Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті атаңды білесің бе?

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
(танымдық сайыс 2 - 3 - 4 сыныптар)

Сайыстың тақырыбы: Жеті атаңды білесің бе?
Мақсаты: Оқушылардың 7 аталары туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық салт - дәстүрді бағалай білуге үйрету. Өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтап, тілді сүюге құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Сайыстың өткізілу барысы:
1. «Тегін білмеген – тексіз» (Таныстыру)
2. «Батаменен ер көгерер» (Бата беру сайысы)
3. «Шежіре сыр шертеді» (Ұрпақ сабақтастығы туралы шығармашылық)
4. «Көңілі ояу, көзі ашық» (Сұрақ - жауап)
5. «Өнерліге өріс кең» (Үйге тапсырма)

1. Жүргізушінің сөзі: Қазақпыз қыз өсірген іңкәр қылып,
Қазақпыз ұл өсірген шырқап жүріп,
Қазақпыз құс та салып, ат жаратқан
Сайысқа түскен және тұлпар мініп.
Жалғастырған мұраны,
Ел жұртының қорғаны
Сегіз қырлы, бір сырлы
Қазақтың сұлтан ұлдары!
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей, бүгінгі «Жеті атаңды білесің бе»? атты танымдық сайысымызға қатысушы жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

1. Кем емеспіз игі дәстүр санаттан,
Дос жүрекке жаз дидарлы таң атқан.
Сыр мен сымбат жарасады жігітке
Ортаға шық Талғатұлы Мейірбек.

2. Білдіргенге азаматқа ел сенім,
Еңсесі оның көтерілер деседі.
Қол шапалақ болсын қауым сіздерден,
Шыққан кезде Еркінұлы Тарғынды.

3. Кім тоқтатар мына зымыран уақытты,
Перзентімен өсетін ел бақытты.
Ақ Сенекте небір саңлақ өнерлі
Танысын ел жауқазын ұл Мейрамбекті.
4. Ел мен ердің мәңгі жалғас тағдыры,
Танылады бүгін жігіттердің алғыры,
Сына өзіңді біліміңді аяма
Ортаға шық Бесінбайдың Кітапбайы.
5. Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Халайық қаттырақ қол соғыңдар,
Қарсы алайық Амандықұлы Әнуарды.
6. Қазақ елім тәуелсіз боп танылған,
Бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан.
Көрерменге көрсететін өнерін,
Сайыскердің бірі ортада Бердәулет.
7. О, жігіттер, неткен сендер сымбатты ең,
Табиғатта сендер деп бір еліккен
Маңғыстауды ата жұртқа санайтын
Сөз тыңдайық Халықбекұлы Тарғыннан.
(Жеребе суырады)

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар.
Бас жүлдені өнерлі тапқан алар,
Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нақ сыналар.
Кез келген сайыс бағалануы тиіс. Олай болса, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

Сайысымыздың 1 – бөлімі «Тегін білмеген тексіз» деп аталады. (Жігіттер өздерін таныстырады).
Батаменен ел көгерер,
Жауынменен жер көгерер.
Деген асыл халқымыз,
Сақталсын сана салтымыз.

Келесі сайысымыздың 2 – бөлімі «Батаменен ер көгерер» деп аталады. (Бата беру сайысы).
Біле білген білімді зерек дейміз,
Білімімен ел - жұрттан ерек дейміз.
Шежіресін білгені ұл балаға,
Өміріне мәні бар сабақ дейміз.

3 – бөлімі «Шежіре сыр шертеді» (Ұрпақ сабақтастығы туралы шығармашылық қорғау).
Нұр жаусын таудай болса талаптары,
Білсем деп талай кітап парақтадың.
Сынайтын, қиын сұрақ қойылса да,
Дәл және айқын болсын жауаптарың.

Келесі бөліміміз «Көңілі ояу, көзі ашық» (Сұрақ - жауап бөлімі)
1. 1. Ұлттық аспаптарды ата.
2. Киіз үйдің бөліктерін ата.
3. Елтаңба туралы не білесің? Авторын ата.
2. 1. Қазы - қарта деген не?
2. Наурыз қандай мейрам?
3. Әнұранның авторларын ата.
3. 1. Тыйым сөздерді айт.
2. Ат әбзелдерін ата.
3. Ұлттық ойындарды ата.
4. 1. Ұлттық тағамдарды ата.
2. Еңбек туралы мақал айт.
3. ҚР мемлекеттік туы туралы не білесің?
5. 1. Соғым дегенді қалай түсінесің?
2. Өнер білім туралы мақал айт.
3. Тоқымқағар деген не?
6. 1. Мұсылмандардың қасиетті кітабы қалай аталады?
2. Жеті қазынаны ата.
3. Төрт түлік пірлерін ата.
7. 1. Ұлттық валютамыз қалай аталады?
2. Еліміздің астанасы қай қала?
3. Ұлттық рәміздер дегеніміз не?

Қандай жақсы жақсылықта көріскен,
Жігіттер тұр, алдарыңда келіскен.
Қанша өнер білсең де, көптік етпейді,
Дейтін елміз өнерліге өріс кең,- дей келіп, келесі бөліміміз «Өнерліге өріс кең» деп аталады. (Үйге тапсырма).
Қазылар әділдікті орнықтырар
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жеткен болар нағыз мықты,- деп, ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Марапаттау.
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық,
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,- деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
9 701
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 10 - сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Жеті атаңды білесің бе?
Жеті атаңды білесің бе?
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Матикова Роза Сариевна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Жігерлі бала ер болар
Жігерлі бала ер болар
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кенжесариева Аманкүл
Ата салтың – халықтық қалпың
Ата салтың – халықтық қалпың
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, Сарыарқа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жүнісов Рухат Құрмашұлы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×