Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй құстары

05 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Айналамен таныстыру 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: « Үй құстары»
1. Білімділік мақсаты: Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тауық, үйрек, қазды айыра білу, балапан мен шөжені айыра білу. Сыртқы түрі, мекені, қорегі. Адамға пайдасы.
2. Түзеу мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру, салыстыру, үй құстарын дала құстарынан айыра білу.
3. Тәрбиелік мақсаты, Үй құстарына, жабайы құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту, күту, баптау туралы түсінік беру.
Көрнекіліктер: Компьютер, слайд «Құстардың пайдасы», құстардың суреттері, туралған көк шөп, бидай, тары, қарақұмық, қосымша әдебиет «Қазақтың халық ертегісі»
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Айналамен таныстыру.
- Нешінші сабақ?
- Екінші сабақ.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі. Аптаның үшінші күні.
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем.

2. Психологиялық сәт.
Мұғалім оқушыларды тақтаның алдына шақырады. Дөңгеленіп қол ұстасып тұрады.
Мұғалім «Мен мейірімді адамын» дейді.
Ал, сен қандай баласың деп әр баладан кезек - кезек сұрайды. Балалар «Мен ақылдымын, тәртіптімін, әдептімін, жақсымын, әдемімін, тіл алғышпын»- деп жауап береді.
- Міне, тамаша, қандай жақсы балалар, орындарыңа отырыңдар. Сабақ үстінде өздеріңнің дәл осындай тәртіпті, ақылды екендеріңді көрсетуге тырысыңдар.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Жаңа сабақ.
- Суреттерде не бейнеленген? Тауық, қаз, үйрек, қораз.
Бәрін бір сөзбен айтыңдар.
- Мен қазір жұмбақ айтамын, сендер шешуін айтыңдар.
1. Дүниеде бір молда
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап
Қайтіп кеп жер шоқиды.
(Қораз)
2. Басында айдары, иекте сақалы бар.
Үстінде күжірейген тоны бар
(Күрке тауық)
3. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
4. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені,
Жата қалса орнына
Ақ доп тастап кетеді.
(Тауық)
5. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.(Қаз)
Суға түссе балықтай
Жүзе берер жалықпай
(Үйрек)
Тауық, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырып күтеді. Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығын жастық, көрпе, күртеше жасайды. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды. Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес.
5. Слайд « Құстардың пайдасы»

6. Поэзия минуты.
Екі оқушы жаттаған тақпағын айтады.
Оятпа қораз сен бізді,
Өзімде сездім таң атты.
Сенсіз - ақ білем мезгілді
Танимын енді сағатты.
Тауық тары жинапты
Оны ешкімге қимапты.
Бөтегесін толтырып
Қамбасына құймапты.

7. Карташамен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
2 - 3 деңгейдің оқушылары 6 құстың ішінен, 4 - деңгейдің оқушылары 2 құстың ішінен үй құсын белгілеу.

8. Көрмемен жұмыс. / Ыдыстарға туралған көк шөп, бидай, тары, қарақұмық салынып қойылған/
- Мынау не?
- Бұл бидай.
- Мынау не?
- Бұл тары.
- Мынау не?
- Бұл көк шөп.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, қалай ойлайсыңдар бұл ненің азығы?
- Бұл құстардың, олардың балапанының қорегі.
- Адамдар оларды күтіп, баптайды, мәпелеп өсіреді, сондықтан оларды үй құстары дейміз.

9. Сергіту сәті.
Қуыр - қуыр - қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш.
Әжең келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап қаш.

10. Суретпен жұмыс. « Құстардың күтімі туралы»
2 - 3 деңгейдің оқушылары жауап береді.
4 - деңгей қайталайды.

11. Ойын «Анасын тап»
Балапандардан шөжені айыра білу.
Бір қатарда балапандар, екінші қатарға шөжелердің суреттерін таратып, әрқайсы өз анасының жанына келіп тұру. / Үлкен етіп салынған тауық пен қаздың суреттерінің жанына/
12. Қосымша әдебиетпен жұмыс. «Екі әтеш» ертегісін мұғалім оқып береді.
- Балалар неге ертегі «Екі әтеш» деп аталған?
- Әтештердің қылығы дұрыс па?
- Сендердің араларыңда осындай қиқар балалар бар ма?
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Шұбар тауыққа шөжелерін тауып бер.
Санау. Түрлі - түстерді қайталау.
2 - деңгей. Суретті түгел бояу.
3 - деңгей. Шөжелерді санап, бояу.
4 - деңгей. Шөжелерді бояу.

13. Қорытындылау.
- Сонымен, біз бүгін қандай құстармен таныстық?
Неге оларды үй құстары дейміз?
Айырмашылықтарын айтайық.
Ұқсастықтарын айтайық
Пайдасын айтайық
- Балалар құстар көп болып өсуі үшін не істеу керек?
- Құстарды күту керек. Уақытында суару, жем - шөп беру.

14. Бағалау.
15. Үй тапсырмасы «Үй құстары» мәтінін оқып келу.
27 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Құс туралы түсінік беру. Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді? Құстардың түрі өте көп.
Үй құстары
Үй құстары
Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту. Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Үй құстары және дала құстары
Үй құстары және дала құстары
Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту. Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Үй құстары
Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×