Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етікші

09 тамыз 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ
2 сынып

Ана тілі
Тақырыбы: Етікші
Сабақтың мақсаты:
1) Ертегінің мазмұнын түсіндіру, мағынасын ашу, оқу дағдыларын арттыру
2) Ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Оқушыларды ізгілік қасиеттерге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, адасқан әріптер, мақалдар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ - жауап.

Жүру барысы
1) Психологиялық дайындық
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Сыныпты түгендеу.

2) Үй тапсырмасын тексеру.
” Жалқау немере”
Оқушылардан сұрап қосымша сұрақ бергізіп бағалау және үйге берген мақалдарын оқытып қосымша сұрақпен бағалау.
Шығарма «Мен қандаймын?»
3) Қорытынды
1. Ертегі не туралы?
2. Немере қыз қандай?
3. Оның еңбек етуіне не себеп болды?
4. Бұны қалай қорытуға болады?
5. Жалқау сөзіне мәндес қандай сөздер бар?
4) Жалқау - еріншек қырсыз жатып ішер
5) Сергіту сәті: “ Жалқау бала” әнімен
6) Адасқан әріптер: Шікіте (Ой шақыру)
7) Жаңа сабақ: Етікші
І. Қызығушылықты ояту.
Жоба әдісі бойынша тақырыпты ашу (слайд көрсету)

Ой қозғау
- Ертегі туралы не білеміз?
Ертегі – қиял мен арманға негізделген шығарма. Ертегілер әңгіме, өлең түрінде айтылады., жазылады. Онда халықтың арманы, әдет - ғұрпы, мұңы баяндалады.
А. Ертегіні мұғалімнің түсіндіруі
Ә. Ертегіні оқушылардың тізбектеп оқуы
Б. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
В. Етікшіге мінездеме беру

Адал
Ақылды
Еңбекқор
ізденімпаз
Мейірімді

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті.
Қырға шықсаң өрлеп, (қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді)
Мұның аты – Еңбек. (екі қолын жаяды)
Кесте тіксең, зерлеп, (оң қолын ине ұстап қимыл көрсетеді)
Мұның аты – Еңбек. (екі қолын жаяды)
Сабағыңды жөндеп (жанындағы көршісіне қарап қолын жаяды)
Әзірленсін – Еңбек. (екі қолын жаяды)
Қиындықтың бәрін (құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (екі қолын жоғары)

Шығармашылық тапсырма
Еңбек

Тәрбиелейді
жігерлендіреді
күш береді
шынықтырады
қуантады
үнемшіл болуға үйретеді
өсіреді, табысқа жеткізеді
арманы орындалады
бақыт береді
өмір сүруге үйретеді

Мақал – мәтел айтқызу.
1. Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.
2. Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.
3. Шебердің саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жаңылтпашты жатқа айту
Сабақты қорытындылау. Кубизм стратегиясы

6. Ертегідегі негізгі ой не болды?
ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК деуге бола ма?

Жүректен жүрекке.
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне жақсылық тілеп, ізгі тілек айтады.
- Наурызбек, еңбегің жемісті болсын!
- Динара, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Ерлан, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Гүлжан, өмірдегі тірегің еңбек болсын,
- Бекзат, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
Жүректен – жүрекке осылайша жалғаса береді.

Мұғалімнің сөзі: Ал адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық – еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші - еріншектік, үшінші – залымдық – деген екен. Жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман қылықтардан аулақ болайық
Бүгінгі өткен ертегідегі Етікші сияқты еңбекқор, адал, мейірімді, ақылды болайық.
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

Оқушыларды бағалау.
Үйге:
«Етікші» мәтіні түсініп оқу, “ Менің арманым” тақырыбына әңгіме жазу.
9 337
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну. Өсімдіктердің табиғаттағы орнын анықтап, маңызын ұғынады.
Үш жалқау
Үш жалқау
Ертеде бірінен - бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді екен.
Сауысқан мен Көкек
Сауысқан мен Көкек
Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен Көкек
Жалқау немере
Жалқау немере
Сабақтың тақырыбы: Жалқау немере Сабақтың мақсаты: - оқушыларға еңбек ету туралы негізгі ойды ұғынуға көмектесу.
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×