Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айлакер түлкі ертегісі

11 наурыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ертегі әлемінде атты сахналау
Айлакер түлкі ертегісі
Драмалық ойын: Ертегіні драматизациялау (сахналау)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын сахналау барысында кейіпкерлердің рөлдеріне еніп, диологты сөйлеуге үйрету. Дауыс ырғақ, түрлі интонация, қимыл - қозғалыспен, кейбір ым – ишарамен бейнені келтіре білу қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Қатысушылар:
Бастаушы:
Тауық: Інжу
Әтеш: Мансур
Үйректер: Жансая мен Досжан
Тауыстар: Жанел мен Жантөре.
Қоян: Ескендір
Түлкі: Гүлназым

Бастаушы: Баяғы бір заманда орман ішінде алай - дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып, артынша тынышталыпты. Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті. Дауыл олардың балапандарын ұшырып әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке:
Тауық - Мен мұнда енді қала алмаспын. Бізге басқа жерге қоныс аудару керек

Әтеш: Жарайды ендеше басқа қоныс іздейік

Бастаушы: Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты.
Сөйтіп, олар жолда келе жатса, алдарынан екі үйрек кездесіпті.

Үйрек: Тауықтан: - Сіңлім! Қайда жол жүрмексіңдер?

Тауық пен Әтеш: Біз енді бұл орманда қалуға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз.

Үйректер: Ендеше бізді де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші, бізде мұнда тұрғымыз келмейді

Бастаушы: Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты.
Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті.

Тауыстар: Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар?

Сонда барлығы: Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз.

Тауыстар: Ендеше бізді де ала кетіңдерші, бізге де кауіп төніп тұр

Бастаушы: Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті.
Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті. Кенет қайдан шыққаны белгісіз алдарынан Түлкі шығыпты. Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып, былай дейді: -

Түлкі: Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар?

Барлығы: Біз мына орманда қалуға қорқамыз, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз.

Түлкі:- Біздің орманнан кетпеңдер!
Мен бір жақсы жер білемін. Сол жерді көрсетейін бе? Онда тып - тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіңдер!

Бастаушы: Бірақ Түлкі айтқан жерді мақтап, алдағаны сонша, ақырында бәрі сол жерді көруге көніп:

Барлығы: Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып, көрейік. Ұнамаса әрі қарай кете береміз.

Бастаушы: Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып

Түлкі:- Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын, ал сен¬дер бір - бірден менің артымнан жүріңдер»

Бастаушы: Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Ал оның артынан бірінші Тауыс кірді, сосын Әтеш, тағы қалғандары. Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп, апаннан шығып кетті. Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете алмады. Бірақ аңқау кұстарды жеп қойды.

Тәрбиеші: Жалелова Ү. С.
Айлакер түлкі ертегісі жүктеу
2 420
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыту, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру.
Айлакер түлкі ертегісі
Айлакер түлкі ертегісі
Балаларға сахналау арқылы көрсетілген ертегіні тыңдай білуге, мазмұнын түсіне білуге баулу. Ертегі кейіпкерлерінің мінез – құлықтарын, іс - әрекетін талдай білуге үйретуді жалғастыру. Мейірімділікке, көмекке келу, игі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ормандағы түлкінің туған күні театрландырылған қойылым
Ормандағы түлкінің туған күні театрландырылған қойылым
Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру. Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға, қимыл - қозғалыс, дауыс ырғағын келтіре білуге үйрету.
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№ 1бөбекжай балабақша" КҚМК Жұлдыз тобының тәрбиешісі: Ахметова Дания Кадировна
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Мырзабаева Анаргүл Есмаганбетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×