Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаттағы су

22 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы

Дүниетану, 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы Табиғаттағы су.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Табиғаттағы су туралы мағлұмат бере отырып, алған білімдерін күнделікті өмірден білетіндерімен байланыстыра, салыстыра білуге үйрету.
2. Дамытушылық мақсаты: Судың адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы ойларын білу, ой - өрістерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, табиғаттың жанашыры бола білуге, әр нәрсені үнемдеудің тиімділігін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой жинақтау, түсіндіру, көрнекілік.
Көрнекілігі: жарты шарлар картасы, шыны ыдыс, су, мұз.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, музыка.

Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II Жаңа сабақ
1. «Ой қозғау» стратегиясы
Оқушылардан су туралы білетіндері сұралады.
Су ----- түссіз, мөлдір, сұйық, ағады, жұғады, т. б.
2. Оқулықпен жұмыс Картадан су алып жатқан жерлерді көрсету. Жайық өзені туралы түсінік беріледі.
«Жайық» сөзіне сатылай кешенді талдау.
1. Анықтама
2. Тану.
2 - 1. Географиялық орны
2 - 2. Ағысы
2 - 3. Қоректенуі
3. Салыстыру
4. Экологиясы
5. Нәтиже
3. Шығармашылық жұмыс
«3» санына сатылай кешенді талдау.
Есіңде сақта!
Су - табиғат байлығы, тіршіліктің қайнар көзі.
Жердегі тіршілік және табиғат құбылыстары сумен байланысты екенін оқушылар өзара талдайды.
4. «Сен білесің бе?» айдары бойынша оқушыларға парақшалар таратылады.

Су туралы таңғажайып деректер
1. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге 2 - 3 литр су жұмсайды. Соңғы зерттеулер бойынша адам организмінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Краннан 1 кесе су алдың.
- Суды ішуге бола ма?
- Жоқ.
- Неге ішуге болмайды?
- Себебі су құбырларын тат басады, тесіледі, сол жерлерден ластанған, уланған судың ішінде түрлі микробтар, улы заттар болады.
2. Жердің 3/4 бөлігін су алып жатыр. Мұхиттар бүкіл жердің 97% суын құрайды және үшеуі бірігіп (Тынық, Атлант, Үнді) 350млн. Шаршы км. Аумақты алып жатыр.
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит - Тынық мұхиты. Әлемдегі ең үлкен көл - Каспий теңізі.
4. Осы күні мұз болып жатқан Солтүстік Мұзды мұхиты 5 млн. Жыл бұрын алып көлге ұқсап, оның суы тұзсыз, пайдалануға жарайтын болған. 2004 жылы мұхит түбін бұрғылау арқылы алынған үлгілерді зерттеген ғалымдар осындай қорытындыға келді.
5. Сергіту сәті
Елді сүйген баламыз,
Білімнен нұр шашамыз.
Әлкей, Қаныш атадай
Көп жаңалық ашамыз.
Біз талапты баламыз,
Оқып - білім аламыз.
Судың сырын ұғынып,
Есте сақтай аламыз.
6.«Ойлайық та ойнайық»
Берілген өлеңнің ұйқасын табу
Су дегенің немене?
Достым білгің ------- ме?
Су --------- баласы,
Су - ------- анасы.
Сусыз - ----------
Жоқ болса
Дейміз оны
---------- жұмса!
Керекті сөздер: үнемдеп, келде, тіршілік, өмір, табиғат.
7. Сарамандық жұмыс
- Балалар, жаңбыр жауды. Жаңбырдың суы қайда кетті?
- Топыраққа сіңіп кетті.
Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады.
Оқушылар тәжірибе жасайды.
Қорытынды: Су сүзіледі.
8. «Кім көп біледі?» ойыны
Суға байланысты мақал - мәтелдер айтып жарысады.
Судың да сұрауы бар.
Су - тіршілік көзі, т. б.
9. Дәптермен жұмыс
Су сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

III Қорытынды.
- Судың үш түрлі күйі.
- Су қандай жағдайда буға айналады?
- Қандай температурада су сұйық күйден қатты күйге айналады.

IV Үйге тапсырма беру: «Мен суды қорғауға дайынмын» тақырыбында ой толғау жазу.
V Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
9 014
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су. Табиғаттағы су айналымы
Су. Табиғаттағы су айналымы
Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Табиғаттағы су. Судың құрамы
Табиғаттағы су. Судың құрамы
Судың құрамына сандық және сапалық талдау жасай отырып, табиғатта таралу ерекшелігін қарастыру.
Табиғаттағы су
Табиғаттағы су
Сабақтың тақырыбы: Су және оны қорғау. «Табиғаттағы су»
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы
Сөз және оның құрамы
Сөз және оның құрамы
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×