Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық есептер факультативтік курс 4 сынып

12 наурыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Логикалы есептер факультативтік курс 4 сынып
Факультативтік курс: Логикалық есептер
Оқу - әдістемелік курс

Факультативтік курстың мазмұны
І Қарапайым сұрақтармен берілген есептер.
Бұл есептер қарапайым оқушының логикалық ойлауына және тез жауап беруіне арналған тапсырмалар.
Мысалы Ауа райы
Егер сағат түнгі 12 - е жаңбыр жауып тұрса, онда 72 сағаттан соң күн шығуы мүмкін бе?
Жауабы: жоқ өйткені ол кезде түн ортасы болады.
Кірпіштің салмағы
Кірпіштің салмағы 4 кг. Кірпіштің үстіне жарты кірпіш және оған қоса жартысының жартысындай кірпіш қойылған. Кірпіштің салмағы қандай
Жауабы: салмағы 4 кг

Өздігінен орындауға арналған тапсырмалар

І - 1Қанша мысық?
Бөлменің төрт бұрышының әрқайсында бір мысықтан отыр. Әр мысыққа қарама - қарсы үш мысықтан отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр?
Жауабы: 4 мысық. Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр.
І - 2 Қарындаштар.
Үстел үстінде әртүрлі ұзындықтағы 3 қарындаш қатарынан жатыр. Ортадағысы – ең ұзын қарындаш. Осы ұзын қарындашқа тиіспей қай оны ортадан алып тастауға болады.
Жауабы Кез келген шеткі біреуін қарсы жаққа немесе ортаға қоя салу керек.
І - 3 Уақыт өлшемдері
Барлығы уақыт өлшемдері бола тұра ғасыр, жыл және сағаттан табылмай, минут пен секундтан табылатын не нәрсе?
Жауабы: «Н» әріпі
І - 4 Отырып жүру
Отырып – ақ жүре беретін кім?
Жауабы: Шахматшы
І - 5 Таяқ
Екі таяқтың 4 ұшы бар. Екі жарым таяқтың қанша ұшы бар?
Жауабы: 6 ұшы бар.
І - 6 Шегелер
Екі адам кетіп бара жатып 2 шеге тауып. Алды. Олардың артынан 3 адам кетіп бара жатыр. Олар қанша шеге тауып алады?
Жауабы: Шегелерді алдыңғы адамдар алып кетті. Олар еш нәрсе таппайды.
І - 7 Ұқсастық
Дөп - дөңгелек қарбыз дәл ортасынан екіге бөлген. Осы бөлінген қарбыздың жартысы неге қатты ұқсайды?
Жауабы: Қалған жартысына
І - 8 Сағаттың соғуы
Сағат 5 белгіні 4 с уақытта соғады. Ал 12 белгіні қанша уақытта соғады?
Жауабы: Алғашқы екі белгіге 1с уақыт және келесі белгілерге 1с уақыттан кетеді. Себебі бірінші белгіге уақыт есептелмейді. 5 белгіні 4 соқса, онда 2 белгінің арасы 1с емек 12 белгіні 11 с уақытта соғады.
І - 9 Қанша қаз
Бір топ қаз ұшып бара жатыр: біреуі алдында, екеуі артында; біреуі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда. Қанша қаз ұшып бара жатыр?
Жауабы: Барлығы үш қаз
І - 10 Жарық сөнгенде
Қыста қатты суықта саяжайдағы үйіне түн ортасында жеткен үй иесі келсе жарық сөніп қалыпты. Үйінде керосин шам, асханада тамақ дайындайтын газ баллонды пеш және алдын – ала көмір – ағашын дайындап кеткен үй жылытатын пеш бар. Қорапта 1 ғана сіріңке талы қалыпты. Үй иесі жоғарыда аталған заттардың қайсысын бірінші жағуға тиіс?
Жауабы: Үй иесі бірінші шырпыны жағады.
І - 11 Қазандағы жұмыртқалар
Бір қазанда 4 жұмыртқа қайнап тұрған суда 4 минутта піседі. Осы қазанда 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
Жауабы: 4 минутта піседі.
І - 12 Талдағы жұмыртқа
Алма ағашында жұмыртқа болуы мүмкін бе?
Жауабы: Алма ағашында жұмыртқа өспейді.

ІІ Заңдылықтар
Берілген математикалық тапсырмалар белгілі бір заңдылықпен құратырылыған. Оқушы сол заңдылықтары тауып орындауы қажет.

ІІ - 1 Жетіспейтін орналастырулар
4 көзден тұратын 2*2
торға 4 фигураны 24 түрлі жолмен орналастыруға болады. Суреттегі толтырылған көздерге қарап бос 4 көзді жетіспейтін орналастырулармен толтыр.

ІІІ - 4 82 - ге дейін санау
1 - ден 82 - ге дейінгі сандарды өсу ретімен тауып, көрсетіп шығу керек. тапсырманы орындап шығу уақытына байланысты қорытынды:
8 минуттан аз уақытта: жоғары бақылағыш;
8 - 12 минут арасы: бақылағыштығы жақсы;
12 - 16 минут: бақылағыштығы орташа;
16 - минуттан жоғары: бақылағыштығын арттыру қажет етеді.

ІІІ - 5 Үш таңбалы сан
Үш таңбалы саннан 7 - ні алғанда 7 - ге бөлгенде, 8 - ді алғанда 8 - ге бөлген еді және 9 - ды алғанда 9 - ға бөлінеді. Ол қандай сан?
Жауабы: Есеп шарты жаңылыстыру үшін берілген.
Егер саннан 7 - ні алғанда 7 - ге бөлінсе, онда ол сан 7 - ні алмаса да 7 - ге бөлінеді. Сол сияқты есеп шартынан ол сан 8 - ге де, 9 - ға да бөлінеді
Ол сан 7*8*9 =504
Есеп шартын қанағаттандыратын басқа үш таңбалы сан жоқ. Келесі сан 504*2= 1008 төрт таңбалы сан.
ІІІ - 6 Қай сан?
А) 3 - ке өлгенде 1 қалдық 4 - ке бөлгенде 2 қалдық, 5 - ке бөлгенде 3 қалық, 6 - ға бөлгенде 4 қалдық қалатын сан болуы мүмкін бе?
ә) Қай санды 2 - ге бөлгенде 1 қалдық, 3 - ке бөлгенде 2 қалдық, 4 - ке бөлгенде 3 қалдық, 5 - ке бөлгенде 4 қалдық, 6 - ға бөлгенде 5 қалдық қалады., а ол 7 - ге қалдықсыз бөлінеді?
Жауабы:
А) ізделінді санға 2 - ні қоссақ 3, 4, 5, 6 сандарына қалдықсыз бөлінетін сан шығады. Бұл шартты қанағаттандыратын ең кіші сан 60, яғни ізделінді сан 58.
ә) Ізделінді санға 1 - ді қосса 2 - ге де, 3 - ке, 4 - ке, 5 - ке, 6 - ға қалдықсыз бөлінеді. 2, 3, 4, 5, 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі 60. 60 - 1=59. Яғни 59 саны 7 - ге қалдықсыз бөлінетіндіктен 2, 3, 4, 5, 6 сандарына қалдықсыз бөлінетін санды іздейміз. Ол сан 120 Бұдан 120 - 1=199. 119 саны 7 - ге қалдықсыз бөлінеді. Есептің шарты бойынша шешімі 119. Көрсетілген әдіспен ары қарай іздей отырып, есептің басқа шешімдерін табуға болады.

Дайындаған: Қадырова Айнагүл Қадырқызы
№19 орта мектептің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары
Логикалық есептер факультативтік курс 4 сынып жүктеу
10 416
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логикалық тапсырмалар жауабымен
Логикалық тапсырмалар жауабымен
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Логикалық есептер сайысы
Логикалық есептер сайысы
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Бүгін біз математиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
Ойлай білу - өнер
Ойлай білу - өнер
Сабақтың тақырыбы: Ойлай білу - өнер
Логикалық есептер сайысы
Логикалық есептер сайысы
Екібастұз қаласы, №11жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Жұмағұлова Мауленгүл Табылдықызы
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Логикалық есептер 1. Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған? Жауабы: Асхат
Тек ғана математика
Тек ғана математика
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×