Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қауырсыннан құрастыру

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия

Тақырыбы: Қауырсыннан құрастыру
Мақсаты: 1. Оқушыларды қауырсыннан әртүрлі заттар құрастыруға үйрету қажетті құрал жабдықтармен таныстыру.
2. Әсемдікті сезінуге және ойлау қабілетін жетілдіріп, шығармашылығын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты игерту
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, практикалық

Көрнекілігі: құс қауырсыны, сым темір, ПВА желімі, гуашь.

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылар назарын сабаққа аудару
Ә) үй тапсырмасын сұрау, бекіту

II. Жаңа сабақ: Қауырсыннан құрастыру
А) Қызығушылықтарын ояту: Әбдірахман Асылбековтің «Үйрену» өлеңін оқу
Ұзын құйрық инелік
Инелікке тимелік.
Тікұшақты жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Бұлбұл үнін қаншалық
Тыңдап жүрдік тамсанып
Ақырында үйрендік
Тамылжыта ән салып.
Аяз шебер суретші,
Салады әсем суретті.
Терезені оюлап,
Өрнектеуді үйретті.

Ә) Мұғалімнің түсіндірмесі: Мұқият қараңдаршы, шеберлердің қолынан шыққан, қауырсыннан жасалған бұйымдар қандай әдемі! Олардың табиғаттан үйренгендігі бірден көзге түседі.
Жұмыс барысында әр түрлі құс қауырсындарын пайдалануға болады. Жұмысты бастамас бұрын қауырсынды жуып, кептіріп, тарау керек. Қазақ халқы дәстүрі бойынша домбыраға, тұскиізге, тақияға, балалар кеудешесіне үкі қауырсыны тағылады.

III. Оқулықпен жұмыс: Гүлдің жасалу ретімен танысу.
Сабағын ұзынырақ сым темірден жасаймыз. Оны гофрирленген жасыл қағаз жолағымен ораймыз (4 - сурет). Сегіз кішкене, сегіз үлкен қауырсын таңдап аламыз (5 - сурет).
Жіңішке алты сым темірді гофрирленген сары қағаз жолағымен ораймыз. Осылайша гүлдің аталық бөлігін жасадық. Олардың ұшын ПВА желіміне маламыз. Содан соң ұнтақ жармаға батырып алып, қызыл түсті гуашпен бояймыз (6 - сурет).

Дайын болған аталық бөлігін сабағына жіппен (7 - сурет) байлаймыз. Ал кішкене мамық қауырсындарды гүл шоғырына орнатамыз. Сонымен гүл жапырақшаларының өзегі дайын болды.
Үлкен сегіз қауырсынды кішкене жапырақшалардан сәл төменірек орналастырамыз. Қосылған жерлерін гофрирленген жасыл қағаз жолақшасымен ораймыз.
IV. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп-биік боп өседі.
V. Өздік жұмыс: 2 - 3 - суреттерге қарап аққулар мен күшікті өздігіңнен құрастыр.
VI. Ой толғаныс: 2 - 3 - суреттегі бейнелер туралы не айтуға болады?
VII. Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау
VIII. Үйге тапсырма: мамықтан желім қолданбай аппликация құрастыр
10 014
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Құстардың ұя салуы (ертегі)
Құстардың ұя салуы (ертегі)
Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Оқушыларды жаңа әріппен таныстыру, буын арқылы талдау жасату. Сауаттылыққа тәрбиелеу, мәтінді сын тұрғысынан меңгерту
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Материалмен жұмыс ойыншықтың пропорциясымен жұмыс істеу
Материалмен жұмыс ойыншықтың пропорциясымен жұмыс істеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Зергер
Зергер
Қызылорда облысы , Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектеп Ысқақ Шамсия Тақырыбы: Зергер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×