Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау

14 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімді ғылыми негізде, сатылай, жүйелі, кешенді, меңгеруді ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге пәнді сауатты меңгеруге негіз қалау.
Дамыту міндеті: Қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби жазу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік міндеті: ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттерді сіңіру

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: "Сатылай кешенді талдау" технологиясы, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру, тілдік талдаулар жасау
Пайдаланылған әдебиет: Н. А. Оразақынова "Практикалық қазақ тілі"

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Сабақ мақсатын хабарлау
III. Дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру (әр оқушының қалауы бойынша дыбыстарды талдау)
1. Ө - □ бұл - дауысты дыбыс. Себебі: бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
2. Тілдің қатысына қарай - тіл алды немесе жіңішке. Себебі: бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті сәл төмендейді.
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай; жартылай ашық. Себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік. Себебі: бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді.

IV. Дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру (әр оқушының қалауы бойынша дыбыстарды талдау)
1. Т - △ бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі: бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң. Себебі: бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.
3. Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай: шұғыл. Себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне қатты соқтығысып ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: тіл мен тіс .

V."Атырау" сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
(Оқушылар өз қалаулары бойынша сөздерге дыбыстық мінездеме береді)
Берілгені: Атырау ○= □=?

Мұнда неше дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін менен сұрайды
Шешуі: Атырау сөзінде
6 ○= 3(2а, ы)□ себебі;
3 (т, р, у)△ себебі:

1. Бұл - дауыссыз дыбыстар. Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Тілдің қатысына қарай: 2а, ы тіл арты немесе жуан □, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай 2(а) ашық □, себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып ауа еркін шығады, (ы) қысаң □, себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай:(а, ы) езулік □, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

1. Бұл - дауыссыз дыбыстар. Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай: (т) қатаң △, себебі: бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.(р, у) үнді △, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда салдырдан гөрі үн басым.
3. Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай: (т) шұғыл △, себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне қатты соқтығысып ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады. (р) діріл △, себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне соқтығысып, ауа дірілдеп шығады
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: (т)- тіл мен тіс △, (р)- тіл алды △.

VI. Фонологиялық талдау (сөз сазындық)
(Оқушылар өз қалаулары бойынша сөздерге фонологиялық талдау жасайды)
Жайық
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі: сөздің құрамындағы дауысты дыбыс жуан дауысты.
2. Бұл сөз Жа - йық болып 2 буынға бөлінеді. Себебі: сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар.
3. Бұл сөз Жа - йық болып бір жағдайда тасымалданады, себебі: сөздің құрамында екі буын бар немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.
4. Бұл сөзде екпін - йық буынындағы "ы" - дауысты дыбысына түсіп түр.
5. Бұл сөзде буын үндестігі жоқ, себебі, түбір сөз.
6. Бұл сөзде дыбыс үндестігі жоқ, себебі, түбір сөз.

VII. Туған жер, Отан және ана тілі туралы мақал - мәтелдер айту, жалғасын табу
1. Туған жердей -...........
2. Өзге елде сұлтан болғанша -.............
3. Батыр майданда шынығады -........
4. Отансыз адам -.................
5. Өнер алды -........
6. Отан елдің анасы -.........

VIII. "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында жазған оқушылардың шығармашылық жұмысын тыңдау.
IX. Сабақты қорытындылау
X. Үйге тапсырма: дауысты, дауыссыз дыбыстарға сатылай кешенді талдау технологиясымен дыбыстық талдауды жалғастыру, сөздерге фонологиялық талдау.
XI. Оқушылар жұмысын бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 831
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу.
Т дыбысы
Т дыбысы
Т дыбысының әріптік таңбалануын, жазылуын таныстыра отырып, оған дыбыстық мінездеме беру, білімдерін қалыптастыру. Зерек, байқағыш, алғырлыққа баулу
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысы мен әрпі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мукашева Зауре Бопиқызы
Тіл дыбыстары
Тіл дыбыстары
Астана қаласы, «№66 мектеп - лицей» мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толеубаева Самал Жақсылыққызы
Буын және оның түрлері
Буын және оның түрлері
Фонетиканың бір бөлшегі - буын және оның түрлері туралы түсінік беріп, меңгерту. Буынның өзіне тән ерекшеліктерін, жасалу жолдарын бірнеше мысалдар арқылы дәлелдеу.
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×