Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрманғазы

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Құрманғазы» мәтініне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша
тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
Дамытушылық: Оқушыларға Құрманғазы туралы мәтінді оқытып, талдатып, күйлерін естіртіп, мазмұнын ашу арқылы ойлау, жүйелі әңгімелеу, дұрыс сөйлеуге бағыт беру. Қазақ күй өнері туралы дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мәдениетке, өнерге баулу. Атадан қалған күй өнерін насихаттау арқылы тарихын, ғұрпын құрметтеуге баулу. Музыка арқылы әсемдікті сезінуге, рухани нәр алуға жетелеу.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың өту әдісі: сұраққа жауап, ой қозғау, түртіп алу стратегиясы, ЖИГСО ІІ стратегиясы
Технология: СТО
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Көрнекілігі: сурет, Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, кесте, топтарға арналған оюлар, оюлы домбыра суреттері.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық жаттығу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Қызығушылығын ояту.
IV. Жаңа сабақ.
V. Мәтінмен жұмыс
VI. Сабақты бекіту.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.
а) Психологиялық дайындық(оқушылардың назарын сабаққа аудару)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Оқушылар қызыл, көк, жасыл, сары түсті оюларды алып, сол бойынша топтарға бөлініп отырады.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
131бет беттегі мәтінді мазмұндау. Мұзафар Әлімбаевтың «Домбыра» өлеңін оқыту, Ахмет Жұбанов туралы ойларын тиянақтау.

III. Қызығушылығын ояту.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Ой қозғау
Құрманғазы туралы не білесіңдер?
Білемін Білгім келеді Не үйрендім?

ІV Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Құрманғазы Сағырбайұлы туралы мағлұмат беру. Слайд көрсетіледі.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 - 1889) — қазақтың ұлы күйші - композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Туып - өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден - есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым - бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір - бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.
Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Мәтінмен жұмыс
1. Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беру.
2. Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.
3. Оқушыларға Құрманғазының «Кісен ашқан», «Балбырауын», «Ақ желең», «Түрмеден қашқан» күйлерінен үзінді тыңдату.

Дәптермен жұмыс
Дәптерге Құрманғазы күйлерінің аттарын жаздыру. Қазіргі күйшілер Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков есімдерін жаздыру.
3. Қосымша ақпарат: Құрманғазының «Салық өлген» күйінің шығу тарихынан әңгімені топтарға бөліп беру.

V. Мәтінмен жұмыс
Топпен жұмыс. Мәтінді төрт аялдамаға бөліп оқиды
І топ
Құрманғазы түрмеге түскен бір кезінде түрмеде ақ шашты, ақ сақалды бір қарияны кездестіреді. Таныса келе ол адам Орда өлкесінен келген Құрманғазының жерлесі және домбырашы Салық атты азамат екен. Салық көп күй білетін өте шебер домбырашы болған, бірақ өкінішке орай өмірінің түрмеде өтуіне байланысты оның күйлері жарыққа шықпаған. Салық Құрманғазыдан көп үлкен адам болған. Сол түрмеде Салық дүние салады. Дүниеден өтер алдында Құрманғазыға "балам, бәлен деген жерде менің кемпірім мен қызым бар. Соларға менің дүниеден өткенімді естіртерсің" - деп аманат айтады.

ІІ топ
Содан Құрманғазы күндердің күнінде бостандыққа шыққан бойда өз үйіне бармастан Салық ақсақалдың аманаты бойынша сол үйді іздеп келсе, үйде пеш түбінде ұршық иіріп кемпір отыр екен. Құрманғазы сәлемдесіп, сусын ішіп отырып енді Салықтың өлгенін қалай естіртемін деп отырса, төрде домбыра ілулі тұр екен. "Әже, алыс жолдан келе жатыр едім, мына домбыраңызды беріңізші, бір - екі күй тартайын" - дейді. "Мына домбыра қызымдікі еді, өзінің ұлықсатынсыз ешкімге бермейтін еді, дегенмен алыс жолдан келе жатыр екенсің сағыңды қайтармаймын" - деп домбыраны алып береді. Құрманғазы сол жерде "Салық өлген" деген күй шығарып тартады.

ІІІ топ
Бірақ кемпір қапелімде түсіне қоймады. Сөйтіп, отырғанда сырттан қызы кіріп келеді. Ол Құрманғазыға сәлемдеседі де жаңағы тартып іліп қойған домбыраға қарап "Шеше, мына домбыраны кім тартты?" - дейді. Сол кезде Құрманғазы: "Домбыраны сұрап тартқан мен едім. Енді өз қолыңнан бер, бір күй тартып берейін" - дейді. Қыз домбыраны алып береді. Құрманғазы "Салық өлген" күйін қайта бастап орта тұсына келгенде қыз: "Шешетай, мына домбыра не дейді?" - деп анасын құшақтап жылап жібереді. Содан Құрманғазы күйін тоқтатып жылап отырған қызы мен анасын жұбатып, түрмеде отырған кездерін айтып әңгімелеп береді.

ІV топ
Сосын қыз Құрманғазыны жібермей екі - үш күш қонақ қылады. Күй тартысады, Құрманғазы қандай күй тартса да қыз қайталап беріп отырады. Содан Құрманғазы қызды жеңе алмай домбыраны башпайымен тартқан деседі. Сол кезде қыз етігін шешуге ұялып өзінің жеңілгенін мойындаған екен дейді. Сол қыз жастайынан дүниеден ерте өткен, артында бізге жеткен жалғыз "Байжұма" атты күйі қалған Салық қызы Орынша екен. Қазіргі кезде Орынша қыздың "Байжұмасы" деп тартылып жүрген. Көне көз қариялардың айтуына қарағанда Құрманғазының Айжан қызбен тартысуы туралы аңыз - әңгімелер бар. Бірақ шынында ол Айжан қыз емес Орынша қыз көрінеді. Ал Құрманғазының күйі "Салық өлген" аяқталмай қалған, жартылай тартылады дейді. "Салық өлген" - өкінішке толы, мұңды, азалы күй.
Балалар қолдарындағы мәтінді оқып, жұпта, топта мазмұнын талдайды.
Әр топтан бір - бір оқушы мазмұнын әңгімелеп береді.

Сергіту сәті
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Еңбек етіп біз - дағы,
Тұрғызамыз қаланы.
Біз таланты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

VI. Сабақты бекіту
Ой толғаныс
Кестені толтыру
1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерің білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Қазіргі кездегі күйшілерден кімді білесің?
5. Қандай күйлері аттың шабысын, халықтың ерлігін
суреттейді?
6. Қандай күйлері адамның тіліне жақын?
7. Қандай күйлері туған жерге деген сағынышты елестетеді?
«Ақын орындығы»
Ұйқас бойынша өлең құрату.
............... домбыра.
............... сен ғана.
Құрманғазы атамнан,
............... сен ғана.

Жұмбақ
Билемейді, сөйлейді, күліп, айтады ән,
Керек десең, қайталайды қайтадан. (Домбыра)
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. 132 - 133бет оқу, мазмұндау. Ойыңнан Құрманғазы туралы төрт жол өлең құрастыр.
11 470
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Халыққа жеткіз күйімді
Халыққа жеткіз күйімді
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлымен Дина Нұрпейісовамен таныстыру Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге баулу сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және таланттарын ашу.
Құрманғазы
Құрманғазы
«Құрманғазы» мәтініне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
"Құрманғазы" Сәуірбек Бақбергенов
"Құрманғазы" Сәуірбек Бақбергенов
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОМ МДШО - ның Бастауыш сынып мұғалімі Бакажанова Сания Танирбергенқызы
Құрманғазы
Құрманғазы
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
Құрманғазы Сағырбаев
Құрманғазы Сағырбаев
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ракишева Миргуль Ерболатовна
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мурсалимова Эльвира Ғабитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×