Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімді қайталау

13 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Зат есімді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Жекеше көпше түрі.
Сабақтың мақсаты:
1. Сұрақ - жауап әдісімен өткен сабақтағы білімдерін қайталау.
2. Оқушылардың топпен - жұмыс істеулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушылардың алғырлыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Бүгінгі сабаққа назарларын толық аударту.
- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарға өткен сабақта зат есім туралы не біліп, не ұққанымызды өзіміздің білімімізбен көрсетейік.
Сондықтан біз 2 топқа бөлініп, жарысамыз. 1 топтың аты «Сұңқар», ал 2 топтың аты «Тұлпар». Жарыс 6 айналымнан тұрады.
1. Бәйге.
2. Тіл өнері
3. Жеті жұмбақ
4. Жорға
5. Ребус шешу
6. Дода
Осы айналымда берілген сұрақтарға дұрыс, тез жауап берген топ «Білім кілтін» жеңіп алып, жеңіске жетеді және біліміне сай жақсы бағаланады. Ол үшін біз 2 топтың басшысын сайлап алайық.
1 топ басшысы: .....
2 топ басшысы:.....
Бұл жарысты бастамас бұрын «Әділ қазылар алқасын» сайлайық.
1. ....
2.....
- Ал енді сайысқа түсуге дайынсыңдар ма? Иә, дайынбыз.
Сұңқарлар тобы: Топтың аты «Сұңқар» бұл
Келдік біздер жарысқа
Зат есімнің сырларын
Баяндаймыз сайыста.
Тұлпарлар тобы: «Тұлпар» атты атымыз
Көп нәрседен хабармыз
«Сұңқар» атты топпенен
Сайысуға даярмыз

I айналым: Бәйге
Мақсаты: «Бәйге» айналымында 2 топқа сұрақ беріледі, сендер сол сұраққа толық жауап бересіңдер. Топтың 2 басшысы келіп өз топтарына тапсырманы таңдап алады.

1 - топ « Сұңқарлар»
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Зат есімнің түрлерін ата?
- Көптік жалғауларын ата?
2 - топ « Тұлпар»
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтарын ата?
- Адамға және мамандығына байланысты қандай сұрақтар қойылады?
- Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?

Ал енді 2 айналым: « Тіл өнері»
Бұл сайыста сендерге «Әрі қарай жалғастыр» ойыны берілген. Ойын шарты: Өлеңдердің басы басталып жазылған, сендер сол өлеңді аяқтап мәнерлеп жатқа айтасыңдар. Өлеңнің авторын табасыңдар. Топтың 2 басшысы келіп өз топтарына тапсырманы таңдап алсын.
1 - топ « Сұңқарлар»
1. Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
(Абай)
- Абай кім?- Абай ақын
2 - топ « Тұлпар»
1. Кел, балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
(Ыбырай)
- Ыбырай кім?- Ыбырай - жазушы, әрі мұғалім
- Жақсы. Енді оқулығымыздың 121 бетіндегі 330 - жаттығуды орындаймыз: Жаттығуды көшіріп жазамыз. Астындағы берілген сұрақтарға жауап береміз. Екі топ бірдей орындайды. Қай топ тез, таза әрі әдемі жазып орындаса, сол топ бірінші жауап береді. Сол топтың қоржынына ұпай беріледі.

Ал енді 3 айналым «Жеті жұмбақ»
Бұл сайыста 1 «Сұңқарлар» тобына «Атаң мен әжеңнің өз заттарын өздеріне жинап бер» ойынын ұсынамыз.

Ойынның шарты: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін суреттегі заттарды ажыратып жазасыңдар да, ауызша айтып бересіңдер.
Ал 2 « Тұлпар» тобына «Ойлан тап» ойынын ұсынамыз.
Ойынның шарты: Суретте берілген 4 түлік малдың төлін дұрыс тауып, пірлерін атау. Пірлеріне сұрақ қойып, қай сөз табы екенін анықтау.

Ал енді 4 айналым: «Жорға»
Бұл сайыста 1 «Сұңқарлар» тобына «Мәтінмен жұмыс» беріледі. Бұл топ оқулықтағы 331 - жаттығуды орындайды. Берілген тапсырмаларға жауап береді.
Ал 2 «Тұлпар» тобына «Мәтінмен жұмыс» берілген. Оларда тапсырмамен танысып, сұрақтарға жауап береді.

Ал енді 5 сайысымыз «Ребус шешу»
2 топқа ребус берілген, ребусты шешіп тақтаға жазады. Талдайды.
1 топ «Сұңқарлар» ------------ 2 топ «Тұлпар»
7 су, 50 бай ---------------------- 7 сай, 100 - ім

Ал енді 6 айналым «Дода»
Бұл сайыста 2 топқа бірдей тапсырма беріледі. Оқулықтағы 329 – жаттығуды орындайды. Өлеңді мәнерлеп оқиды, көпше түрдегі зат есімді тауып, сұрақ қояды.
2 тапсырма беріледі. Онда « Қыз қуу» ойыны деп аталады.
Шарты: Мен сендерге 15 сөз оқимын, сендер сол сөздердің ішінен зат есімді тауып, теріп жазасыңдар.

Мысалы: отырды жазушы Ақтөс
Бояды парта он бес
Құс ұшты ирек
Көк Астана үлкен
Он екі әдемі Ұлытау

Жақсы, біз барлық тапсырмаларды орындай отырып, өз білімімізді көрсетіп, мәреге жеттік. Келесі сөзді әділ қазылар алқасына бере отырып, топтардың еңбектерін даралап, жүлделі орынға қай топ сай екендігін даралап, жүлделі орынға қай топ сай екендігін қорытындылап айтсын

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Жеңген топқа «Білім кілтін» береміз.
Екі топ оқушыларына 2 домалақ фигура беріп, оқушылардың сабақтың қаншалықты ұнағанын немесе ұнамағанын білейік. Ал оқушылар осы берілген фигуралармен сурет салу арқылы өз көңілдеріңді білдіріңдер.

Балалар бүгін бізге келген қонақтарға күннің көзін сала отырып, өз тілектерімізді білдірейік.
Бірінші мен өз тілегімді айтайын.
«Аспанымыз ашық болсын!»
«Жер бетінде бейбітшілік орнасын!»
«Денсаулықтарыңыз мықты болып,
өмірлеріңізге шаттық оралсын!»
«Еңбектеріңіз табысты болып, оның соңы жемісті болсын!»
«Келе жатқан 8 наурыз мейрамдарыңыз құтты болып, жайдарлы, мерекелі болсын!»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 319
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Есеп (неше жас үлкен?)
Есеп (неше жас үлкен?)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тлекова Райхан
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызы
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Ғ Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Шұғайыпова Зейнет Кәкімқызы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, №28 Құсмұрын орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұмасаева Әсел Сағындыққызы
Қайталау
Қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылы,Қ. Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқсанбаева Биғанша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×