Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спорт

01 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Спорт
Сабақтың мақсаты: Спорт, Қазақстанның спортшылары туралы түсініктерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлану, өзін – өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың міндеті: Спорт, спортшылар туралы өз ойларын жеткізу, диалогтік әңгіме арқылы өз ой – пікірін еркін жеткізуді, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, олимпиада ойындарын таныта отырып, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту, салауатты өмір салтын бойына қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене шынықтыру
Қолданылатын модульдер:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалану.
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялық іс – әрекеттер: «Миға шабуыл», топтық жұмыс, «Детальдарды қосу», «Жұптас - ойлан - бөліс», «Ментальді карта» «Конверт», «Басбармақ», «Бағдаршам», «Ыстық орындық», «Бүгінгі күннің сөйлемі», рефлексия, өзін – өзі, бірін – бірі бағалауы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық жүргізу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Сәлемдесу
Оқушыларды шеңберге тұрғызу.
- Ал енді балалар дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау керек? деген сұрақты мұғалім қояды. Оқушылар. шарттарын айта отырып, бас бармақтарын бірінің үстіне бірі қойып айтады.
1) Ерте тұру керек
2) Үнемі денені таза ұстау керек
3) Артық тамақ ішпеу керек
4) Сенімді болу керек
5) Салауатты өмір салтын сақтау керек
6) Тісті күнде тазалау керек
7) Жаттығу жасау керек
8) Жалқау болмау керек
9) Зиянды заттарды жемеу керек
10) Шыдамды болу керек
11) Сергек жүру керек
12) Спортпен шұғылдану керек
( бір – бірінің басбармағын ұстау арқылы айтқызу)
- Бірге: Біз дені сау ұрпақ боламыз! – хормен айтып, қолдарын жоғары көтеру

II. Топқа бөлу.
- (Суреттерді құрастыру арқылы бөліну ( пазылдар) Аю, қоян, барыс)
- Сынып 3 топқа бөлінеді.
1 - топ «Аюлар тобы»
2 - топ «Қояндар тобы»
3 - топ «Барыстар тобы»
- Мың қосшыға бір басшы. Сондықтан жұмыс тобында көшбасшыны сайлап алыңдар, ол сендерді сабақ барысында бағалап отырады.
- Балалар, топқа бөліну үшін қолданылған кейіпкерлер бүгінгі сабағымыз үшін маңызды.

III. Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-«Дене тәрбиесі» сабағы қайда өтеді, онда не істейсіңдер?
-«Дене тәрбиесі» сабағы баланы неге жаттықтырады?
Жұптас - Ойлан - Бөліс стратегиясы бойынша осы сұрақтарға жауап береміз.
Сөздікті «Детальдарды қосу» әдісімен тексереміз
Дене тәрбиесі сабағы – урок физкультуры
Жүгіремін – побегу
Секіремін - прыгаю
Шынығамын - закаляюсь
Жаттығу - упражнение
(флипчарт арқылы детальдарды тауып, қосу )

IIІ. Қызығушылықты ояту кезеңі. Тұсаукесер
«Ассоциация» стратегиясы. Сабақтың тақырыбын оқушыларға анықтату мақсатында интербелсенді тақтадан тақырыпқа тікелей қатысы бар слайд - видеоны көрсетемін.
- ІV. Жаңа сабақ (Слайд - видео)
- Жақсы балалар, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айқындау үшін тақтаға назар аударайық.
- (Слайдта спортшыларымыз туралы бейнеролик көрсетілді. Бұл бейнеролик балалардың Отан, туған жері үшін патриоттық сезімдерін оятуға көмектесті)

«Миға шабуыл» стратегиясын қолданып, түрткі сұрақтар қою:
- Слайдтан нені көрдік, сабақ басында топқа не арқылы бөліндік?
- Аю, барыс, қоян арқылы.
- Олардың біздің сабағымыз үшін қатысы бар ма?
- Иә, ол Сочидегі олимпиада эмблемасы.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ендеше, сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Спорт
Оқушының іс - әрекеті
Оқушылар тақтадағы бейнежазбаны тыңдайды, өз ойларын айттып, топқа бөліну кезіндегі суретті естеріне түсіріп, тақырыпты ашады.
- Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «СПОРТ» деп аталады.
- «Спорт» дегенді қалай түсінесіңдер? Топтастыру әдісін пайдалана отырып, ментальді карта жасап көріңдер.
Спорт

- Балалар жасаған ментальді карталарын қорғайды.
- (Әр топтың оқушылары шығып, жобаларын қорғайды)
(Формативті бағалау «Басбармақ»)

- V. Сөздікпен жұмыс.
- Ендеше «Спорт» тақырыбына берілген жаңа сөздермен танысайық.
Спортивные игры - спорттық ойындар
Спорттық кешен – спортивный комплекс
жеңімпаз - победитель
жанкүйер - болельщик
мәнерлеп сырғанау – фигурное катание
жүлде - награда
(интерактивті тақтада жазылып тұрады, оқиды, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру)

VІ. Сергіту сәті.
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды созайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары – төмен қарайық,
Қолымызды созайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір шынығып алайық.
(әуен арқылы қимылмен көрсету)

VІІ. Мәтінмен жұмыс.
Стадионда.
Қала ішінде үлкен стадион бар. Стадионға көп адам келеді. Олар – спортшылар мен жанкүйерлер. Стадионда әр түрлі жарыстар өтеді, әр түрлі ойындар ойнайды. Балалар екі командаға бөлініп, футбол ойнайды. Ал қыздар секіртпемен секіруден жарыс өткізеді.
(аудио жазба арқылы мәтінді тыңдату)

VІІІ. Жазба жұмысы.
1 - топ «Аюлар тобы»
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударады «Жұптас - Ойлан - Бөліс» стратегиясын қолданады.
2 - топ «Қояндар тобы»
«Конверт» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап береді
1) Қалада не бар?
2) Стадионға кімдер келеді?
3) Стадионда не өтеді?
3) Балалар не ойнайды?
3 - топ «Барыстар тобы» «Спортшы» сөзін тәуелдеп жазады
(Формативті бағалау «Бағдаршам»)
IX. Бекіту сабағы (слайд )
«Салауатты өмір салтына» нелер жатады? Біздің денсаулығымызға не пайдалы, не зиянды? Флипчарт арқылы жұмыс (Суреттер арқылы)

(Денсаулыққа зиянды заттарды қара жәшікке алып тастайды)
- - Сонда біздің денсаулығымыз үшін не пайдалы екен?
- (қалған суреттер арқылы оқушылардың өз ойын айтқызу)
X. Қорытынды «Ыстық орындық» әдісі арқылы.
(Әр топтан көшбасшылары шығып, орындыққа отырып, сұрақтарға жауап береді)
Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою:
Оқушының іс - әрекеті
Топ көшбасшылары ортада тұрған орындыққа отырып, жаңа сабақ бойынша сұрақтарға жауап беруге тиіс.
1.- топ:
1) Бүгін қандай тақырыппен таныстыңдар?
2) Қандай спортшыларды білесің?
3) Дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау керек?
2 - топ:
1) Қандай қысқы спорттық ойындарды білесің?
2) Денис Тен қай спорт түрінің жеңімпазы?
3) Сочиде өткен олимпиаданың эмблемасы қандай?
3 - топ:
1) Стадионға кімдер келеді?
2) Спортивные игры сөзінің аудармасын айт
3) «Салауатты өмір салтына» нелер жатады?

XІ. Рефлексия «Бүгінгі күннің сөйлемі» стратегиясын қолдану
(Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтың тақырыбын ашатын бір сөйлем жазады және айтады)

XІІ. Бағалау: Бағалау парағы. Топ көшбасшылары топ оқушыларын бағалайды
Бағалау парағы.

«Балқаш қаласы Н. К. Крупская атындағы
ЖББМ №4 орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Касымова Айнур Нурбековна
Спорт. жүктеу
1 891
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Химиядан қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Химиядан қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Органикалық заттардың ерекшелігі мен маңызы. А. М. Бутлеровтың құрлыс теориясы. Органикалық заттардың ерекшелігін ажырата білу, құрылымдық формуланы жазып уйрену.
Спорт. Тәуелдік жалғау
Спорт. Тәуелдік жалғау
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Н. К. Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Касымова Айнур Нурбековна
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×