Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек - қимыл жүйесінің құрылысы

04 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 42
Тақырыбы: §44. Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек - қимыл жүйесінің құрылысы
Сабақтың мақсаты: омыртқасыз жануарлардың қозғалу жүйесінің ерекшеліктерін, тірек - қимыл жүйесінің құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Қосмекенділер мен жорғалаушылар солтүстік аймақтарда өте сирек таралған. Мұның себебі неде? Бұған қанның қандай қатысы бар? Құстар мен сүтқоректілер жүрегі құрылысының жорғалаушылар жүрегі құрылысынан қандай артықшылықтары бар? Бұлардың дене температурасының тұрақты, орта жағдайларына тәуелді еместігін қалай түсіндіруге болады?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Қозғалу және оның маңызы
2. Омыртқасыз жануарлардың қозғалуы.
Қозғалу және оның маңызы. Ағза үздіксіз қозғалыста тіршілік етеді. Қимыл - қозғалыстың түрі өте көп. Тіпті ұйқыда жатқан жануарды мұқият қарап, бақыласаңдар, денесінің алуан түрлі қимылдап - қозғалып жататынын байқайсыңдар. Жануар ағзасындағы көптеген қимыл - қозғалыстар мен (тынысалу, қанайналымы, астың қорытылуы, т. с. с.) таныстыңдар. Жануарлар бүкіл денесімен иіліп, бүгіліп немесе адымдап, жүгіріп орын алмастырып қозғалады. Жануарлар мұндай қозғалыс арқылы өз тіршілігіне қауіпті жағдайлардан қорғанады (амебаның тұз ери бастаған тамшыдан тұзы жоқ тамшыға өтуін еске түсіріңдер). Ол тіршілігіне қажетті жағдайларды іздеп табады (кірпікшелі кебісшенің пішен бактериялары көп жиналған жерге «жүзіп» баруы).

Күнделікті өмірімізде жануарлар қозғалуының қаншама түрін көреміз: ұшқан құс, аулада секеңдеп дән, қоңыз теріп жеген торғайлар. Тіршілік қамымен ерсілі - қарсылы қозғалып, соқпақ «салып алған» құмырсқалар. Тізе берсек мұндай мысалдар көп. Қозғалыс – жануарлар тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды әрекет.

Омыртқасыз жануарлардың қозғалуы. Гидра бір затқа табанымен бекиді. Оның қозғалуында сыртқы қабаты – эктодермадағы жабын - бұлшықет жасушалары маңызды рөл атқарады. Бұл жасушалардың әрқайсысының түбінде жиырылғыш бұлшықетті талшық бар. Барлық жасушалардың осы талшықтары қысқарғанда гидраның денесі жиырылады. Егер дененің бір жағындағы талшықтар жиырылса, онда гидра денесі сол бағытқа қарай иіледі де, қармалауыштарымен төсемікке (субстрат) бекінеді. Тек осыдан соң ғана табанын алғашқы бекіп тұрған жерден босатып, бекінген алдыңғы жағына денесін тартып алады. Табанымен бекінгеннен кейін денесі бас жағынан бастап тағы созылады. Сонымен гидра «адымдап» қозғалады.
Гидра бірде табанымен, бірде қармалауыштарымен кезек бекініп «төңкеріліп» те қозғалады. Бұл қозғалыстардың қай түрі болсын жабын ұлпалардағы талшықты жасушалар арқылы жүзеге асады.

Шұбалшаңның денесі ұзарып жіңішкереді, қысқарып жуандай да алады.
Құрттың үнемі сілемейлі шырышпен шыланып, ылғалданып тұратын жұқа мөлдір терісінің астында тері, жанасып жататын сақиналы бұлшықеттер және оның ішкі жағында денені бойлап ұзын салалы бұлшықеттер орналасады. Әрбір буылтығының құрсақ жағында төрт жұптан қысқа қылтандары бар.

Сақиналы бұлшықеттер жиырылғанда құрт денесі жіңішкереді. Дененің артқы бөлігіндегі қылтандары жерге тіреліп, алдыңғы бөлігі алға қарай жылжып, ұзарады. Одан соң ұзын салалы бұлшықеттер жиырылады. Бұл кезде дененің алдыңғы бөлігіндегі қылтандары жерге тіреледі де, артқы бөлігі алға тартылып, дене қысқарады.

Сөйтіп, сақиналы және ұзын салалы бұлшықеттердің кезектесіп жиырылуы мен дененің артқы және алдыңғы бөлігіндегі қылтандарының алма - кезек тірек болуы құрттың алға жылжып қозғалуын қамтамасыз етеді.

Шұбалшаңдар топырақты бас бөлігімен қазып, тіршілік етеді. Тығыз топырақты «аузымен асап», ішегінен өткізіп, аналь тесігі арқылы шығарып отырады. Бұдан борпылдақ топырақтар майда түйіршікке айналып, ауа мен суды сіңіреді. Топырақ құрылымы жақсарады. Мұндай топырақта өсімдіктер жақсы өседі.

Жүзім ұлуы, бөгет ұлуы, айқұлақ сияқты былқылдақденелілер тері бұлшықет қапшығын түзетін жұмсақ денесімен, «аяқ» деп аталатын құрсақ бөлімінің толқынданып жиырылуы, созылуы арқылы баяу жылжып қозғалады. Дене сыртын шылайтын шырыш ұлудың аяғы мен төсемік (ағаш жапырағы, су түбіндегі тас, су өсімдіктері және т. с. с.) арасындағы үйкелісті жеңілдетіп, қозғалуға мүмкіндік береді.

Кальмар, сегізаяқ, каракатица сияқты теңізде тіршілік ететін былқылдақденелілер реактивті тәсілмен қозғалады (98 - сурет). Шапанша саңылауы арқылы шапанша қуысына су толады да, одан соң «аяқтың» алдыңғы бөлігінен пайда болған шұқырақ (воронка) арқылы сыртқа үлкен күшпен айдап шығарылады. Осы су ағыны денені алға қарай серпінді итеріп, екпінмен жылдам қозғалтады.

Толық нұсқасын жүктеу
2 792
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Тірек қимыл мүшелер жүйесінің құрылысын, қаңқадағы әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын және буындардың құрылысын түсіндіру.
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Балық омыртқалы жануарларға жатады. Балықтың жүрегі екі қуысты; ол дененің құрсақ жағында орналасқан. Қан жүрек қарыншасынан желбезектерге қарай шығатын ірі қантамыры – құрсақ қолқасына өтеді.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы, №78 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қайыпбаев Дархан
Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы
Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×