Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұлшық ет

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамның қозғалыс жүйесінің негізгі бөлігі – бұлшық етпен таныстыру, олардың қандай маңызды рөл атқаратынын көрсету; өзіндік бақылау жүргізу; салыстыру мен талдау әдістерін үйрету; салауатты өмір салты жөнінде түсінік қалыптастыру; оқушылардың гигиеналық дағдысы қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігі: «Адам қаңқасы» плакаты, «Адам қаңқасы», «Бұлшықет», «Дене сымбатының бұзылуы» сызбалары, сантиметрлік таспа.

Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Естеріңе түсіріңдерші, мына сөздер қай ертегіден алынған?
Ерте - ерте ертеде бір патшаның қызы - Алтын бұрымды сұлу өмір сүріпті. Оның жүрісі аққудың жүзгеніндей әдемі еді, бойы - оқтай түзу, денесі - сымбатты еді.
(Орыс халқының Алтын бұрымды Василиса туралы ертегісі)
- «Оқтай түзу» және «денесі сымбатты» деген сөздерді қалай түсінеміз?
- Дене сымбатты болуы үшін не істеу керек?
- Адам өзінің жүріс - тұрысын өзі қалыптастыра ала ма?
- Дене бітімі қисық адам қандай мамандықты игере алмайды?

II. Ақпараттық блок.
(Балаларға жаднама беріледі, оны ата - аналарына көрсетуі керек).
Қымбатты балалар! Құрметті ата - аналар! Естеріңізде болсын!
1. Баланың дене бітімінің дұрыс қалыптаспауы денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, ол адамның бүкіл өмірін зая етеді.
2. Баланың дене сымбаты үстел басында, партада немесе ойнаған кезде дұрыс отырмау салдарынан бұзылады.
3. Отырған кезде аяқты нық басып отыру қажет, арқа мен қол, бас пен аяқ, кеуде симметриялы орналасуы тиіс.
4. Отырған кезде адамның арқасы орындық арқасына тиіп тұруы қажет, ал кеуде мен үстел арасында 1, 5 — 2 см қашықтық болуы тиіс.
5. Көз бен үстелдің арасында 30 см қашықтық болуы қажет.
6. Кітапты еңкейтіп, ал дәптерді 30 градусқа қисайтып ұстау қажет.
7. Жантайып жатып оқуға және үнемі бір қолға салмақ салуға болмайды.
8. Дене сымбатын велосипед те бұзады.
9. Дене бітімін түзету үшін қатты матрасқа жатып ұйықтау керек.
10. Дене бітімін түзету үшін балалар күнделікті жаттығу жасап, өз – өзін бақылап жүруі қажет.

III. Негізгі блок.
1. Балалар қолы мен аяғын ұстап көреді. Сол қолымен оң қолының
шынтақтан жоғары қатты бұлшықетін ұстап көреді. Қолды бүккенде бұлшықет қатая түседі. Балалар жұптасып, бір - бірінің қолының бұлшықетін сантиметрлік таспамен өлшейді: алдымен бұлшықеттің қол бос тұрғандағы қалпы, содан соң бүгілген кездегі қалпы өлшенеді. Нәтижесі дәптерге немесе тақтаға жазылады. Бұлшықет қысқарды, жиырылды, жазылды. Балалар «Бұлшықет» кестесіне қарап, әрбір дене мүшесінің өз бұлшықеті болатынына назар аударады.
2. Оқулықтағы мәтінді оқу.
- Сөздікпен жұмыс істеу
- Тәжірибе жасау
- Тақырыпқа қатысты әңгіме құруға болады (мәтіннің соңындағы сұрақтарды қоюға да болады)
3. Өзекті сұрақ.
- Неге дене тұрқы бұзылған адамның жүрегі, өкпесі мен өзге де ішкі ағзаларының жұмысы бұзылады, ал спортпен айналысатын адамдар кең иықты, аяқ - қолы күшті болып келеді? Ондай адамдардың күшті және шапшаң болуының сыры неде?
Балалар өз пікірлерін білдіреді, қорытынды жасап, талдайды.

4. Дені сау адамды сипаттайтын сөздерді таңдап алыңдар:
Әдемі -Ширақ - оқтай түзу - мықты
Еңкіш -Сылбыр - сымдай түзу - ебедейсіз
Күшті -қызылшырайлы - семіз - сыптай

- Дені сау адам болуға не көмектеседі?
- Біз қандай құпияларды білеміз?
Бірінші құпия - жақсы мінез.
Екінші құпия - шыныққан дене.
Үшінші құпия — дұрыс тамақтану.
Төртінші құпия - күн тәртібін сақтау.
Бесінші құпия - күн сайын дене еңбегімен айналысу.
- Сендер қалай ойлайсыңдар, осының бәрін күн сайын жасауға бола ма?
Қорытынды. Әр адам өз денсаулығын күтуі қажет.

IV. Қорытынды блок.
1. «Өзіңді тексер» бөлімінің сұрақтары:
- Адам қозғалысында бұлшықет пен сүйектер қандай рөл атқарады?
- Жүгіргенде және жүзгенде кеуденің, қолдар мен аяқтардың қандай бұлшықеті дамиды?
- Бұлшықетті дамыту үшін не істеу қажет?
2. Білімпаздарға арналған бөлім.
Негештің сұрағы:
- Неліктен баланы «қартайған бала» деп атайды?
V. Үй тапсырмасы: «Бұлшық ет» мәтінін оқу, ата - аналарымен бірге жаднаманы пысықтау.
9 867
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Гандбол ойынының элементтерін меңгеру. Иық, қол бұлшық еттерінің қимылдарын дамыту.
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері.
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері.
Тірек - қимыл жүйесі, дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге, жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екенін түсіндіру
Бұлшық ет
Бұлшық ет
Оқушылардың білім дәрежелерін жетілдіру алдыңғы сабақта алған білімдерін жетілдіре отырып, бұлшық еттің атқаратын қызметін түсіндіру.
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру.
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бұлшық еттердің негізгі топтары (слайд)
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бұлшық еттердің негізгі топтары (слайд)
Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы туралы білім беру; Оқушылардың заман талабына сай сапалы биологиялық білім дағдыларын, дүниетанымын қалыптастыру, табиғаттың біртұтастылығы туралы көзқарастарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Бұлшық еттердің жұмысы
Бұлшық еттердің жұмысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы, №78 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қайыпбаев Дархан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×