Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көмектес септік

04 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Көмектес септік.
Мақсаты: а) зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін әрі қарай жалғастыру.
Көмектес септігі туралы түсінік беру, сұрақтарын, жалғауларын меңгерту. Көмектес септігінің қызыметінің өрісінің кеңдігін жаттығуларды орындау барысында түсіндіру.
ә) Сөздерді септей білу дағдыларын, олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Танымдық ой - өрісін дамыту. Сөздік қорын дамыту.
б) Халқымыздың ұлттық құндылықтарын пайдалану арқылы балаларды ұлттық салт - дәстүрді сүюге, оны білуге ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ертегі желісімен құрылған слайд, мақал - мәтелдер, «Елім - ай»
әнінен үзінді. Ж. Молдағалиев, Қ. Мырза Әли, А. Бақтыгереева портреттері.
Түрі: кіріктірілген сабақ.(әдебиетпен, музыкамен)

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.
Өткен сабақты қайталау.
- Балалар біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?
- Зат есімнің септелуі.
- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
- Зат есімге септік жалғауларының жалғануын зат есімнің септелуі дейміз.
- Қазақ тілінде неше септік бар? Және ол туралы қандай ертегіні өтіп жатырмыз?
- қазақ тілінде 7 септік бар, және ол туралы «Септік шалдың жеті ұлы» деген
ертегіні өтіп жатырмыз.
- ендеше ертегіні есімізге түсірейік.(ертегіні еске түсіре отырып, өтілген септіктерді сұрағымен қайталаймыз.)
- олай болса, балалар, ертегімізді әрі қарай жалғастырайық. Елде жұт әлі жайлап жатса керек. Тағы 1ай өткенде ажал Септік шалдың кенже ұлына да келіп жетіпті. Кенже ұлы кім еді, кім айтады? – «Көмектес»
Жаңа сабақ
- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз - Көмектес септігі туралы болмақ. Дәптерімізді ашып күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазып қоялық.
Интерактивті тақтадан слайдты ашамыз. Ертегімізді жалғастырамыз.
- Сендер, міне, соңғы үмітінен де айырылған қаралы септік шалды көріп отырсыңдар
Көмектес атты ұлынан айрылған ол тақтайға тағы бір қылды ішек қылып тағып, «енді кіммен өмір сүремін, немен шұғылданамын?» деп зар жылап, 7 ішекке асықты тиек қылып тағып «ЖЕТІГЕН» аспабын жасап шығарыпты. Содан бері

Көмектес септігінің сұрақтары: кіммен?, немен?, кімдермен? нелермен?
ал жалғаулары: – мен,- бен,- пен болыпты.

Слайдтан Жетіген аспабын көрсетіп, оның бүгінгі таңда қолданылуы жөнінде әңгімелеу. Қарақат Әбілдинаның осы аспаппен ән айтып, шәкірт тәрбиелеп жүргенін айта кетемін.
- қазір ЖЕТІГЕН сөзін дәптерімізге септейік. (септеп болған соң, дәптерлерін алмасып, бірін - бірі тексереді.)
- Балалар Септіктің ұлдары неден қайтыс болды? - жұттан
- жұт дегеніміз не?
Топтастыру.

Слайдтан көрсету.
Мақалмен жұмыс.
1. Жұт - жеті ағайынды. (мақалдың мағынасын ашып, сөйлем мүшесіне талдау.)

2. Жұт - жетеу, содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он.
(бұл мақалда табиғат апатының зардабы адамның өзіне де байланысты екенін аңғартқан. Мақалдан көмектес септігіндегі сөздерді табу.)

Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
2 - жаттығу (ауызша) Жұмбақты оқып, көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қою.

Ой шақыру - Балалар Септік шал ЖЕТІГЕН аспабын не үшін жасады деп ойлайсыңдар? (Балаларын жоқтап, мұң - зарын шерту үшін)
- ЖОҚТАУ – дегеніміз не?(балалар өздерінің білгенін айтады.)
Жоқтау дегеніміз - ауыз әдебиетінің бір түрі. Слайдтан анықтамасын оқыту.
Жоқтау - адам қайтыс болған кезде айтылатын жыр.
Ертеректе қадірлі азаматы өлген қаралы ауыл киіз үйдің түндігіне, кейде жапсарына аза туын іліп қоятын. Егер өлген адам жас болса, қызыл түсті жалау, орта жастағы адам болса, қара түсті жалау, қарт адам болса, ақ түсті жалау іліп қоятын болған.
Қаралы ауыл көшіп - қонғанда, үй жығып жатқанда, жүк артылып болып, көш жолға шығарда дауыс салып жоқтау айтатын болған. Мұнда үлкен мән бар. Өлген адамның соңғы күндері өткен жерді қимай, сол ата мекені мен өлген адамның арасындағы байланыстың үзілгенін қайғылы түрде паш етуді білдіреді.
Жоқтау мұңлы, зарлы болып келеді.

Сергіту сәті. Музыкамен пәнімен байланыс.
- балалар, қазір көзімізді жұмып, бір әннен үзінді тыңдап көрейік.(Елім - ай әнінен үзінді тыңдау.)
- Бұл қандай ән? Шығу тарихы жөнінде не білесіңдер?(әңгімелеу)
- Бұл жоқтау ән. Тұран этно - фольклорлық ансамблінің орындауында орындалған.
Құрамында жетіген аспабы да бар. (слайдтан Фотосуретін көрсету.)
Жаттығу жұмыстарын жалғастырамыз.
4 - жаттығу. (ауызша ) Тиісті қосымшаларды орнына қойып, сөйлемдерді оқу.
5 - жаттығу. Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жазу. Осы сөз тіркестерін қатыстырып, 5 сөйлем құрап жазу.

Сабақты қорытындылау.
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Оларды кім атайды?
Слайдтан Қадыр Мырза Әлидің фотосуретін көрсету. Ақын туралы әңгімелеу
- Қадырдың «Септеу» атты өлеңімен сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: 3 - жаттығу және «киелі 7 саны» ұғымына қатысты мақал - мәтелдерді, ұғымдарды жазып келу.
Оқушыларды бағалау.
Сабақты аяқтау.

Ертегі:
«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» - деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? - деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «Жетіген»аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
10 383
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Көмектес септік
Көмектес септік
Өткен сабақтармен сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Көмектес септік
Көмектес септік
Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру. Сөйлем ішінен көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғауларымен таныстыру, олардың сұрақтарын меңгерту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×