Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қандай көлік түрлері бар?

03 маусым 2021, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Қандай көлік түрлері бар?»
Күні: Дүниетану: 
Сынып: 2 «А»Қатысқан: 23Қатыспағандар:
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары2. 1. 4. 1. Көліктің түрлерін ажырату және олардың қолданыстағы маңызын білу.
2. 1. 4. 2. Қоғамдық көлікте жүріп - тұрудың ережелерін білу.
Сен көліктің түрлерімен танысасың.
Оның адамдарға қандай пайдасы барын білесің.
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар білуге тиісті:
«Көлік» түсінігінің мағынасын түсінеді. Көліктің қажеттілігін анықтап айта алады.
Оқушылардың көпшілігі: Қоғамдық көлікте жүріс - тұрыс ережелерін сақтайды. Көлік түрлерін ажыратып айта алады.
Кейбір оқушылар:
Бұрынғы және қазіргі кездегі көліктің түрлерін салыстырады.
Бағалау критерий:
(жетістік критерийлері,
табыс критерийлері,
күтілетін нәтиже)
1. Көлік түрлерін ажырытып оларды салыстырады.
2. Көліктердің пайдасы мен зиянын ажыратады.
3. Олардың қолданыстағы маңызын біледі.
4. Қоғамдық көлікте жүріп - тұрудың ережелерін біледі.
Әдіс - тәсілдерЖеке, жұптық, топтық 
Тілдік мақсатОқушылар орындай алады:
Көлікті біледі, атауларын атау
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Тоқта!
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Көлік түрлері болама?
Не себепті …. деп ойлайсыз?
ишара: көлік рөлін бұрып, жүргізу.
Құндылықтарды дарытуҮлкенге құрмет, кішіге ізет. Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық дағдысын қалыптастыру.
Пәнаралық байланысҚазақ тілі. 
Алдыңғы оқу:Көлік түрлерін біледі.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Басы
5 мин
Психологиялық ахуал
- Aрмысың досым,
Кел, мaғaн қосыл (қолымен шaқырaды). Aлaқанға сaлып aлaқaн,
Шеңберге бірге тұрaйық (қолдaрынaн ұстaйды). Жер шарындай aйнaлып,
Әлемге жaрық ұқсaйық (aйнaлaды).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын aлaйық (қолдaрын көкке созaды). Ортaмыздa күн нұры,
Құшaққa оны aлaйық (құшaқтaсaды)
Топқа бөлу. «Таңдау» әдісі
Әр түрлі ойыншық көліктер арқылы топқа бөлу.(Кеме, машина, ұшақ, ат.)
Аудио жіберіледі: Құрметті оқушылар! Дүниетану және өзін - өзі тану пәні бойынша сабағымыз басталады. Өз орындарыңызға жайғасып, тыныштық сақтауларыңыз сұралады.
Тыныштық сәті:
Алдыңғы сабаққа шолу жасау. «Менің ауылым. Менің қалам»
«Дұрыс - бұрыс әдісі»
Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты игергендерін анықтаймыз.
1. Біздің туып өскен жеріміз туған жер деп аталады.
2. Қалада егін егеді, мал бағады, жеміс - жидек өсіреді
3. Шағын елді мекеннің табиғатын, тарихы мен мәдениетін Өлкетану ғылымы зерттейді.
4. Ауылда әдемі биік үйлер бар.
ҚБ: мадақтау
Дискриптор
Сұрақтарға сәйкес өз жауабын қима қағазды көтеру арқылы көрсете алады.
Ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты айыра алады.
Жаңа сабақ.
Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы «Ребус» көрсетіледі.
КӨЛІКТЕР сөзі шықты.
ҚБ: Жолаушы арқылы бағалау.
Осы ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Дәптермен жұмыс. Дәйек сөз.
Видео. Көліктер жайлы.
Оқушылaрдың қaжеттілігін қaнaғaттандыру.
1 - тaпсырмa. ҰЖ. 2. 1. 4. 1. «Ашық сұрaқ» әдісі.
1. Біз атаған көліктер қайда жүреді?
2. Олардың маңызы туралы айтып өтейікші?
3. Қандай басқада көлік түрлерін білеміз?
Дискриптор.
1. Көліктердің суда, жерде, әуеде жүретінін атайды, ажыратады.
2. Көлік түрлерін атайды.
3. Көліктердің маңызын айта алады.
4. Бұрынғы көлік түрлерін атап айырмашылықтарымен салыстыра алады.
ҚБ: Жолаушылар
Көлік - бұл адамдар мен жүкті бір жерден екінші жерге тасымалдайды.
Ертеде ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан кейін үй жануарларын пайдаланып ұстап, үй жануарларын жеккен. Түйе, жылқы, малдарын ұстаған. Шығыс халықтары есек, бұғы, бұқа көлік ретінде пайдаланған. күйме арба, ат арбаны шөп, ауыр жүкті салып тасыған екен. Қазіргі уақытта көліктердің бірнеше түрлері бар. Біздер білемізбе балалар?
Топ атауы жазылған парақшалар
Көлік суреттері бейнеленген қима қағаздар


 
Әр оқушының қолына көк, қызыл шеңбер.
интербелсенді тақта
Жазылым
Оқылым
ОртасыСaрaлaу тәсілі
ЖЖ 2. 1. 4. 1.
«Конвeрт» әдiсi бойыншa. Әр топ өз көліктері туралы мәліметтерді оқып шығады. Пайдасы мен зиянын қабырғаға жабыстыру. Әр топ өз көліктерін Үш тілде атайды.
- Көліктердің пайдасы көп па әлде зияны көп па?
ТЖ. 2. 1. 4. 1. 2. 1. 4. 2.
Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс:
1 - топ Суреттер. Әуе көліктерінің суреттерін жинақтау.
2 - топ. Мозайка құрастыру. Жер көлігінің суретін мозайкадан құрастырып шығару.
3 - топ. Су көлігінің суретін бояу.
4 - топ. Өз қиялындағы көліктің суреттін салу.


 
1 - топ 2 - топ
3 - топ 4 - топ
Дескриптор:
- Көлік түрлерін белгілейді; атайды;
- көлік түрлерінің ерекшелігін, олардың маңызы туралы әңгімелейді.
- көліктің маңыздылығын ажыратады, көліктің қажеттіліктерін жазады
ҚБ: Жолаушылар
Жұптық жұмыс 2. 1. 4. 2.
1. Автобусқа қалай кіреміз?
2. Автобуста өзіңді қалай ұстайсың?
3. Автобустан қалай шығу керек?
4. Автобуста міндетті қағидаларды жаз.
5. қозғалыс кезіндегі автобуста сақталатын қауіпсіздік ережелері жайлы жаз. /өз нұсқаларыңды да қосуға болады/
ҚБ: жолаушы арқылы бағалау.
Белсенді оқу.
ТЖ 2. 1. 4. 2. «Кел саяхаттайық» әдісі
Оқушылар саяхатқа шыққымыз келеді ме? Ендеше қай қалаға барғымыз келеді? Ол қалаға жету үшін қай көлік түрін таңдар едіңдер?
Ендеше ол көлікпен жету үшін сендерге сұрақтар беріледі егерде дұрыс жауап берсеңдер біз сол қалаға жететін боламыз.


 
1. Жер, су, жолаушылар көлігі болады.
2. катер, қайық, кеме өзен көлігі ме?
4. Бір қаладан екінші қалаға бару үшін әуе көлігін қолданамыз ба?
5. Жылқы малы – өткеннің көлігі?
6. Көлікте мүгедек және егде адамдарға, кішкентай балаларға орын ұсыну керек?
Ендеше оқушылар біз таңдаған көлік туралы мәліметті бейне ролик арқылы тамашалайық
Интербелсенді тақта арқылы 
Соңы Үй тапсырма: Оқушы дәптеріндегі 2 - 3 тапсырма
Рефлексия
Бүгінгі сабақта көлік туралы мағұлмат алған уақытта қай көліктің жолаушы болдыңыз?
Суреттер:
Тікұшақ
Машина
Велосипед
осы суреттер маңына барып тұруларыңыз сұралады.
- Не себепті осы көлік тұсына бардың?








Қосымша мәлімет
«Конверт» әдісі», «Ашық сұрақ» әдісі, «Саяхаттайық» әдісі, Көлік туралы видеоролик
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Дұрыс/Бұрыс» стратегиясын пайдаланып «Жұмбақ» шешу әдісін қолдандым.
«Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру» тәсілі, «Ашық сұрақ» әдісі арқылы оқушылар көлік түрлері мен маңызын айта алады. Саралау оқыту тәсіліне «Конверт» әдісі бойынша оқушылардың деңгейіне қарай үш топқа 3 түрлі тапсырманы саралап бердім. Белсене оқу тәсіліне «Кел саяхаттайық» әдісін пайдаландым.
Қолдау көрсетуді қажет ететін оқушыларға жетекші сұрақтар қоя отырып, оқу мақсатына жетуге септігін тигізді. Қолдауды қажет ететін оқушылар таным деңгейі жоғары оқушылармен жұптастырдым. Сол жұбының қолдауымен оқушыға тиімді әсерін тигізді, тақырыпты жақсы меңгеруге ықпалын тигізді.
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?Бағалауда ынталандыру мақсатында мадақтау жүреді, белсенді оқуда жеке оқушыны бағдаршаммен, ал топтар шапалақтау әдістері арқылы бірін - бірі бағалау жүреді. Кері байланыс кезінде отшашу әдісі арқылы бағалау жүргізілді.
Пәнаралық байланыстар
Денсаулық жəне қауіпсіздік

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Оқу мақсатым дүниетану бағдарламасынан алынды. Оқушылар көлік түрлерімен оның маңызын білді.
Саралау тапсырмасы тиімді болды. Жетекші сұрақтарды қою арқылы оқушылар білімдерін толықтырып отырды.
40 минут ішінде бәріне үлгердім деп айта аламын.
Әлде де шығармашылық тапсырмалар, ойындар енгізуім керек.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Конверт» әдісі
2. «Кел, саяхаттайық» әдісі
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Миға шабуыл» стратегиясы
2. «Көлік туралы» видеоролик
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.
4 112
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Мақсаты, міндеттері, білімділік: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Олардың түрлерін танып, атауға үйрету Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту. Тәрбиелілік: балаларды
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Көлік түрлерімен таныстыру, ҰОҚ - де үйренген көлік түрлерін атай алады, сұрақты түсінеді, өзінің немен және кіммен баратынын айта алады.
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Күнделікті өмірдегі көліктер
Күнделікті өмірдегі көліктер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Болысбаева Майгүл
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×