Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқырлар тартысы (Сыныптан тыс жұмыс)

25 желтоқсан 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Тапқырлар тартысы (Сыныптан тыс жұмыс) 
Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшандыққа, тапқырлыққа үйрету
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, , топтың атаулары, тапсырмалар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
3-сынып оқушыларымен өткізілетін «Тапқырлар тартысы» танымдық сайысқа қош келдіңіздер! «Асыл тастан, білім жастан» деп сайысқа қатысатын топты ортаға шақырамыз. Әр топтың өз атаулары болды.
Психологиялық тренинг
Көңіл – күйлерің осылай
Жүргенде (қимылмен көрсетеді) осылай
Жүгіргенде осылай
Ұйықтағанда осылай
Отырғанда осылай
Бүгінгі күнімізге сәттілік
3 «А» сыныбы – «Қыран»
3«Б» сыныбы – «Лашын»
3 «В» сыныбы – «Сұңқар»
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар.
Білімнен аспанға жол салынар. – дей келіп, бүгінгі сайысымыздың әділқазыларымен таныс болыңыздар.
 Сайыс 5кезеңнен тұрады.
1-кезең: Топтық жұмыс
 «Суреттер сөйлейді?» (Бұл кезеңде 3 топқа  бірдей жыл мезгілдеріне байланысты мәтін беріледі.Берілген мәтін бойынша суреттер салу және  постер қорғау.
Күз
Міне, күз келді. Анда – санда таңертең салқын болып қояды. Аспанда бұлттар қаптап, сірікіреп жаңбыр да жауып тұр. Маса, шыбын, құрт – құмырсқа жоқ болып кетті. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбеді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алыпты.
Көктем
Көктемде жер көгереді. Қырда бәйшешектер өседі.Көктемде жаңбыр нөсерлеп жауып, кемпірқосақ көп болады. Күн ұзарғандықтан кішкентай балалар   армансыз ойнайды.Наурыз ол көктемнің   алғашқы мерекесі. Көктемнің алғашқы аптасының өзінде ағаштарда жапырақтар пайда болып, гүлдер бүршік ата бастайды. Көктемде күн жылып, құстар қайта ұшып келеді.Көктемде егістікке дайындық жұмыстары жүреді.
Қыс
Қыс – ең суық жыл мезгілі, аяз бен борандардың уақыты.Соған қарамастан , бұл мезгілді ұнататын адамдар өте көп, әсіресе балалар. Адамдар шыршаларды безендіріп , үйлерді мектептерді әшекейлейді.Айналаның барлығы аппақ қар басқан кезде ертегіде жүргендей болып кетесің.Бұл мезгілде балалар  шана және шаңғы теуіп ойнайды.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
642
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Тапқырлар этафеттасы
Тапқырлар этафеттасы
Ақмола облысы, Арашалы кенті, №3 Аршалы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жумадилова Назира Оразалиевна
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×