Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көлемді өлшеу

15 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Көлемді өлшеу
Сабақтың мақсаты: 1. Текше, тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі, куб сантиметр ұғымдарымен таныстыру;
2. Оқушылардың ойлау, талдау, дәлелдеу, ереже қорыту, есептер арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылығын арттыру;
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру, салыстыру, жобалау әдісі, компьютермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютерлер

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа назарын аударамын.
Психологиялық дайындық
Математика – ең негізгі ғылым бұл,
Сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) №3 тапсырма 103 – бет.
8 дм= 80 см
1 м = 1 000 мм
8 см = 80 мм
7 дм2 = 700 см2
1 м2 = 1 000 000 мм2
8 см2 = 800 мм2
4 см2 = 400 см2
9 м2 = 900 дм2
4 м2 = 40 000 см2
(Екі оқушы ауызша оқиды да, тақтадан дұрыстығын тексереді.)
Үй тапсырмасын бекіту.
ә) – Балалар саяхатқа шығуға қалай қарайсыңдар?
Ендеше, бүгін математика әлеміне саяхатқа шығайық. Ол үшін ең алдымен бізге не керек?
- Көлік
- Онда көлікке отыру үшін алдымен билет алып алайық. Ал билет алу үшін біз тест тапсырмаларына дұрыс жауап беруіміз керек.
(Оқушылар компьютерден тест тапсырмаларын орындайды да, дұрыстығын тақтадан тексеріп, өзін - өзі бағалайды.)
- Ал, балалар, билетіміз дайын. Енді бүгінгі саяхатымыздың жоспарымен таныстырайын.
1. «Геометриялық фигуралар» аялдамасы
2. «Текшелер» аялдамасы
3. «Параллелипедтер» аялдамасы
4. «Компьютерлер» аялдамаларының әрқайсысының тапсырмаларын орындай отырып сапар шегеміз.
ІІІ Жаңа сабақ
1. «Геометриялық фигуралар» аялдамасы
Мұнда оқушылар топтастыру әдісі арқылы геометриялық фигураларды еске түсіреді.

- Балалар қызыл түске боялған фигураларға тоқталып өтейікші.
- Бұл фигуралар туралы не білеміз? Сендерге осы фигуралар туралы біршама мәлімет жинақтау тапсырылған болатын.
(Оқушылар өздері дайындалып келген мәліметтері бойынша қысқаша айтып өтеді)
2. Электрондық оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
- Балалар, осы жерде шектеулі уақытымызды үнемдеу үшін бірден 2 аялдамаға 2 топқа бөлініп саяхат жасауға тура келеді.
І. топ«Текшелер»аялдамасына,
ІІ. топ«Параллелепипедтер»аялдамасына тоқтайды.
3. «Текшелер» аялдамасы
Тақтамен жұмыс (Ауызша)
1 топ мүшелері берілген текшелерді бір - бірімен салыстырып, өлшемдерін атап, көлемдерін табады.
1 - тапсырма.
а) Бер: текше
а1=7мм V1 -? см3
Ш: V1=a•a •a=7мм •7мм • 7мм= 343 мм3
Ж: V1=343мм3
ә) а2=2см
V2 -? см3
V2=2см•2см•2см=8см3
Ж: V2 = 8 см3
б) а3=2дм
V3=? дм3
V3=2 дм∙2 дм•2 дм=8дм3
Ж: V3 = 8 дм3
4. « Параллелепипедтер» аялдамасы
ІІ топ мүшелері берілген тік төртбұрышты параллелепипедтер туралы сұрақтарға жауап береді.
- Бұлар қандай фигуралар? Не байқадың? Бұлар текше болып табыла ма? Неліктен? Әрбір параллелепипедтің көлемін тап. (Ауызша)
V1=2см∙3см•1см=6см3
V2 =2см ∙1см •1см = 2см3
V3= 4 см ∙2 см •2 см = 16 см3
V= 2 см •2 см 4 см = 16 см3
Сергіту сәті
Жаза, жаза есепті,
Талып кетті қолымыз,
Бір, екі, үш
Бойға жина күш.
Жалқаулықты тастайық,
Қайта сабақ бастайық.
Дәптермен жұмыс Топпен жұмыс.
І топ 6 - есепті орындайды
Жүргені - 230 м } -? м
Үй мен мектеп - 600 м
Ш: 230•2+600=1060м
Ж: Барлығы 1060м жүрді.
ІІ топ 7 – есепті орындайды.
S = 21 км
U1 = 15км/сағ
t1 = 1сағ
U2 = 3км/сағ
t =?
Ш: S1 = 15км/сағ ∙ 1 сағ = 15км
S2 = 21 км - 15 км = 6 км
t2= 6 км: 3 км/сағ = 2сағ
t = 1 сағ + 2 сағ = 3 сағ
Ж: t = 3 сағ.
5. «Компьютерлер» аялдамасы
Оқушылар компьютер арқылы берілген кестені толтырады, дұрыстығын тақта арқалы тексеріп, бағалау шкаласы бойынша өзін - өзі бағалайды.

ІV. Бекіту
1) Өзіндік жұмыс
Электрондық оқулықта берілген 4 тапсырманы оқушы өз бетімен орындайды. Оқушы орындаған тапсырмасының деңгейіне қарай бағаланады.
1 тапсырманы орындағаны - 3
2 - 3 тапсырманы орындағаны - 4
4 тапсырманы орындағаны - 5
2) Оқушылар компьютер арқылы өмірдегі текше тәрізді, тік бұрышты параллелепипед тәрізді заттардың суретін салады.
І топ – текше тәрізді заттар (құрастырғыштар, шақпақ қант, иттің үйшігі т. б.)
ІІ топ – тік бұрышты параллелепипед тәрізді заттар (үй, шкаф, сандық, сыйлық т. б.)
V. Қорытынды
- Балалар, саяхат барысында біз өз білімдерімізді ортаға салдық. Саяхатымыз сендерге ұнады ма? Не ұнады? Не ұнамады?
Ендеше, мектебімізге оралып, үйге тапсырма алайық.
V Бағалау. Балалар, жинаған түрлі түсті жетондарының түсіне қарай бағаланады.
Қызыл - 5, көк - 4, сары - 3.
VІ Үйге тапсырма беру 9 - тапсырма, шығармашылық жұмыс. 105 - бет.
17 196
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі
Көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің анықтамасын біледі, қасиеттерін ажырата алады. Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазықтықтағы сызбасына есептер құрастыра алады.
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің, текшенің көлемін есептей білуге дағдыландыру, әртүрлі есептер шығару арқылы оқушы білімін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Санның дәрежесін табуға дағдыландыру.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы
Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі куб см3 таныстыру.
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×