Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз ел тірегі, білімді ұрпақ

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сынып
«Тәуелсіз ел тірегі, білімді ұрпақ» (танымдық сайыс)


Танымдық сайыс.
Тақырыбы: Тәуелсіз ел тірегі, білімді ұрпақ.
Мақсаты: 1. Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге үйрету.
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
3. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, топ аттары жазылған қима қағаздар
Әдіс тәсілдер: Сұрақ - жауап, ой қозғау.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
- Жақсы, балалар, осындай жақсы сөздермен сайысымызды бастайық.
Балалар, өздерің байқап отырғандай, біз үш топқа бөлініп отырмыз. Топтарымыздың аттарын білу үшін мына ребустарды шешеміз.
І - топ «Зеректер»
ІІ - топ «Алғырлар»
ІІІ - топ «Тапқырлар»

Ендеше бүгін біз үш топ болып, білімімізді ортаға саламыз.
Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.
1Кезең «Қызықты үштік»
2 - кезең «Ұшқыр ой»
3 - кезең «Тіл өнері»
4 - кезең «Сын сағаты»

І - кезең «Қызықты үштік» - Мұнда өздеріңе таныс үш пән бойынша бірнеше сұрақтар берілген. Пәнді таңдай отырып, сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсек бес ұпай аламыз.
Математика сұрақтары:
1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар (мм, см, дм, м, км)
2. Төрт бұрыштың периметрін қалай табамыз (ұзындықтары мен ендерін қосамыз)
3. 7мен 8дің көбейтіндісі нешеге тең. (56)
4. Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)
5. Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа байланысты қашықтықты қалай табамыз? (жылдамдықты уақытқа көбейтеміз)
6. Параллель түзулер дегеніміз не? ( Қанша созсаң да ешқашан қиылыспайтын түзулер)
7. Шаршы дегеніміз не? ( барлық қабырғалары тең төрт бұрыш)

Қазақ тілі
1. Мәтіннің түрлерін атаңдар (Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар ( 42 )
3. Не істеді?, не қылды?, Қайтті? Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?(баяндауыш)
4. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап (ер жүрек, қайсар, батыл)
5. Қыстырма сөз дегеніміз не?
6. Сөз таптары нешеге бөлінеді?(9)
7. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? (Екі немесе оданда көп жәй сөйлемнен құралған сөйлем)

Ана тілі
1. Абылайдың азан шақырып қойған аты.(Әбілмансұр)
2. Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
3. Қазына көтерген бала кім?( Қ. Сәтбаев)
4. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Оян, қазақ» деген атпен жарық көрген ақын кім? (М. Дулатов).
5. С. Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесі кімге арналған. (Шоқан)
6. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы.(аңыз)

ІІ - кезең «Ұшқыр ой»
- Бұнда «Жаса Қазақстан» әні біткенше алдарыңа берілген сөзден бірнеше сөз ойлап табуларыңыз керек. Ол сөзді қазір алдарыңа беремін, қосымша ақ
қағаз беріледі. Соған тез жазып шығамыз.
«Атамекен»
«Қазақстан».
«Тәуелсіздік»
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады.
Келесі кезеңге өтелік.

ІІІ - кезең «Тіл өнері»
- Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілін де оқып үйреніп жатырсыңдар, ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн. Орыс тілі ұлтаралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
- Сондықтан қазір үш топқа үш жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар. Ендеше тыңдай
қойыңдар.

І - топқа.
1. Өзі сондай ақ,
Жесең тәтті ақ. (қант - сахар)
2. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю - медведь)
3. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза жаза арықтаған. (бор - мель)

ІІ - топқа
1. Өзі таудың бөктерінде өседі,
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (шырша - елка)
2. Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп - школа)
3. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ,
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (қар - снег)

ІІІ - топқа
1Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап - книга)
2. Ұшып – қонып тынбайды,
Жерге соқсаң сынбайды,
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. (доп - мяч)
3. Бұдан кір қорқады.
Судан бұл қорқады. (сабын – мыло)

- Тамаша, балалар, сендер орыс тілінде жақсы меңгерген екенсіңдер. Келесі кезекте

ІV - кезең «Сын сағаты»
- Мұнда әр топтың топ басшыларына сұрақтар қойылады. Олар жауап берулері керек.
1Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан жариялады?(1991жыл16желтоқсан)
2. Әр адамның шағын отаны.(отбасы)
3. Мемлекеттік рәміздерді ата. (ту, елтаңба, әнұран)
4. Үш биді ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
5. Әнұранның авторлары кімдер? (Н Назарбаев, Ж Нәжімединов, Ш Қалдаяқов)
6. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)
7. Биыл тәуелсіздікке неше жыл? (20)
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
9. Қабанбайдың шын аты (Ерасыл)
10. «Абай жолы» роман эпопеясының авторы кім? (М Әуезов)
11. «Хат сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша)
12. Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі бойынша нешінші орында (9)

- Міне, балалар, төрт кезеңнен тұратын сайысымыз өз мәресіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
Марапаттау.
Қорытынды.
5 193
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Күш білімде
Күш білімде
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна
Ұлт болашағы білімдінің қолында (cайыс сабақ)
Ұлт болашағы білімдінің қолында (cайыс сабақ)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сопбекова Гүлназ Серікбайқызы
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аюпова Гульсара Кубашевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×