Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі

26 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі
Мақсаты: Оқушыларымызды жат қылықтардан сақтай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, ізгілік пен мейрімділікке баулу. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, көптеген ой саларлық суреттер мен нақыл сөздер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»
Құрметті көрермендер «Дені сау ұрпақ - Отанның сенімді тірегі» деген тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстыра кетсек:
Жоспар (слайд)
I Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
А) жұмбақ кейіпкер
Б) жағдаяттар
II Зиянды әдеттер
III Ас адамның арқауы
IV Адам әрекетінің ақ - қарасы (топпен жұмыс)

Бұл бөлімдердің барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың, жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
Оқушылар жауабы.
Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан»демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен. Соны оқып көрсек.
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
Жұмбақ кейіпкердің хаты, қымбатты оқушылар, 14 - 15жасында үлкен бір өкінішке тап болғанын айтады. Сол 8 - 9 сыныптар мен үшін естен кетпес уақыттар. Кейбір жандар естен кетпес деп қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса мен үшін естен кетпес деген сөз өмірімдегі ең ауыр сөз. Неге енді сол 14 – 15 жасым ауыр кез екенін мен сіздерге әңгімелеп берейін. Менің жолымды қайталамасын деген ниетпен сіздермен сыр бөліскелі отырмын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық - сақтау ережелері
Денсаулық - сақтау ережелері
Мақсаты: Оқушыларымыздың денсаулық сақтау ережелері жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Губайдуллина Айгуль Хамитовна
Денсаулығым - байлығым
Денсаулығым - байлығым
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, “Бейнеу лицейі” мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру мұғалімі Ажибаева Гүлназ
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 30 орта мектептің математика пәні мұғалімі Шепенова Ләззат
Ажалмен ойнама, айналайын
Ажалмен ойнама, айналайын
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы. «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мұғалім Омарова Айгүл Серікжанқызы
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×