Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Тәнекеев. Қажымұқан

10 сәуір 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан
Сілтеме: Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж.
Оқыту әдістемесі. Интернет желісі
Жалпы мақсаты: Алып Қажымұқан палуан өмірімен танысып, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйренеді; есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге; спорт түрлерімен шұғылданатын, шыныққан азамат тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже: Балуан өмірімен таныса отырып мәтін мазмұнымен танысады, жүйелі сөйлеп, спорт түрлерімен шұғылданатын, шыныққан азамат болуға тырысады.
Негізгі идеялар: Балуандарымызды дәріптеу
Тапсырмалар: «Ой қозғау», жұптық, топтық жұмыстар

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезең
«Шаттық шеңбері»
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз
- Оқушыларды смайликтер арқылы топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Мен мұны білемін!
Нығмет Ғабдуллин «Комбаттың әңгімесі» мазмұнын сұрау
Ә. Молдағұлова жайлы жинақтаған мәліметтерін тыңдау
ІІІ. «Ой қозғау» әдісі
- Балалар бұл әңгімеде тарихтағы қандай жылдар туралы айтылған?
- Ұлы Отан соғысы
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл соғыста жеңіске бір табан жақындауына тылдағы адамдардың да еңбегі зор. Осы соғыста қандай техника түрлері жұмылдырылған?
- Зеңбірек, мылтық, танкі, ұшақ...
- Міне, осы соғыс кезінде өз қаражатына сатып алып, ұшақ жіберген адамдардың бірі Қажымұқан атамыз екен. Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың аты Мұратхан Тәнекеевтің «Қажымұқан» мәтінімен танысамыз.

ІV. Мағынаны тану

- Қажымұқанның өмір жолы, жетістіктері туралы әңгімелеу.(Оқушылардың пікір - ойын тыңдау)
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.
- Әңгімені дайындалған бейнежазбадан көрсету.
- Қажымұқан туралы 2 класта қандай тақырып өттік? («Алып бала» авторы Қалмақан Әбдіқадыров) Ол қандай ерлік көрсетті?

Оқулықпен жұмыс
Мәтінді түсініп оқу.
І топ - 1 – бөлім
(оқыған бөліміне ат қою)
ІІ топ – 2 бөлім
(оқыған бөліміне ат қою)
Әр топ оқыған мәтіндерін мазмұндайды, қойған аттарын айтады
1 – бөлім Күрес алаңында
2 – бөлім Батыл шабуыл
Мәтінде кім туралы әңгімелейді?
Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім?(түрік балуаны Нұрлы)
Жекпе - жек немен аяқталды? (жеңіспен)
Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті? (ұшақ).
- Қажымұқан балуан чемпион ретінде әлемнің бірталай ірі қалаларында болып өнер көрсетеді. Түрік еліне барған сапарында түрік жұрты белдескен балуандардың бәрін жыққан қайратына риза болып, оған "Қажы" деген атақ береді. Бұрын оның азан шақырып қойған аты Мұқан болса, енді ол Қажы Мұқан аталады. Балуанның осы аты бүкіл өміріне қалады.

Сөздік жұмыс
Ипподром - ат жарысы өтетін жер.
- Бұрын бұл жерлерде балуандар күресі өткен екен.
- Қазір балуандар күресі қайда өтеді?
- Спорт сарайларында

Суретпен жұмыс:
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Суретпен мәтіннің байланысы бар ма?

Қызық мәлімет
1. Салмағы – 174 кг.
2. Бойы – 195 см.
3. Кеудесінің аумағы – 146 см.
4. Балтырының аумағы – 49 см.
5. Мойнының жуандығы – 56 см.
6. Бас аумағы – 65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы – 14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі – 54 размер.
- Бейне жазбадан Қажымұқан балуанның қолданған заттарын көрсету

1 – суретте Қажымұқан балуанның аренадан қос өркешті нар түйені арқасына асып түскен кезі
2 – суретте Балуанның қарт шағындағы жеңіске жеткен кезі
3 – суретте Қажымұқан балуанның киген жидесі
Шығармашылық жұмыс. «Кезбе тілші»
«Егер де сен балуан болсаң...»(оқушылардың пікірі тыңдалады)
Топтық жұмыс
І топ “Балуан” сөзін топтастыру
ІІ топ Сөзжұмбақ “Қажымұқан”
Қ
а
ж
ы
м
ұ
қ
а
н

Ел басына қ... туса,
Ер сыналар.
Күлпаш әңгімесіндегі оқиға қай кезеңде болған?
Ағыбай батырға ел қандай ат қойды?
Даңқты жауынгер, әскери қолбасшы, көрнекті жазушы кім?
Қажымұқанның азан шақырып қойған аты
Мәтінде Мұқанның қарсыласы кім болды?
Қабанбай мен Бөгенбайды жырға қосқан жырау
Исатайдың 14 жасында соғысқа қатысқан баласы.
Ұлы Отан соғысына қатысқан әскери ұшқыш

Сергіту сәті: Поэзия минуты
- Балалар Қажымұқан балуан туралы қалам тербе, өлең, әңгіме жазған ақындарымыз да аз емес екен. Ендеше сол ақындардың өлеңіне кезек берсек.
Сәкен Сейфуллин «Өрдеш төс, білеу дене, шойындай сом»
Қадыр Мырза Әлі Бұлшық еті даланың
Әбдіраштың ЖарасҚаны Келсе жұртқа танытқың...

Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру тест»
1916 ж. Ашаршылық кезең “Күлпаш”
1930 – 32 жж. Азаттық жолындағы Тоқаш Бокин
1937 – 38 жж. Желтоқсан оқиғасы
1941 – 45 жж. Ұлы Отан соғысы
1986 ж. Сәкен Сейфуллин “Мәңгі жасар өмір”

Топтық жұмыс
І топ Қажымұқан сөзіне 5 жолды өлең
• Кім? Қажымұқан.
• Қандай? Күшті, жауырынды.
• Не істеді? Күресті, өгізшені бір өзі көтерді, жеңді.
• Сөйлем. Қажымұқан – қазақ халқының мақтанышы.
• Мағыналас сөз. Балуан.

ІІ топ Мақал – мәтелдер (спорт, денсаулық туралы)
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
- Бүгінгі таңда балуан ағаның ізін басып келе жатқан қандай ізбасарларын білесіңдер?
- Айта кететін болсақ Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ибрагимов т. б

Салауатты өмір салтын ұстану. Денің сау болу үшін не істеу керек?
- Ерте тұру
- Спортпен шұғылдану
- Денені таза ұстау керек
- Таза ауада серуендеу.
Қазір елімізде балуандарға байланысты не өтіп жатыр?
2015 жылы 4 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ФИНАЛДЫҚ сыны өтіп, еліміздегі ең үздік балуаны анықталды. Алтын белбеу иегері - Бейбіт Ыстыбаев
Шаршы алаңда Қызылордалық Руслан Әбдіразақов жамбылдық Бейбіт Ыстыбаевпен өзара бәсекеге түскен еді. Бұл додада 2015 жылғы «Қазақстан Барысынан» Бейбіт басым түсіп, финалда жеңген болтын.

Қорытындылау:
«Білім бәйтерегін» көтеру
- Балалар сендер қандай ағашты көріп отырсыңдар?
- Жапырағынан айырылған ағашты
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше осы ағашты гүлдендіру үшін сүрақтарға жауап беру арқылы жапырақтарын жабыстырайық
- Мәтінде кім туралы әңгімелейді?
- Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім болды?
- 1941 - 45жылдары қандай оқиға болды?
- Жекпе – жек немен аяқталды?
- Өтіп жатқан бөлім қалай аталады?
- Соғысқа қатысқан басқа қандай батырларды білесің?
- Қажымұқан жинаған ақшасын не істеді?
- Өткен сыныпта Қажымұқан туралы қандай әңгіме өттік?
- Қандай балуандарды білесің?
- Қандай батырларды білесің?

- Балалар ағашымыз жапыраққа толып гүлденді, сендер де осы ағаш сияқты бұтақтарынды кеңге жайып, биіктерден көріне беріңдер дей отырып, Қажымұқан балуанның батасын алғанды жөн көріп отырмын.
Қажымұқан атаның батасы
Биік болсын мақсатың,
Ұзақ болсын жақсы атың.
Өз халқыңа адал бол,
Дала гүлі жас батыр.
Намысы гүл жас батыр,
Өз ортаңның дүрі бол.
Көпке ұнап істерің,
Жүзге дейін тірі бол.
Әумин!

V. Рефлексия. Кері байланыс
Бағдаршамның түстеріне жабыстыру
Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....
Меніңше мен........ орындай алмадым, өйткені.....
Бағдаршам арқылы, бармақ арқылы, фишка арқылы, топтар арасындағы бағалау

Мұғалімі: Қалымбет Тоғжан
М. Тәнекеев. Қажымұқан жүктеу
3 165
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - Қазақ даласының батыры
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - Қазақ даласының батыры
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан — Қажымұқан Мұңайтпасов
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Алып Қажымұқан палуан өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету. Есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.
Сабақтың тақырыбы.Балуан
Сабақтың тақырыбы.Балуан
Мәтінді түсініп оқып, Қажымұқанның өмірі мен күрестегі жеткен жетістіктерін үлгі ету, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Ғажайып адам
Ғажайып адам
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» әңгімесі
Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» әңгімесі
Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т. Б.
М. Тәнекеев. Қажымұқан
М. Тәнекеев. Қажымұқан
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Турсынбекова Халида Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×