Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Брейнг - ринг (танымдық сайыс)

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: «Брейнг - ринг» ойыны (танымдық сайыс слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Жаратылыстану ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, топтанып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу. Оқушылардың танымдық қызметтерін арттырып, биология, география, физика және математика пәндеріне қызығуына ықпал ету.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд шоу, мақтау қағазы, жетондар, т. б.

Сабақтың барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар! Біздің бүгінгі дарынды балаларға арналған «Брейнг - ринг» ойыны танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыста екі топ болады: Жас ұландар және Жас қырандар. Өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып, тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Топ мүшелері 7 сыныптан құралған.
Ойынды сынап, әділ бағалап отыратын қазылар алқасының мүшелері сайланады. Оларға бағалау бетшесін таратамыз жетондармен қоса.
Сайыстың кезеңдерімен таныс болайық: І. Топтардың өзін - өзі таныстыруы

ІІ. Білгірлер жаттығуы
ІІІ. «Брейнг - ринг» ойыны
ІҮ. Көрнекі бейнелеп ойлау
Ү. Көрнекі әрекеттік ойлау.
Жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емеспе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді әрі білікті жас жеткіншек – деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

І. Топтардың өзін - өзі таныстыруы. (топ басшысы таныстырады)
Жас ұлан және Жас қыран өлең жолдарымен таныстырып, бір - біріне сәттілік тілеу.
Жүргізуші: Жігіттің сұлтаны бар ел бастаған
Қыздардың қыздары бар ел мақтаған.
Екі топтың басшылары топ бастаған,
Сіздерді топ басшылар сайысына шақырамыз.
Келесі ІІ кезең Білгірлер жаттығуы.
Жас ұлан тобының сұрақтары:
1. Гринвич сызығы қайсы қаладан өткен? (Лондон)
2. «Математик болу үшін ақынжанды болу керек» - кімнің сөзі? (Софья Коволевская)
3. Тұщы суды мекен етіп тұрады,
Өзі жыртқыш жемін аулар қырағы.
Табаны бар – бұл белгісі келесі,
Іші қуыс, қос қабатты денесі. (гидра)
4. Астрономия нені зерттейді? (аспан денелерін)
5. Дүние жүзінде ең биікте орналасқан көл? (Титикака, Оңтүстік Америкада 3810м)
6. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым? (энтомология)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толағай отбасылық ойыны
Толағай отбасылық ойыны
Оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және ата - аналармен біріге отырып жұмыс атқару.
Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы
Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы
Химия пәні мұғалімі: Жумакулова Г.Ж.
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бегасилова Р. А.
"Көкпар" білім сайысы
"Көкпар" білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
Математикалық ринг (сайыс сабақ)
Математикалық ринг (сайыс сабақ)
Л. Қылышев атындағы Шиелі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×