Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға табиғат туралы білім бере отырып, С. Сейфуллиннің өлеңінің идеясын түсіндіру, қоршаған ортаға деген көз қарасын, оның ерекшеліктері туралы білуге үйрету.
Дамытушылық: өз пікірін еркін айту дағдысын дамыта отырып, өз ойын толық жеткізе білуге тіл байлығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, жан - жануарларға деген құрметін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдістер: сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: проектор/слайдтар/ кеспелер.

Ұйымдастыру.
І. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Сәбит Мұқанов, Көкшенің көрінісі.
Мұғалім:- Балалар, сендер мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер экранға бүгінгі өтетін тақырыбымыз шығады./әрсұраққа жауап бергеннен кейін, тақтада сабақтың тақырыбының атының әріптері біртіндеп шығып отырады.
1. С. Мұқанов кім?
2. Ол кісі қай жылы дүниеге келген?
3. Қандай еңбектерін білеміз?
4. Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген?
5. Көкшені неліктен гауһар тастан жасалған күмбезге теңейді?
6. Осы мәтінде қандай сөздер саған ерекше әсер берді?
7. Сен өз туған жеріңді қалай суреттер едің?
8. Мәтін несімен ұнады?
9. «Көкшенің» деген азат жолдан бастап кім жатқа айтып береді?
/Сабақта бағалау фишкада белгіленген ұпаймен бағаланады. Кім көп жинаса, сол оқушы ұпай санына қарай тиісті бағасын алады. Сондықтан жауап берген балаға тиісті фишкасын таратып отырамын./
ІІ. Жаңа сабақ.
Экранға жаңа тақырып шыққаннан кейін, дәптерге күн жұлдызын, жаңа тақырыпты жазуларын ұсынамын. Сол кезде музыкасы Ж. Сейіловтың, сөзі Қ. Салықовтың «Жез киік»әнін тыңдатамын.
- Балалар ән не туралы?
- Біз бүгін осы киік жануары туралы жазушы С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік»атты өлеңін оқимыз. С. Сейфуллин өмірбаянына тоқталып айтамын.
- Өткен сабақтарда біз Ә. Қаңтарбаевтің «Киіктің айласы» әңгімесінде киікті қалай сипаттаған? /оқушы жауап береді/
- Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?
- Иә, ол киелі жануар.
- Киіктің лағын қалай атаймыз?
- Құралай.
- Балалар, сендер білесіңдер ме? Қараша айында «Құралай желі»,
мамыр « Киіктің матауы»яғни, лақтарын өргізу.
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беремін./Мүмкіндігінше мұғалімнің өлеңді жатқа оқығаны дұрыс, оқушылардың сезімін оятуға, жақсы түсінулеріне әсер етеді./
Кітаппен жұмыс. Әр шумақты оқыта отырып талдатып, ат қойғызу.
1 шумақ:
Арқаның бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.
«Бетпақдала»/Жергілікті жердің аймақтық компанентіне тоқталу/
«Бетпақдала» - жері құрғақ, шөбі сирек болады.
- Біздің «Ақтоғай» бетпақ даланың бір шеті, шөл далаға жатады. Біздің жерімізде жиде, сексеуіл, жусан тобылғы, арша, адыраспан, көкпек, тораңғы, баялыш сияқты өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктер өседі. Ауылымыздың батысында «Қопа» ауылының төңірегінде киіктер мекен етеді. Ауылымыз -
Шығысында Үлкен «Қазақ Мыс» кен орыны ашылуда. Онда Д. Менделеевтің кестесіндегі барлық химиялық элементтер түрлері кездесетіні дәлелденіп отыр. Ол дегенің үлкен байлықтың көзі болып есептеледі.
Дала - бетпақ - шөлді - орманды - жазық – таулы.
2шумақ.
Мергендер дамыл алмай киік атқан,
Ауылды қан сасытып топырлатқан.
Киікті ойлай ма екен таусылар деп,
Азайып бірте – бірте келе жатқан.
«Мерген». Мерген - мылтық және садақты оғын көздеп нысанаға дәл тигізетін адам.
3шумақ:
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бишара қылған мекен.
Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?
«Бөкен» Бөкен - киіктің басқаша атауы.
4 шумақ:
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарларды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.
«Киіктің сипаты» Киік - өте сұлу, көздері мөлдіреген әдемі жануар.
5 шумақ:
Кей адам әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
«Мүйіз» Киіктің мүйізін шетке сатқандар жауыздықты сезер ме екен?
Киіктің мүйізінің құны - бір жылқыға тең. Олар бір аулағанда 50 - 70 бөкенді аулайды. Қазір жоқтың қасы. Сондықтан олар «Қызыл кітапқа» енген.

6 шумақ:
Сандалып келе жатқан ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда санда әлді жиып..
Ақ бөкен сахараның ботагөзі,
Атты екен қандай адам көзі қиып.
Ақ бөкен - сахараның ботагөзі.

Серігіту сәті.
Мұғалім:- Балалар, киік киелі жануар екенін сендер айттыңдар. Сондықтанда мен сендерге тек біздің ақын - жазушыларымыз ғана киік туралы жазбағанын, сонымен қатар сазгерлеріміз ән және күй шығарғанын айтып кеткім келеді.«Жезкиік» әнін сабақ басында тыңдадыңдар, енді Құрманғазы Сағырбай ұлының «Ақсақ киік» күйін тыңдауларыңды ұсынамын. Жақсылап тыңдап алыңдар, содан алған әсерлеріңмен келесі тапсырманы орындайсыңдар.

ІҮ. Шығармашылық жұмыстар.
Шығармашылық жұмыстарды деңгейлік тапсырма түрінде беремін.
І деңгей. «Аңшы» тақырыбына эссе жазу.
ІІ деңгей.«Киік» тақырыбына сипаттау мәтінін құрастыру.
ІІІдеңгей.. Киікті атқан адамға деген көз қарасыңды білдір.
Ү. Бекіту. «Бәйге» ойыны.
10 20 30
40 50 60
10 - Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
20 - Киік қандай жерді мекендейді?
30 - Киікті басқаша қалай атайды?
40 - Ақын киіктің сұлулығы туралы не айтылды?
50 - Киік мүйізінен не жасалады?
60 - Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етіледі?
ҮІ. Қорыту. Балалардың жинаған ұпайын есептеп шығару.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тиым сөздерін жинау.
2. Мәнерлеп оқу. 257 - 259 беттер.
25 025
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Астана қалас, № 8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермаганбетова Марал Маратовна
Сәкен Сейфуллин"Ақсақ киік"
Сәкен Сейфуллин"Ақсақ киік"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
ШҚО, Семей қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы № 33 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ошибаева Ғалия Бекеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×