Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жатыс септігі

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жатыс септігі
Сабақтың типі: танымдық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындата отырып, жатыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Сауатты таза жазуға, тілін сыйлай білуге, денсаулықтарын сақтай білуге тәрбиелеу.
Формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дене шынықтыру
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, қызығушылығын ояту, ой қозғау, мағынаны тану.
Сабақтың өтілетін орны: мультимедиялық кабинет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қимыл жаттығулары
1 - де сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз!
4 пен 5 - ке оқып сабақты,
Жарыста өзгені жеңеміз!
Сабағымыздың ережесі
● Тыңдаймыз
● Бір - бірімізді тыңдаймыз
● Толықтырамыз
● Қатемізді түзейміз, көмектесеміз
Сабақ бойына осы ережелерді ұстанып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын.
- Зат есімнің септік жалғаулары дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- 7 септікті ата
- 7 санымен байланысты қандай атауларды білесіңдер?
(7 ата, 7 қазына, 7 керемет, 7 күн т. б)
Балалар, ең бірінші байлық не?
- Денсаулық
Енше, бүгінгі сабақта біз «Денсаулық әлеміне» саяхатқа шығамыз.
- Саяхатқа немен шығамыз?
- Қазір қай мезгіл?
Ендеше қыста спорттың қандай түрлерімен шұғылданамыз?
Шаңғымызды дайындайық!
Тақтада «Денсаулық әлемі» бекеттерінің сызбасы
Ал, бірінші бекетке де келіп жеттік.
1.«Күн тәртібі» бекеті

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
48 - жаттығу «Хоккей ойыны» әңгімелерін тыңдау.
Мәлімет: Адамның барлық өмірі уақытты бөлуден құралады, кейбіреулер оны қоғамның талабымен жасаса, ал кейбіреулері жеке басының ыңғайына қарай орындайды. Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз ұйқының тамақтанудың, еңбектің, және т. б. дұрыс ұйымдастырылуы. Күн тәртібін жасау адамды тиянақты болуға, жұмысын уақытында тындыруға және көп нәрсеге үлгеруге тәрбиелейді. Оның дұрыс қойылуы адам денсаулығының көрсеткіші болып та табылады.
І. Қызығушылығын ояту.
Анаграмманы шеш. САТЫЖ ТЕСПІГІ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – жатыс септігі.
Не білу керек:
Септік түрлерін
Не істей білу керек:
Сөздерді талдай, септей білу

Саусақ жаттығулары
Саусақтарымызды жазуға дайындаймыз (бүгеміз, жазамыз, бұраймыз)
Дәптермен жұмыс
Күн ретін жазу
«Есте сақтап, сөз құра» ойыны (есте сақтауын жетілдіру)
Шарты: оқылған сөздердің ретін сақтай отырып, бірінші әріптерінен жаңа сөз құра.
Кереге, ірімшік, тауық, аспан, палуан (кітап)
Балқарағай, ішік, лақ, іскер, мақта (білім)
Көркем жазу
1) Осы сөздерді табыс септігіне қойып, көркем жаз.
2) Сөйлем құра (мақал - мәтел)
ІV. Жаңа білімді меңгеруге дайындық кезеңі.
2.«Ұйқы гигиенасы» бекеті
Жұмбақпен жұмыс.(тақтада беріледі)
Мәлімет:
Ұйқы механизмін, оның физиологиялық мәнін тұңғыш рет академик И. П. Павлов ашып берді. Ол ұйқы – мидың барлық орталықтарын қамтитын кең тараған тежеу екенін анықтады. Ұйықтаған кезде бұлшық еттер босаңсиды, тыныс алу сиреп, жүрек соғуы бәсеңдейді, дене температурасы, қан қысымы, зат алмасу төмендейді, қысқасы организмнің бүкіл қызметін реттейтін нерв орталықтарының белсенділігі құлдырайды. Адам тәуліктің 8 сағатын ұйқымен өткізеді. Жылы су құйынып, жуынып, тісті шайып, аяқты жуу да ағзаға өте пайдалы.

Көзге арналаған жаттығулар
Қима - қағаздармен жұмыс.
Шығармашылық деңгей
1) Берілген сөздерге бір әріп қосып мағынасы өзгерген сөз жаз:
Қала + ( ) таба + ( )
Ат + ( ) ел + ( )
Бақа + ( ) өр + ( )
2) Сөздерді кімде? неде? қайда? сұрағына жауап беретіндей етіп өзгертіп жаз.
3) Сөздерді сөз құрамына талда.
1) қалам, ата, бақан, табан, елі, өрт.
- Бұлар қай септікте тұр? (атау)
2) қаламда, атада, бақанда, табанда, елінде, өртте.
- қандай сұрақтардың көмегімен өзгерттік?(неде?), елінде сөзіне сұрақ қой
3)- қандай жалғаулар жалғадың? Қандай ережеге сүйендік?
Ендеше ережені шығарып алайық.
Оны кітаппен салыстырайық.
Кімдерде? нелерде? деген сұрақтар қандай зат есімдерге қойылады?
3.«Дәрумендер»бекеті
Топпен жұмыс
1 - топ - Лото
2 - топ – Графикалық диктант
3 - топ - Сөйлем құра.
4 - топ - топтастыру
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Мәлімет: Дұрыс, тиімді тамақтанған адам біраз ауру - сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отыратын болады. Тиімді тамақтанудың мезгілсіз, ерте қартаюдан сақтандырады.
Оқулықпен жұмыс
Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.
58 - жаттығу
Диаграмма арқылы салыстыру
«-» «+» «-»
Б. с Ж. с.
Берілген септіктердің сұрақтары мен жалғауларын салыстыр. Қорытынды жаса.

4.«Көз - адамның айнасы» бекеті
Мәлімет: Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23 - 25 мм.
Деңгейлік тапсырмалар
1 - деңгей
Сөздерді жатыс септігіне қойып, жазыңыз.
Жерлер, үй, орман, ақындар, тау, су, дала, шөл
2 - деңгей
Жатыс септікте тұрған сөздің астын сызыңыз.
1. Көктем келіп, қыр да, көк те қуанышқа кенелді. Қырда қызғалдақ қаптап кетіпті.
2. Кеш те, ерте де емес, дәл уақытында бар. Кеште барлық өнерпаздар сайысқа түсті.
3 - деңгей
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра
Тіршілік табады ететін одан шалғында көптеген жануарлар өздеріне пана.

5.«Маржан тістер» бекеті
Адамның тісіне алғаш боп ат берген Гиппократ. Ол баланың тісі сүттен шығады деп есептеген соң «сүт тіс» деп атаған. Ұлуда шамамен 25 мың тіс бар. Ағзадағы кальцидің 99 пайызы тісте.
Сабақты қорытындылау. «Өзіңізді тексеріңіз»

6.«Спорт» бекеті.
Бағалау. Топ басшылары бағалайды. Әр топқа мадақтамалар беріледі.
Мәлімет:
1900 - 1920 жылдары «арқан тартыс» олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.
Үстел теннисіндегі шардың салмағы – 2, 5 гр. Бразилия - барлық футбол чемпионаттарына қатысқан әлемдегі жалғыз мемлекет. Футбол добында 12 қара бесқырлы және 20 ақ алтықырлы фигура бар
Үйге тапсырма: 105 - бет, 64 - 65 жаттығу.
13 634
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Жатыс септік
Жатыс септік
Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Жатыс септік
Жатыс септік
Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатканова Жаңыл Мукановна
Шығыс септік
Шығыс септік
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×