Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері. Қалдықпен бөлу

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері. Қалдықпен бөлу
Мақсаты: Оқушыларға көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілі.
Қалдықпен бөлу тәсілдерін меңгерту. Шапшаң есептеуге баулу. Бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, еске сақтау қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактив тақта

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
- Біз математика сабағын әдеттегідей математикалық символды өлеңмен бастайық.
Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,
Дәрігерлік те жақсы ғой қызметке жарасаң.
Ал сол үшін біздерге математика –
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Ауызша есептеу
1. Әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы үш емес, ал Жанардың бағасы 3 емес деді.
2. Сонда әркім қандай баға алған?/ Әсем 5, Жанар 4, Ардақ 3/
3. Сандары белгілі бір байланыспен орналасқан. Сандар байланысы ерекшелігін тауып қатарды жалғастыр:
9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,... /10, 13, 11.../
4. Математика мақал - мәтелде.
Неше елі ауызға,
неше елі қақпақ. /бір елі ауызға, екі елі қақпақ/

4. Математикалық диктант
- 29 бен 3 - тің көбейтіндісі;
- 5 санын 19 есе арттыр;
- 17 мен 5 - тің қосындысын 4 есе арттыр;
- 56 - ның жетіден бір бөлігін 12 есе арттыр;
- Бірінші көбейткіш 25 - тің бестен бір бөлігіне, екінші көбейткіш 11 - ге тең;
- 18 - бен 8 - дің бөліндісі.
Жаңа сабақ
Оқулық бойынша екі таңбалы санға қалдықпен бөлу тәсілімен танысу
Мысал № 2 (есептеп дұрыстығын тексер)
384545: 22
907654: 25
20 ц 5 кг: 17
6 т 345 кг: 26
90 т 6 кг: 43
23 км 45 м: 54

№3 Есептерді шығар
а) Бірінші пойыз 3750 км қашықтықты 15 сағатта, ал екінші – 5880 км
қашықтықты 21 сағатта жүріп өтті. Қай пойыздың жылдамдығы
артық және қанша артық?
Ш: 1. 3750: 15=250 км/сағ
2. 5880: 21=280 км/сағ
3. 280 - 250=30 км/сағ
Ж: Екінші пойыздың жылдамдығы артық, 30 км/сағ артық

ә) Бір бекеттен бір уақытта бірінен – бірі қарама – қарсы бағытта екі пойыз екі жаққа жолға шықты. Бірінші пойыз 72 км/ сағ жылдамдықпен, ал екінші 84 км/ сағ жылдамдықпен жүріп отырды.
Екінші пойыз 2520 км жолды жүріп өткеннен кейін, олардың арасындағы арақашықтық қанша болды?
Ш: 2520: 84 км/сағ = 30сағ
72*30=2160км
2160+2520=4680км
Ж: арақашықтығы 4680 км

Сергіту сәті
Ойын тренажер «Африка»
№4 Есепті шығар
Филармонияның үлкен залында 36 қатар, ал кіші залында 28 қатар бар. Үлкен және кіші залдардағы орындар саны бірдей. Егер үлкен залда кіші залға қарағанда 240 орын артық болса, онда әр залда неше орын бар?
Ш: 36 - 28=8
240: 8=30ор (1к)
30*36=1080 ор
30*28=840 ор

7. Кейбір құстардың қанатының құлашының өлшемін көрсететін кестені қарастыр. Берілген өлшемдерді миллиметрмен өрнекте.
Дауылпаз --------------- 3 м 20 см -------- 3200мм
Сұңқылдақ аққу ------- 2 м 60 см -------- 2600мм
Субүркіт ---------------- 2 м 55 см -------- 2550 мм
Құзғын ------------------ 1 м 25 см -------- 1250мм

8. а) Көбейтінділері олардың бөліндісіне тең болатын екі сан ойла.
6*4=48: 2
ә) Көбейтінділері олардың қосындысына тең болатын үш сан тап.
□ •□•□ = □ + □ + □ 2*2*2=4+2+2
б) Екі санның көбейтіндісінің мәні көбейткіштердің біріне тең бола
ала ма? Әр көбейткішке ше?
□ •□ = □
1*0=0
4*1=4
5*1=5…..
□•□ = □
0*0=0,
1*1=1
Сабақты қорытындылау
Егер 50 теңгеден 6 балмұздақ сатып алынса, онда сатушы 1000 теңгеден неше теңге қайтарады?
Үйге тапсырма
19 бет № 4 (ә), №5

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 433
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау. Логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша баған түрінде көбейту тәсілін үйрету;
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру, сәйкес қалдықпен бөлуді орындау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×