Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасөрен (жарыс)

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп

Мақсаты: 1) Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.
2) Ақыл - ой өрістерін жан - жақты дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
3) Оқушыларды ұйымшылдыққа, татулыққа, шапшаңдыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар т. б.
Әдісі: СТО технологиясының стратегиялары.
Барысы: I Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды, топтарды орналастыру
II. Негізгі бөлім
Сәлеметсіздер ме, жиналған көпшілік? Бүгін онкүндіктің 8 - күні 2 - сыныптықтар арасында өткізгелі тұрған «Жас өрен» атты топтың жарысымызды бастаймыз. Ойынға екінші сыныптардан 2 топ қатысады.

I - топ Алғырлар
II - топ Тапқырлар
Ортаға құрметпен топтарды шақырайық.
Ал, келіңдер, келіңдер.
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп
Ойынға қатысып көріңдер.
Ортаға қошеметпен топтарды шақырамыз.

ІІ. Мағынаны тану.
Жарыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.
І. Таныстыру (аты, ұраны, мүшесі)
ІІ. Білгенге маржан киелі сандарды атаймыз.
ІІІ. Математикалық жұмбақтар.
IV. Санамақтар.
V. Ойлан, тап.(шығармашылық тапсырмалар)
VI.«Кім жылдам»?(ескерткіштерге гүл шоғын қою)
VII. «Кел ойнайық»(геометриялық фигуралардан машина құрастыру).

Ашық жарқын жүзді.
Әділқазылар біздің
Таңдап баға берерге
Шақырайық төрімізге дей келе,

Жарысымызға әділ баға беру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Қалиева Жадыра, төртінші сынып мұғалімі Қалнияз Б. апайларымызды қошеметтеп ортаға шақырамыз.
Енді кезекті жарысымызға берелік.
Таныстыру
І - топ «Алғырлар»
Ұраны. Оқу - білім бұлағы.
Білім өмір шырағы.
ІІ - топ «Тапқырлар»
Ұраны: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

ІІ. кезең. Білгенге маржан
Бәйге түйіп жарыспай
Жүйріктік бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда дегендей кәзір осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп ортаға салайық.
Киелі сандарды атайықшы?...

Әр топқа топтастыру тапсырылады және білгендерінше жеке-жеке тоқталады.
«7» саны «3» саны

III. Математикалық жұмбақ.
Көп білетін оқушы,
Мына бізге келіңдер.
Жұмбақтың тез жауабын,
Дұрыс шешіп беріңдер.

1. 12-ге жетіп, жүрген кері кетіп
Әр жылдағы қалыпты. Бұл не?
(1 жылдағы күн) - 365, 366
2. Жоқ өзінде бас та,
Қол да, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Әр қайсының құны бар.

Көрермендерге жұмбақ
1) Басы жоқ 2 беті, 100 тісі бар,
Қақ бөлер бөренені өз күші бар.
2) Үш көзді батыр.
Жолды аңдып жатыр.

ІҮ. Санамақтар
Көрермендерге көңілді санамақ.
2 – екі
Баласына ж 2 – ріп,
Ұрысып жатыр к 2 – лік.
2 – леніп, с 2 – лік
Алып қапсың 2 – лік.
2 – нішілей 2 – ңді
Көрсетпе деп ж 2 – рді.
«Көңілді санамақта» қандай құс туралы айтылған?

Ү. Ойлан тап..

ҮІ. Кезең Кім жылдам?
Балалар елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей: биыл Ұлы Жеңіске 65 жыл, тарихымыздағы маңызды күн деген болатын. Бізде жеңістің 65 ж. мерейтойына өз үлесімізді қосайық. Соғыста қаза тапқан аталарымызды құрметтеп ескерткішке гүл қоялық.
Шарты: Гүлдегі өрнектер нәтижесі 65-ке тең болатынын есептеп, ол гүл ескерткішке қойылады.

VII. Кел, ойнайық!
Геометриялық фигуралардан зат пішінін құрастыру.

І - топ ІІ - топ
Әділқазы қорытындылары
Көрермендерге тапсырма
Математикалық жаңылтпаш, өтірік өлең білеміз бе?

Жаңылтпаштар.
1. Ұшып кетті 3 құс.
Ұшып келді ұшқыш.
2. Жоғалды 5 шыбыш
Жоғалды еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды 5 шыбыш.
Өтірік өлеңдер.
8 - де қасқа атанып,
Қарызға алып шаш ектім.
90 - да тауды қопарып.
Күшімді көкке паш еттім.
М. Әлімбаев.

III. Ойтолғаныс.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады.
Досың солар табылатын қасыңнан.

Құрметті қонақтар!
Біздің бүгінгі 2 - сыныптықтар арасында өтілген «Жас өрен» топтық жарысымыз аяқталды.
Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз
Білімдерін күшейіп, дами берсін:
Қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!
5 668
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зерде танымдық ойын
Зерде танымдық ойын
Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" МКҚК дене тәрбиесі маманы Амиров Әділ
Жас информатиктер
Жас информатиктер
ОҚО, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында, С.Қожанов атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Шайхстамова Калима Ибраена
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада Ибадуллақызы
Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар
Қостанай облысы, Рудный қаласы №7 орта мектебі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×