Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем туралы мағлұмат беру. Оның атқаратын қызметі. Сөйлемнің тыныс белгілері, айтылу интонациясы туралы түсіндіру.
Дамытушылығы: Сөйлемнің құрылысы оның алатын орны, олардың бір - бірімен байланыстылығы, сөйлемнің сөзден құралатындығы, олардың айтылу интонациясына қарай тыныс белгілерінің қойылуы жайлы жан - жақты түсіндіру. Тақырыптық суреттермен сөйлем ойлатып, мәтін құрғызу. Ондағы оқиғаның желісі мазмұнды болу керектігін ескере отырып, оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландырып, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгерте отырып, сауатты жазуға, өз ойларын жеткізе білуге, мәдениетті сөйлей білуге, адамгершілікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сурет, ребус, қима қағаз, слайд т. б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 218 жаттығу «Әдепті бала - арлы бала»
III. Өткен сабақты пысықтау.
1. Өткен сабақта қандай тақырып өттік? «Мәтін»
2. Мәтін дегеніміз не? Мәтін екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
3. Мәтіннің неше түрі болады? Мәтіннің үш түрі болады. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.

ІV. Жаңа сабақ. 1. Ребус шештіру. «Сөйлем»
2. Сөйлем неден құралады? (Сөйлем сөзден құралады.)
3. Сөйлем аяқталғаннан кейін не қойылады?
(Сөйлем аяқталғаннан кейін тыныс белгісі қойылады?)
Сөйлем аяқталған тиянақты ойды білдіреді. Сөйлем соңына (.) нүкте, (?) сұрақ белгісі, (!) леп белгісі сияқты тыныс белгілері қойылады.

V. Оқулықпен жұмыс. 1. Ауызша 219 жаттығу Сөздерді салыстырып оқы. Қайсысы сөйлем? Неліктен?
II. Ережені оқыту.
III. Тақтамен жұмыс. 220 жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
IV. Өз бетімен жұмыс. 221 жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
V. Ұжыммен жұмыс. 222 жаттығу. Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әртүрлі екенін дәлелде.
VI. Дәптермен жұмыс: Шығармашылық жұмыс жүргізу. Үш топқа бөліп, мәтіннен қате жазылған сөздерді таптыру. Мәтіннің үш түріне байланысты құру.
VII. Деңгейлік тапсырмалар. (I, II, III деңгейлік тапсырмалар орындалғаннан кейін тапсырмаларды бағалау.)

1 - деңгей
1. Берілген мәтіннен қате жазылған сөздерді тап.
Күз
Күз келд. Күн суыта бастады. Ағаштың жапырақтары сарғайып, жерге түсті. Айнала сап - сары түске бойанды. Жеміс - жидектер, көкөністер пысті. Құстар жылы жақа ұшып кетті. Егін жыинау науқаны басталды.
2. Ребусты шешіп, сөйлем ойла.
3. «Қыс» сөзіне дыбыстық талдау жаса..

II - деңгей
1. Берілген мәтіннен қате жазылған сөздерді тап.
Кітапхана
Біздің мектепте ктапхана бар. Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханаға оқушлар көп барады. Мен де кітапханаға бардым. Раихан апай – кітапханаші.
2. Ребусты шеш, Шыққан сөзге сөйлем ойла.
3.« Жаз» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
4. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.
1. Бардым, мектепке, мен, кеше. ---------------------------------
2. Жарысқа, алмай, қалды, бара, олар. -------------------------
3. Ашық, бүгін, болды, бізге, сабақ.

III - деңгей
1. Берілген мәтіннен қате жазылған сөздерді тап.
Құстар
Құр, бұлбұл, тірна, қарлығаш, қарға - құстар. Құстар - адамға дос. Құс жұмыртқасын алма. Оларға қамғорлық жаса. Қарлығаш, қараторғай, тырна – жыл құстарі. Жыл құстары қыста жілі жақта болады. Құстар паидалы.

1. Ребусты шеш, шыққан сөзге сөйлем ойла.
3.«Бидай»сөзіне дыбыстық талдау жаса.
4. Мынау мәтіннің қай түріне жатады? Төменге жаз.
Қоян сүйкімді кішкентай аң. Оның көзі қыли, әрі қып - қызыл. Өзі жүйрік. Қыста аппақ тонымен жауынан қорғанады
5. Мына сөздерден сөйлем құра.
1. Болмады, кеше, бәйгесі, ат.
2. Жем, бардық, шашуға, аққуларға, біз, қыста.
3. Жамылған, қар, ағаш, маужырайды, бұтақтары.

V III. Сабақты қорытындылау. Ребус шешу арқылы «Күздің кереметі»
1. Біз бүгін нені оқыдық, не білдік?
2. Сөйлем деген не?
3. Мысал келтір.
IХ. Үйге тапсырма беру. 223жаттығу. Сөйлемді оқып келу
Х. Бағалау.
12 668
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Сөйлем
Сөйлем
Бастауыш сынып мұғалімі: Торалиева Клара
Сөйлем
Сөйлем
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл
Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің ұстазы Шарбану Нурмашева
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×