы білім беру орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мухамет Жанаргул
Тест 5 -сынып
Тест 5 -сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Теріс сандарды қосу
Теріс сандарды қосу
Пән мұғалімі: Жорықбаева Индира
Шеңбердің ұзындығы
Шеңбердің ұзындығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шеңбердің ұзындығының, дөңгелектің ауданының формуласын қорытып шығару, формуланы есептер шығаруда пайдалануға үйрету. π - саны, шар, сфера ұғымдарына шолу жасау.
Теріс сандарды қосуға және таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Теріс сандарды қосуға және таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Сапақкөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі Рахметқалиева Нұртолған
Ою -өрнектің шеңбер ішінде орналасуы
Ою -өрнектің шеңбер ішінде орналасуы
Бастауыш сынып мұғалімі: Достыбаева Айсамал Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×