Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығыстың шынарлары

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығыстың шынарлары.
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын жүйелі әңгімелеуге, өз пікірлерін айтуға, адамдарға мінездеме беруге, өз қиялдарымен мәтінді жалғастыруға үйрету.
Зейін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;
Сабақ типі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар.
Әдіс - тәсілдер: ұжымдық жұмыстар, сұрақ - жауап
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру. Сынып 6 топқа бөлініп отырады.
Эмоциялық қалып:
Сәлем Күн!
Сәлем достым!
Сәлем ұстаз!
Сәтті болсын жұмысымыз
Үйге қандай тапсырма берілді?
Авторы кім?
Мәншүк туралы не білеміз?
Қай соғыста болған оқиға?
1 -топ – мәтін мазмұнын айтады
2 -топ – сұрақ қояды
3- топ – диалогты сахналайды.
4 -топ – өлең оқиды.
5 -топ – Мәншүкке мінездеме.
6 -топ – түйіндейді.

Қосымша мәлімет: 1943 жылы Невель қаласын қайтару үшін болған қиянкескі соғыста 15 қазанда Мәншүк Мәметова қаза тапты. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Релаксация:
Шұғылалы күн шапағы қызу үстінде. Ол сәулесімен жер бетін қыздыруда. Құстар сайрап, көбелектер ұшып жүр. Әдемі гүлдер, өсімдіктер өсіп тұр. Ой, балалар сезесіңдер ме? Жаңбыр тамшылай бастады. Жып - жылы жаңбыр себелеп тұр. Жауын астында ойнаған қандай тамаша! Тамшылар тоқтады. Өткінші жаңбыр екен ғой!
Балалар, қараңдаршы кемпірқосақ. Түстері қандай әдемі! Ой, балалар кемпірқосақта бір түс жетпейді. Өздерің бояңдаршы. Ол сіздің ары қарай жұмыс жасау қабілетіңізді, көңіл - күйіңді білдіреді.
Ал, енді балалар ашық аспан, жасыл дала, туған жер құшағымен, тамылжыған жазбен кемпірқосақпен қоштасайық. Бізге мектепке оралу керек.
Балалар, қандай түспен боядыңдар?
Енді балалар жайбарақат қалпымыздан еңбек сәтімізге оралу үшін мына сөзжұмбақты шешіп алайық.
1. Бүгін айтқан батыр қызымыздың фамилиясы?
2. Ұлы Отан соғысының майдангері, қолбасшы?
3. Майдангер жазушы, «Тау қыраны» шығармасының авторы?
4. Осы шығармадағы генерал дивизия командирі?

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз: Шығыстың қос шынары атанған тағы бір батыр қызымыз...
Әлия туралы не білеміз?
Ол 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ селосында дүниеге келді. Әкесі Нұрмұханбет, шешесі Маржан. Ерте жетім қалып, нағашысы Әубәкірдің қолында болған, Ленинградта балалар үйінде тәрбиеленген. Бүгінгі танысқалы отырған Әзиза Нұрмаханованың шығармасы Әлияның балалық кезінен сыр шертеді.
Жаңа сабағымызға Алты қалпақ стратегиясын қолданамыз.
Ұранымыз: Өзім оқимын, сені де оқытамын.
Ақ қалпақ: мазмұнын әңгімелейді.
Сары қалпақ: жағымды тұстарын әңгімелейді.
Қара қалпақ: қайшылықтар, неге 4 - тік баға қойылды?
Қызыл қалпақ: адамдар сезімі. Әлияға мінездеме
Жасыл қалпақ: мәтінді жалғастыру
Көк қалпақ: мақалмен түйіндеу.
Балаларын жауаптарын Шығыстың қос шынарының маңдайына таққан жұлдызшаларымен бағаланды.
Мәңгі от жағылып батыр қыздарды еске алу минуты.
Сабақ қорытындылап, балалар жұлдызшаларын санап, өздерінің пікірін айтады.
5 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары туралы мәлімет беру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.
Бала Мәншүк
Бала Мәншүк
Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.
Ерлік ел мұраты
Ерлік ел мұраты
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Етістіктің райлары. Қазақстандық батырлар
Етістіктің райлары. Қазақстандық батырлар
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жайлибаева Гүлшат Қалиқызы
9 – мамыр – Жеңіс күні!
9 – мамыр – Жеңіс күні!
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Шығыстың  қос  шынары
Шығыстың қос шынары
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серімбетова Салтанат Темірханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×