Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбелек және инелік

17 мам 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Көбелек және инелік
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Экология негіздері
Әдіс - тәсілі: әңгімелесу, саяхат, түсіндіру, сұрақ - жауап, тапсырма.
Мақсаты: Жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру.
Көбелек және инелікпен қысқаша таныстыру. Жәндіктер бейнесін қағаз бетіне жапсыру арқылы, саусақ маторикасын дамыту. Жәндіктер тіршілігіне қызығушылықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс және сабаққа даярлық:
Жәндіктер тіршілігі туралы әңгімелесу.
Билингвизм: Жәндіктер - насекомые - insects
Көбелек - бабочка - butterfly
Инелік – стрекоза - dragonfly

Мотивациялық қозғаушы
Балалар әсем әуенмен залға кіреді. Бүгін біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр, қане бәріміз қонақтармен амандасайық.
Амандасу.
Шаттық шеңбері.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Лучик, лучик золотой
Луч везде и луч со мной.
Добро в тебе добро во мне
Добро кругом на всей земле.
Ай кән сей хеллоу
Ю кән сей хеллоу
Ай кән сей хеллоу төу ю
Ю кән сей хеллоу төу мей.
Хеллоу, хеллоу төу ю.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атайықшы?
- Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Ұйымдастырушы ізденушілік
- Ендеше балалар табиғат аясына серуендеп қайтайық.
Табиғат қандай тамаша...
- Балалар қараңдаршы?
Табиғатты тамашалап суретші сурет салып отыр екен.
Жақынырақ барайықшы.
Суретші:
- Саламатсыздарма балалар!
- Қандай әдемі балаларсыңдар!
- Қай балабақшадан келдіңдер?
- Топтарыңның аты қандай?
Тәрбиеші:
- Суретші сіз нені тамашалап, суретін салып отырсыз?
- Біздердің де көбелек пен инелік туралы білгіміз келеді?
Суретші:
Көбелектер екі түрге бөлінеді.
«Күндізгі» және «түнгі»
Күндізгі көбелектердің түсі қанық, әдемі болады. Сол себепті олардың гүлге қонып отырғаны көрінбей де қалады. Көбелектердің қанаты нәзік болып келеді. Ал түнгі көбелектер түнде ғана ұшып жүреді. Сондықтан да олардың түсі қанық болмайды.
- Көбелектер қалай ұшады?
- Қане бәріміз көбелектерше ұшайық. Олар дыбыстарды жақсы естиді. Көбелектердің табиғатқа әкелер пайдасы бар. Олар гүлдердің көбейіп өсуіне көмектеседі. Олар гүлдермен қоректенеді.
Көбелек және инелік жүктеу
2 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Жәндіктер тіршілігі
Жәндіктер тіршілігі
Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді тере кет, Жаңбыр жаушы себелеп, Тақияның астына Тығыла ғой көбелек.
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
Көбелек пен инелік
Көбелек пен инелік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×