Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зергер

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы , Қазалы ауданы,Бекарыстан би ауылы
№ 24 орта мектеп Ысқақ Шамсия

Тақырыбы: Зергер
Мақсаты: Өлеңнің тақырыбын ашу, мазмұнын меңгерту.
Міндеттері:
Білімділік: Өлеңді оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытады және шығармашылық ізденіске баули отырып өз - ойларын ортаға салады.
Дамытушылық: Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорына қолдану, тіл байлықтарын молайту және оқу шапшаңдықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Мамандық түрлеріне қызығушылығын арттыру, мамандық иелерін құрметтеуге, ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта Фариза портреті, «Дауа» өлеңдер жинағы. Сиқырлы таяқша
Әдісі: Түсіндірмелі, ой ашар, эссе, 5 жолды өлең, , топтастыру, көрнекілік, ой қозғау т.б
Түрі: Ойын сабақ
Типі: Жаңа білімді игерту
Пәнаралық байланыс: Еңбек, бейнелеу, дүниетану т.б
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
«Он саусақ», «Рольдік ойын» Ш.Смаханұлы өлеңін жаттау. Әрбір шумағына ат қою.
Кім болам ? эссе жазу.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
Тұжырым: Еңбек еткен адамның
Еңбектері жанады
ІУ.Жаңа сабақ
І. Ой ашар
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас тіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ жол самақ

Ой қозғау.

- Зергерлік бұйымдар кімдер білезік жасайды?
- Зергер
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ф.Оңғарсынова апамыздың «Зергер» атты өлеңімен танысамыз.

ІІ.Мағынаны тану
1. Автор туралы мағлұмат.

Бұл кім?
Автор
Шығармалары

1939 жылы ақпанда дүниеге келген. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, халық жазушысы, қоғам қайраткері

“Зергер”
“Далам менің”
“Айша бибі”
“Дауа” өлеңдер
жинағы

Фариза қазір неше жаста? Т.б
А) Өлеңді мәнерлеп оқу түсіндіру
ә) Ондағы негізгі оқытуды табу.

3) Тізбектеп оқыту / кітап оқу әдісі /
4. «Кім болам? » ойыны

Шарты. Ақын өлеңін жатқа айту арқылы тіл байлығын жетілдіру. Өлеңді шебер айтып берсе, қалаған мамандықты меңгеруге тырысты деп есептелді.
5. Ойын «Сақина салу»
1) Өлеңде қай мамандық жөнінде айтылған?
2) Зергер не істейді?
3) Зергерлік сені несімен қызықтырады?
4) Зергерлеп, өнерлеп айналысатын қағаздарың бар ма?

ІІІ Ойтолғаныс
1 қатар
Кім жылдам ойыны?
2 қатар
ЭССЕ жазу
3 қатар
Зергерлік бұйымдардың суретін салу.

5 жолды өлең
1. Зергер Зат есім /1 сөз/
2. Өнерлі, шебер Сын есім /2 сөз/
3. Жасанды, қиынды, сәндеді. Етістік /3 сөз/
4. Зергер сақинаны жасап болды Сөйлем /4 сөз/
5. Ұста Мағыналы /1 сөз/
6. Өнермен байланысы:
Біздің ауылымызда зергер бар ма?
Қолөнер шеберлері ше? Кімдер ?
Төле, Қалампыр, Манзу.

Тұжырым: Зергерлік - мамандықтың құрметтісі.
Ү. Бағалау «5» алтын алқа
«4» күміс сырға
«3» қола сақина
ҮІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап алу.
8 800
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Шона Смаханұлы "Он саусақ"
Шона Смаханұлы "Он саусақ"
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Сәбит Дөнентаев "Уақ - Түйек" өлеңдер жинағы
Сәбит Дөнентаев "Уақ - Түйек" өлеңдер жинағы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×