Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік - тәрбие бастауы

05 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: а) Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке,
әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Түрі: ертеңгілік
Әдісі: сұрақ - жауап
Мұғалім: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар жадыраған жас достар!
«Әдептілік – тәрбие бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Біздің халқымыз әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында, мектепте, қоршаған ортада баланы кішіпейілдікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек.
Уәде беріп орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз» екен дейді. Онымен басқа адамдар қарым – қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай не білмей бұзады. Әдепті бала кездескенде үлкендермен сәлемдеседі. Сөйлескен кезде «сен» демей «сіз» деп сөйлесу керек. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады.
Ал қазір әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады екен, осы жайлы оқушыларға сөз берейік.

1 - оқушы: Кеше ғана қадалған,
Өміртайдың түймесі
Орнында жоқ япыр – ай,
Қайда кеткен бұл несі
Етек кетер салақтап,
Бос жүріспен далақтап.
Ұқыптап сабақ ұқпайды
Өз бетімен алақтап.

2 - оқушы: Ілгек, түйме жұлынып,
Кешке дейін алысар.
Әркімге бір ұрынып,
Құспен, малмен жарысар
Шашы түсіп көзіне,
Түсінбей ақыл сөзіне
Мұғаліммен таласар,
Дәлел тауып сөзіне

3 - оқушы: Дәптер, сөмке бәрі де,
Дал – дұл болып жыртылған.
Сия төгіп бәріне
Шимай салған сыртынан.
Сабақ бітті мектептен,
Оқушылар тарады.
Бір тентек бір тентекпен
Дабырласып барады
4 - оқушы: Қара сөмке біреуі,
Бейне қасқыр талаған.
Ала сөмке біреуі,
Алба жұлба жамаған.
Қара сөмке күрсініп,
Жолдасына мұң шақты.
Құрысын бұл тіршілік
Бүгін тағы қаусатты.
Тағы мені қолға ала,
Бар баланы соқты кеп,
Жұлып алып ол бала
Кетті мені тепкілеп.

5 - оқушы: Мені де, - күйретті,
Ала сөмке томсара...
- Бала мені сүйретті,
Етіп мені қолшана
Сондайларға досым – ай
Неге бізді береді?
Екі сөмке осылай
Мұң шағысып келеді

6 - оқушы: Анау бала, қолын қара,
Кір қожалақ қап – қара,
Тырнақ өскен,
Шашы көптен,
Алынбапты – ау масқара!
Тазаланып тұру керек,
Ерте мен кеш жас бала

7 - оқушы: Қайыр күтпе баладан,
Өз мысығын сабаған.
Кім алдаса анасын
Оған қалай нанасың.
Екі болса алғаны –
Бала ұятқа қалғаны,
Ойнап жүріп жыласа –
Орынды емес бұл аса.
Добын қимас ойнауға,
Ұят, сараң болған да.

Ән: «Жалқаубек»
Көрініс «Жай ғана әжей»
8 - оқушы: Әдептілік деп – үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей – ақ
алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
9 - оқушы: Ата – ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
10 - оқушы: Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
11 - оқушы: Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
Ән «Апам үшін»
12 - оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,
Асықпай іш тамақты
Пышақты ұста оң қолмен,
Қабығымен бәрін же,
Салдыр салақ болмағын.
13 - оқушы: Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлып түймені.
Ашуланбай долданып,
Жауап бергін ойланып,
Құр бекерге қылқима,
Болмашыға бұртима.
14 - оқушы: Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме,
Мақсат қоймай алдыңа
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйла үлкен, кішіні
Қамқорлыққа ал кішіні,
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін,
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
15 - оқушы: Сырттан келген мейманға,
Сәлем беріп, қол алсаң
Бірінші еткен құрметің
«Түсіңіз», - деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң
Екінші еткен қызметің,
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,
Үшінші еткен құрметің,
Мейман риза болғаны –
Құрметпен үйге қонғаны.

Не деу керек?
1. Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Барлығы: «Рахмет, апа!» деу керек.

2. Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың көршіңді,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Барлығы: «Кешіріңіз!» деу керек.

3. Осы келген бетіңде,
Допты қудың, жарыстың
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?
Барлығы: «Сәлеметсіз бе!» деу керек.

4. Үй артында қоқысты,
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?
Барлығы: «Көмектесейін!» деу керек.

«Жалғастыр» ойыны
Не істеуге болмайды?
1. Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
2. Құстарды атуға болмайды.
3. Кішкене баланы жылатуға болмайды.
4. Сабақтан кешігуге болмайды.
5. Қыз баланы ренжітуге болмайды.
6. Сыныпта айқайлауға болмайды.
7. Түнде үйге қарай жүгіруге болмайды.
Не істеу керек?
1. Үлкен кісіні сыйлау керек.
2. Үлкеннің тілін алу керек.
3. Үлкендерге сәлем беру керек.
4. Аналарды, апаларды сыйлау керек.
5. Кішіге қамқор болу керек.
7. Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.

«Құпия хаттарға» жауап беру
1 – хат: Құрметті достар!
Менің көршімнің баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 – хат:
Сен бір құшақ газет – журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
Не істейсің?
3 – хат:
Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті....
Не істейсің?
Қорытынды
7 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Әдептілік әлемінде
Әдептілік әлемінде
Мақсаты: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Әдептілік - тәрбие бастауы «Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі» Халық мақалы Мақсаты: 1.Адамгершілікке,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×