Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар селекциясы

30 маусым 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Жануарлар селекциясы
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік мәні: Жануарлар селекциясының негізіне де өсімдіктердегідей тұқым қуалайтын өзгергіштік пен сұрыптау жатады. Жаппай және жеке сұрыптаулар жануарларға да тән. Оқушыларға жануарларды сұрыптау нәтижесінде алынған қолтұқым түрлерін, олардың мал шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.
• Дамытушылық мәні: Будандастырудың үш түрлі әдістері: туыстық, туыстық емес және алыстан будандастыру. Оқушылардың мал шаруашылығындағы жаңа қолтұқымдарының тигізетін пайдасы туралы, оларды алуда пайдаланатын әдістер туралы түсініктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
• Тәрбиелік мәні: Селекцияның табиғатқа, адамға тигізетін пайдасын әңгімелеу, экологиялық тәрбиені дамыту, оқушылар іс - әрекетін жоспарлап ұйымдастыруға, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері:
Оқулық, деңгейлік тапсырмалар,
тірек - сызба, слайдтар.
Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Әдісі: Деңгейлеп оқыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, тірек - сызба, интерактивтік тақтамен жұмыс.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге тапсырманы сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ ( тірек - сызба )
ІV. Сабақты пысықтау
V. Сабақты бағалау
VІ. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау:
1. Селекция деген не, селекция теориясының негізін салған ғалым?
2. Жаппай сұрыптау мен жеке сұрыптаудың айырмашылығы неде?
3. Жасанды сұрыптаудың қандай түрлері бар?
4. Мақсатқа сай немесе әдістемелік сұрыптаудың жолдары қандай?
5. Будандастырудың түрлерін ата?
6. Полиплоидия деген не, түрлерін ата?
7. Гетерозис дегеніміз не?

Будандастырудың түрлері қандай?
1.
2.
3.
Өсімдіктердің селекциясын дамытуға үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар кімдер?
І. Әбуғалиев
Н. Л. Удольская
Г. З. Бияшев
Р. А. Оразалиев
А. Ғаббасов
Я. К. Бычек
Жануарлар селекциясында
Сұрыптау Будандастыру
Экстерьер – жануарлардың дене бітімі және шаруашылықта маңызды көптеген бағалы белгілерінің болуымен сипатталады
Сұрыптау:
1. Жаппай
Қажетті бірнеше белгілері бойынша дараларды бөліп алып, сол белгілердің ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалауын бақылау

2. Жеке
Тиімді нақты бір белгісі бойынша ұрпақ алу, таза сорттармақ алу үшін, жеке дараларды бөліп алып бірнеше қайтара сұрыптау

Шағылыстыру:
1. Туыстық шағылыстыру
2. Туыстық емес шағылыстыру
3. Алыстан шағылыстыру

Туыстық шағылыстыру
Ата – анадан алынған төлдерді өзара немесе ата – анасымен өз төлдерін шағылыстырады. Нәтижеде гомозиготалықтың мөлшері артып, түзілген таза сорттармақтар жаңа қолтұқым шығаруға қолданылады.
Туыстық емес шағылыстыру
Бір қолтұқымға жататын немесе әртүрлі қолтұқым дараларына шағылыстыру жүргізіп, ата – анасындағы қажет белгілердің ұрпағына берілуін қадағалайды.
Алыстан шағылыстыру
Түраралық шағылыстыру нәтижесінде алынған даралар, көп жағдайда ұрпақ бермейді. Мысалы: бие мен есекті шағылыстырудан алынған будан – қашыр.
Гетерозис - өте төзімді, жұмыс күші, тіршілік ұзақтығы жоғары.

Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған деңгейлік тапсырмалар:
I – деңгей
1. Селекция деген не?
2. Жануарлар селекциясында қандай әдістер қолданылады?
II – деңгей
1. Шағылыстыру түрлері қандай?
2. Гетерозис деген не?
III – деңгей
1. Жануарлар селекциясында Қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі қандай?
2. Селекция нәтижесінде шығарылған қолтұқымдардың шаруашылықтағы маңызы қандай?
Тест
1. Жануарларға тән көбею түрі?
А) жыныссыз
Ә) жынысты
Б) вегетативті
2. Өсімдіктер селекциясына қарағанда жануарлар селекциясында
сирек қолданылатын әдіс?
А) жасанды сұрыптау
Ә) гетерозис
Б) жеке сұрыптау
В) жаппай сұрыптау
3. Өсімдіктер және жануарлар селекциясында қолданатын әдістер?
А) ата - ана белгілерінің сапасы
Ә) будандастыру
Б) полиплоидия
В) өздігінен тозаңдану
4. Жануарлар селекциясында әдетте қолданылмайтын әдіс?
А) будандастыру
Ә) жеке сұрыптау
Б) жаппай сұрыптау
В) полиплоидия
5. Арқар - меринос қойының қолтұқымын шығарған ғалымдар?
А) Н. С. Бутарин, А. Е. Есенжолов, А. И. Жандеркин
Ә) Б. М. Мусин, Н. З. Ғалиакбаров, А. Е. Есенжолов
Б) Ю. Н. Барминцев, С. С. Рзабаев, Н. С. Бутарин

Тест жауаптары
1. Ә
2. Ә
3. Ә
4. В
5. А
Бағалау.
Үйге тапсырма
21 458
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Генетика және селекция негіздері
Генетика және селекция негіздері
«Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша 9 - сынып оқушыларының білімін тексеріп, бағалауға арналған тест тапсырмалары
Жануарлар селекциясы
Жануарлар селекциясы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×