Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

24 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Сабақтың мақсаты: Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалардың құрылысы, қызметі, маңызы жайлы түсіндіру.
2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау, талдау, салытыру.

Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.
2. үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
5. Өткізгіш ұлпа – қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді (6 - сурет). Тамырдың сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесі тамырға өткізеді. Атқаратын қызметіне байланысты өткізгіш ұлпа жасушаларының пішіндері де түрліше болып өзгерген. Ұзынша жасушасының қабырғасы ағаштанған (сүректенген) қалың. Жұқарған жерлері (саңылауы) арқылы қоректік ерітінді сүзіліп екінші жасушаға өтеді.

Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар сүзгілі түтіктер деп аталады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулар болады. Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда 3 - 4 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады. Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі - талшықты шоқ түзеді. Өткізгіш шоқтардың екі ұшы сүйірленген ұзынша жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады. Сондықтан органикалық заттар қабықтағы өткізгіш ұлпалармен қозғалады. Минералды тұздардың судағы ерітіндісі сүректегі өткізгіш ұлпаларымен қозғалып, өсімдік мүшелеріне жеткізіледі. Күзде сүзгілі түтік жасушаларының саңылаулары уыз тәрізді затпен бітеліп, органикалық заттардың өтуі (қозғалуы) тоқталады. Өсімдік тыныштық күйге көшеді. Көктемде уыз тәрізді заттар еріп, жолдар ашылып, органикалық заттар қозғалысы қайта басталады.

6. Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдіктің жануарлар сияқты керексіз заттарды бөліп шығаратын арнаулы мүшелері болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әр түрлі. Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қатайып, қалыңдап тозданады. Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған жерінен шайыр түрінде бөлінсе, жапырақтан артық тұздар тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен сыртқа шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы ұлпа дейді.

Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қатты және сұйық заттардың бөліп шығарылуы ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады. Бөлінген заттар өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды.

Бөлінетін заттардың біразы өсімдіктің ішінде қалса, біразы сыртқа шығарылады. Сондықтан олар ішке бөлетін және сыртқа шығаратын ұлпалар деп екіге бөлінеді.
Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар – шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары. Сүт жолы өсімдіктің барлық мүшесінде орналасқан. Сүтті шырын – ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық. Оның құрамында көмірсулар, майлар, нәруыздар бар.
Заттарды сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар: домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер.

Домалақ басты түктер жабын ұлпаның өңінен пайда болады, эфир майын бөледі. Сондықтан өсімдік хош иісті. Мысалы, қазтамақ (пеларгония) өсімдігінің жапырақтары мен сабақтарындағы түктер эфир майын көп бөледі. Мәдени түрде өсіріледі. Эфир майын иіссудың, сабынның, бетке жағатын майдың, шаш жуатын сұйық сабындардың құрамына қосады.

Жабысқақ (безді) түктер мен безді қабыршақтар – көп жасушалы. Бөлінетін заттар жасуша қабықшасы арқылы сыртқа шығарылады. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналады. Мысалы, мандарин, апельсин, лимон қабықтарын қолмен қысып қалса, эфир майы шашырап шығады. Осы жиналған эфир майына сіріңке шақса, дереу жалын пайда болады. Безді жасушалар шайқурай, эвкалипт, дәмжапырақ (лавр), магнолия жапырақтарында, шүйіншөптің (валерьяна) тамырларында, қабықта көп.

Шірнеліктер гүл тостағаншасы, күлтесінің түбіне, аналық жатынының қабырғасына, гүл табанына орналасқан. Пішіні мен құрылысы әр түрлі (түтік, шырынды өсінді, күлте тәрізді жалпақ және т. б.). Шірнеліктерден бөлінетін шірненің құрамындағы қант, витамин, минералды заттардың ерітіндісі, хош иістері бунақденелілерді еліктіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 009
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерің жалғастырып тұратын орталық тірек.
Өсімдік ұлпалары
Өсімдік ұлпалары
Өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір - бірінен айырмашылығын түсіндіру.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Жасушалары бір-бірімен тығыз жанасқан, алғашында тірі, біртіндеп қабықшасы қалындап өлі жасушаларға айналады; су мен улы газдарды ішке өткізбейді; өсімдікті ыстықтан, суықтан, қатты желден қорғайды.
Өсімдік ұлпалары. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Өсімдік ұлпалары. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады,
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Есекеева Жанат Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×