Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттардың орналасуы

12 қазан 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән: математика
Сабақ тақырыбы: Заттардың орналасуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1. 5. 1. 2 Заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Заттардың қалай орналасқанын, қашықтығын айтып, түсіндіреді.
Көптеген оқушылар: Заттарды бағыты, қашықтығына қатысты терминдерді қолданып анықтайды..
Кейбір оқушылар: Заттардың орнын «оң жақ - сол жақ, жоғары - төмен, ортасында, алдында, артында, ішінде - сыртында» терминдерінің негізінде анықтайды.
Бағалау критерийі1. Заттардың орналасқан орнын айта алады
2. Заттардың орындарын, бағыты мен қашықтығын терминдер негізінде анықтай алады.
Тілдік мақсаттар: Оң жақ - сол жақ, жоғары - төмен, ортасында, алдында, артында, ішінде - сыртында.
Құндылықтарды дарыту. Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс музыка, /сергіту сәті/ денешынықтыру,
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім фигуралардың орналасу ретін біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 - мин Шаттық шеңбері
Оқушылар есімдерінің алғашқы әрпінен бір - бірінен тілек айтады.
«Әліпби желісі» әдісі арқылы топқа бөлінеді
1топ - дауысты дыбыстар
2 топ - дауыссыз дыбыстар
БК - 1 Заттардың орналасқан орнын айта алады.
ТЖ;«Фигураларды анықта» әдісі
Саралау: тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі.
1 Суретте қандай фигуралар бар?
2 Не себепті суретті фигура деп ойлайсыңдар?
3 Қалай орналасқан?
1 - топқа:
2 - топқа:
Дескриптор
1 Суреттерден фигураларды табады.
2 Фигура екенін дәлелдейді.
3 Орналасуын айтады.
Бағалау: Бірін - бірі бағалайды. Геометриялық фигураларды дұрыс тапқан оқушыларға үш шапалақ, аз тапқан оқушыларға екі шапалақ соғады
Оқушылардың шеңбер жасап, бір - біріне тілек тілейді.
Суреттердегі фигураларды табады, қандай фигуралар екенін айтады.
Сабақтың ортасы
30мин БК - 2. Заттардың орындарын, бағыты мен қашықтығын терминдер негізінде анықтай алады.
ЖЖ;«Орнын анықта» ойыны арқылы саралау жүргіземін.
Шарты: оқушыларға ЗАТТАР Таратылады, сол суреттерге нұсқау бойынша заттарды орналастырады.
1 қоянның алдында тұр.
2 қоянның оң жағында орналасқан.
3 қоянның артында тұр.
4 қоянның сол жағында орналасқан.
Дескриптор
1Шелекті алдына орналастырады.
2 Жәшіктегі сәбізді оң жағына орналастырады.
3 Қасқырды артына орналастырады.
4 Бір себет орамжапырақты сол жағына орналастырады.
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жасыл – заттардың орнын айта алса сары - заттардың орнын нақты атай алмаса
қызыл - заттардың орнын айта алмаса
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі бойынша жүзеге асады.
Сергіту жаттығуларын жасату.
ДЖ; Жұмыс парағы.
Заттардың орналасуы. Мәшинелерді боя.
Алдында кетіп бара жатқан мәшинені қызыл түспен, сары мен көк мәшиненің арасындағы мәшинені қоңыр түспен боя.
Саралау: қарқын бойынша сараланады.
Жылдам орындаған оқушылар иттердің атын жазады, терминдерді қолданып әңгімелейді.
Ақтөс ортасында отыр. Оның сол жағында Ақтабан, оң жағында Бөрібасар отыр.
Жай орындаған оқушыларға түрлі түсті мәшинелерді қолданып, жүргізіп, сұрақтар арқылы қолдау білдіреді.
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі
Терминдер негізінде анықтай алса – жоғары;
Орнын, бағытын түсіндіруде терминдерді қолдануда қателессе – көлденең;
Бағытын, қашықтығын анықтатуда терминдерді сәйкес қолдана алмаса – төмен бағытты көрсетеді.
«Орнын анықта» ойынында топтарға суреттер таратылады, сол суреттерге заттарды орналастырады.
«Көңілді күн»
Бейнежазбаға қарап қимылын қайталайды.
131 - жұмыс парағындағы «Үшбұрыштарға фигураларға бөл» тапсырмасын дәптерге орындайды.
Сабақтың соңы
5 - мин
Кері байланыс. «Алдымда, артымда» ойыны.
Оқушылар алдындағы және артындағы көршісін айтады.
Мысалы: алдымда Анар, артымда Ғабит отыр.
Бекіту: Ойлан
Егер қонжық көжектің сол жағында отырса, онда көжек қонжықтың қай жағында отырады?
Бағалау: BLOB TREE ағашымен бағалау
Заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану бойынша өзінің орнын ағаш бойында белгілеу.«Алдымда, артымда» ойынында оқушылар алдындағы, артындағы көршісін айтады. Қонжықтың орнын анықтайды, іс - әрекет арқылы көрсетеді. «BLOB TREE» ағашына стикерлерді жапсырады.
Саралау Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
«Фигураларды анықта» әдісі кезінде екі топқа екі - екіден суреттер беріп, тапсырмаларды саралау арқылы фигуралардың орнын анықтайды, атайды.
«Орнын анықта» ойыны барысында жұптық жұмысты орындату кезінде саралау «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі бойынша жүзеге асады
«Заттардың орналасуы» тапсырмасын дәптерге орындауда қарқын бойынша саралап, қарқыны жоғары оқушыларға иттердің аттарын жазу, олардың орналасуын терминдерді қолданып айту тапсырылды. Қарқыны жай оқушыларға ресурс ретінде түрлі – түсті мәшинелер таратылып берілді. Оқушылар қолмен ұстап, орналастырып көру арқылы көз жеткізді. Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жасыл – заттардың орнын айта алса
сары - заттардың орнын......
қызыл - заттардың орнын айта алмаса
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі
Терминдер негізінде анықтай алса – жоғары;
Орнын, бағытын түсіндіруде терминдерді қолдануда қателессе – көлденең;
Бағытын, қашықтығын анықтатуда терминдерді сәйкес қолдана алмаса – төмен бағытты көрсетеді.
«Бағалау: BLOB TREE ағашымен бағалау
Заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану бойынша өзінің орнын ағаш бойында белгілеу. Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Заттарды орналастыру кезінде бояу құралдарын ұқыпты пайдалану.
Мәшинелермен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаты толығымен заттардың орналасуын анықтау және топпен жұмыс жасауға негізделді. Сабақ барысында топтар екі тапсырма орындады шапалақ, бағдаршам әдістерімен бағаланып отырды. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып отырды. Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Келесі сабақтарда Баспалдақ әдісі, Бес саусақ, Бір қадам алға әдістерін қолданып қең көлемде жүйелеп өткіземін.
Жалпы қорытындыда:
Сабақтың жақсы өткен екі аспектсі (оқыту мен оқу туралы) ойланыңыз
1. «Орнын анықта» әдісі
2. «Бас бармақ» әдісі
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені біледі, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?
Тренердің кері байланысынан кейін оқу мақсаты мен сабақ мақсаты бір - бірімен тығыз байланыста болатынын, тапсырмаларға дескриптор жазғанда нақты қадамды жазу керектігін ескердім. Сабақ өту барысында әріптестерімнің кері байланысында берілген оқу мақсаты аясында тапсырмаларды күрделендіріп алуды ұғындым.
Келешекте оқу мен оқытуда әдіс - тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқу мақсаттарына сай қолдануды, оқушы деңгейін көтеруді мақсат еттім.
Сыныбы: 1 
Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Баймұханова Валентина Ершегеқызы
1 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбелек. (мозаика техникасында заттық жапсыру).
Көбелек. (мозаика техникасында заттық жапсыру).
Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.
Заттардың орналасуы
Заттардың орналасуы
Заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану.
Кеңістікте бағдарлау
Кеңістікте бағдарлау
Заттардың орналасқан орнын ішінде, үстінде, астында, алдында, артында, жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта т. б. Ұғымдар арқылы айта білуге үйрету. Танымдық қабілетін жетілдіру.
Сандық есептер. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сандық есептер. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сандық есептер №1 Тақырыбы: Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Көлемді фигуралар
Көлемді фигуралар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 3. 1. 2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×