Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаз келер

13 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 - сынып
Сабақтың атауы: Жаз келер.
Сілтеме: Шәкәрім Құдайбердіұлы. 3 - сынып оқулығы. (презентациясымен)

Жалпы мақсаты
Жыл мезгілі және ондағы өзгерістер туралы білімдерін кеңейту, танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.
Міндеттер:
Жыл мезгілдерін ажырата білу, ерекшелігін дәлелдей алу.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Күтілетін нәтижелер

Мұғалімнің іс - әрекеті 1. Жаз мезгілі жайлы ұғым, білімнің алғашқы негізін қалау;
2. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстыра пайдалану;
3. Жаңа сабаққа қызығушылық тудыру;
1. Оқушылардың бірін - бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Қолданған әдебиеттер

1. 3 - сынып оқулығы. Алматы баспасы 2010 ж. Тіл дамытудың ғажайып әлемі./Аруна/ баспасы. Алақай көркем сөз әлемі. /Аруна /баспасы. Бастауыш мектеп журналы 2011 ж.
1 сабақ. тақырыбы: Жаз келер.
Туған табиғатты аяла, күтіп ұста, қорға ұғымы, оның тамаша кереметтері Қолданатын терминдер:
Белгілеуге арналған түйіндісөздер: Харекет, күн шуақтап.
Табиғат заңдылықтарын жиі шатастырады Жыл мезгілінің
айырмашылықтарын анықтау

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0, 5мин
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс - әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
- оқушылар не алады?
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- өмірден алған тәжірибесінің әсері?
- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
Іс - әрекеттегі мақсат:- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Қызығушылығын ояту
Слайд1
Мұғалім: 1. Жаз өлеңі арқылы топқа бөлу. /2 мин/
2. Жаз өлеңімен бастау. Мұғалім мәнерлеп оқу./2 мин/
Балақты Балақай – ау, балақай, Жылтылдатып
Жаз келді – ау, алақай. тіземіз
Жалаң аяқ жүреміз,
Балақты да түреміз.
Көлден балық сүземіз,
Жалтылдатып тіземіз.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
- еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? - әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
- алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
- білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ. Мағынаны тану
Мұғалім сұрақ: өлеңде не туралы айтылған? Слайд2/1/5 мин/
Оқушылардың пікірін тыңдау.

Мұғалім сұрақ: Ендеше жаз, мезгілі жайлы не білеміз? Слайд 2/2
Оқушылардың пікірін тыңдау. /5мин/
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
- оқушыларды белсене қатыстыру
- стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқы - сын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
- оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым - қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
- оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс (рефлексия)
- сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
- жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
! Тапсырма - Жеке /1 мин / Слайд 3/1
- Шағын топта талқылаймыз, қағаз бетіне “жаз”мезгілін
суреттейміз /5 мин / Слайд 3/2

Филип чартты әр топ ұстап тұрып қорғайды.
Жаңа ақпарат. Слайд/2 мин/
Мұғалім қосымша мәтін таратады. Оқушылар мәтінді оқып жатқанда мұғалім
оқушылардың фломастерін ауыстырады.
........................................................... тақырыптың орны /8 шт шығару керек/

Тапсырма: 1. Оқулықпен жұмыс. Жеке оқы/5мин / Слайд 4/1
2. Топта талқылап, филп чартқа қосып жаз /5мин / Слайд 4/2
3. Сыныпта қорғау /5 мин/ Слайд 4/3

ІІІ. Ой қорытынды
Слайд 5/1Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не болды? (Оқушылардың ойын сұрап, сыныппен ақылдасып тақырыпты табамыз.)
Слайд 5/2 « Жаз келер» слайдпен шығару 1 мин
( Жоғарыдағы тақырыпты жазу бос орнына тақырыпты қоямыз)
Бағалау (түрлері)
- оқушының өзін - өзі бағалауы
- топтың өзін - өзі бағалауы
- мұғалімнің бағалауы
- жалпы бағалау
- критерийлер арқылы бағалау
Бағалау: /05, мин/ Өзін - өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты - жөні
Топта сөйлеп, қаншалықты ой айтқандығын бағала
Белсенділігін бағала
Мұғалімнің бағалауы

- сабақты қалай аяқтауды жоспарлау Қорытынды: Табиғатты қалай аялап күтіп қорғауымыз керек?
Сабақты аяқтау түрлері
- бір пікірге келу...
- өз пікірін дәлелдеу...
- үйде жалғастыру... Слайд 6/2
Үйге тапсырма жазып ал
Қыста неге жеміс – жидектер өспейді?/3мин/ 45 мин. Сабақтың соңы
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс - әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
- оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
- мүмкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?
Сабақтан кейінгі рефлексия.

Мен айтқан білімді оқушыларым толық меңгере алды. Бірақ осы сабақ барысында мен оқушыларды топқа бөлуді ұмытып кетіп барып, есіме іле түскен кезде, топқа бөле бастадым. Осы сабақтағы сергіту сәтін жүргізген кездегі жағдайды өзгерткім келеді.
- қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) Өлең жолдары барысында оқушыларды топқа бөлдім.

Кері байланыс парағы.
оқушының аты - жөні_____________________
Сабақта не ұнады, немесе жақсы болды
Не ұнамады, немесе жаман болды
Сабақта нені өзгерткің келеді, сенің қалауың

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ музыка өнерінің – гималайы Ахмет Жұбанов
Қазақ музыка өнерінің – гималайы Ахмет Жұбанов
Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы - Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. «Ақ көгершін»Оқушыларға музыка зерттеушісі, сазгер А. Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Жыртық кітап
Жыртық кітап
Раушангүл Кенжебайқызы Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебі
Жиырма сегіз
Жиырма сегіз
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебі. бастауыш сынып мұғалімі Раушангүл Кенжебайқызы
Бата сөз
Бата сөз
Раушангүл Кенжебайқызы Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебі.
Ардақты ана
Ардақты ана
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Раушангүл Кенжебайқызы
Көксерек
Көксерек
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылының бастауыш сынып мұғалімі: Салықова Толқын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×