Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мүктер

12 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақ атауы: Мүктер
Сілтеме атауы: Биология анықтамалығы
6 - сынып
Биология әдістемелік нұсқаулық
Жалпы мақсат: Мүктің құрылысына, түрлеріне анықтама беріп, табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру; табиғатты сүюге, оған өз бетінше бақылау жасауға дағдыландыру.
Міндеттері: Ойлау, талдау, салыстыру, қорытындылау, жеке және жұппен жұмыс жасауға үйрету, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сабаққа белсене қатысу арқылы сындарлы ойлауға, пікірлерін еркін айтуға, өз ойларын жеткізіп талдауға машықтанады.
Негізгі идеялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер - Оқытуда АКТ пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту - Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Тапсырмалар Wiki материалдары: Power Point «білім беру платформасы», үш өлшемді жүйе

25 - минут
ІІ. Маңызын арттыру
Алтын қақпа” ойыны кім жылдам?. “Тас қақпа” ойыны Сұрақ – жауап
1. Өсімдік түрлерін жүйелеуді түсіндір2. Түр деп нені айтамыз
3. Балдыр түстері неліктен қоңыр, қызыл түсті болады
4. Балдырдың табиғаттағы маңызы қандай5. Балдырларды қорғау үшін қандай шаралар қолданылады
6. Ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбегендіктен денесі қалай аталады
7. Балдыр жасушасындағы хлоропастардың атауы
1. Жасыл балдырдың біржасушалы талшықты түрі2. Ғарышқа ұшырылған біржасушалы талшықсыз балдыр
3. Хроматофоры оралма тәрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр 4. Қоңыр балдырлар қайда кездеседі
5. Ламинария су түбіне қандай бөліктер арқылы бекінеді 6. Хроматофоры білезік тәрізді су түбіне бекініп өсетін жіп тәрізді жасыл балдыр 7. Балдырлардың суға бөліп шығаратын газы
1. Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент болады.
2. Балдылар жынысты көбейгенде гаметалардың қосылуынан не пайда болады.
3. Теңіз түбіндегі балдырлардың қор заты4. Бір грамм қара топырақта балдыр.
5.”Теңіз орамжапырағы” деген ат6. Кладофора жасыл балдырын пайдаланады.
7. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанған соң
Алтын қақпа” ойыны кім жылдам?. “Күміс қақпа” ойыны терминдермен
1. Таллом
2. Хроматофор
3. Жасыл балдыр
4. Жасыл балдырдың өкілі
5. Хламидомонаданың жасуша қабықшасы
6. Хлорелла
7. Хлорококк
1. Спирогира
2. Улотрикс
3. Қоңыр балдырлар
4. Ламинария
5. Саргассум
6. Қоңыр балдыр жасушасы
7. Турбинария
1. Қызыл балдырлардың көбеюі
2. “Теңіз жүзімі”деп
3. Порфира
4. Агар – агар
5. Кладофора
6. Диатом
7. Фотосинтез
Алтын қақпа” ойыны кім жылдам?“Алтын қақпа” ойыны суретпен жұмыс

Жаңа сабақ
Мүктердің жер бетінде 22 000 - нан 27 000 - ға дейін түрі бар.
Мүктерді зерттейтін ғылым бриология деп аталады.
Мүктердің сабағы мен жапырағы болады. Тамыр болмайды, оның қызметін ризоид атқарады. «Ризоид» – бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ол арқылы өсімдік топырақтан суды және минералды заттарды сіңіреді. Мүк сабағының сыртын қабықша жауып тұрады. Қабықшаның астында жасушалары хлоропластарға толы, жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады. Өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетілген. Су мен минералды заттар өткізгіш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Құрылысы: Көкек зығыры деп аталатын себебі, сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр талшығы тәрізді жіңішке тілімделген. Сабағы мен жапырағы болады. Бойына ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманды батпаққа айналдырады. Екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық. Биіктігі – 40 см. Топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді, су мен минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар, сондықтан фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі.
Жынысты: Аталық өсімдіктің ұшында аталық жыныс жасушалары ал аналық өсімдіктің ұшында аналық ж/ж дамиды. Осы ж/ж суда қосылып ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан қауашақ(спорангий) жетіледі. Ішінде спора дамиды.
Жыныссыз: Спора – 2 қабықшадан тұратын жасуша. Пісіп жетілген споралар қауашақтан жерге шашылып, қолайлы жағдайда споралар өніп, жіп тәрізді жасыл балдырға ұқсас өскінше п/б. Осы өскіншелердің бүршікшелерінің біреуінен аналық өсімдік, ал екіншісінен аталық өсімдік жетіледі

«Бірін – бірі оқыту» әдісі
1. Мүктердің жер бетінде................................................. түрі бар.
2. Мүктерді зерттейтін ғылым.........................................
3. Мүктердің.................................................................... болады.
4........................ болмайды, оның қызметін............ атқарады.
5..................................................................... жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі.
6. Ол арқылы өсімдік топырақтан................................. сіңіреді
7. Мүк сабағының сыртын............................................. тұрады.
8. Қабықшаның астында жасушалары хлоропластарға толы, жақсы жетілген.................................................... орналасады.
9....................................................... ұлпалары нашар жетілген.
10.................................................................................. өткізгіш
ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Венн диаграммасы Көкек зығыры, шымтезек мүгінің ұқсастығы мен айырмашылығы

Рефлексия
1. Бүгінгі сабақта не білдік? 2. Жұппен жұмыс жасау тиімді орындалды ма?
3. Әсіресе, сабақтың қай кезеңдері ұнады? 4. Бүгінгі сабаққа беретін бағаң?

Мұғалімнің аты-жөні: Гүлжамал Смет

Мүктер. жүктеу
10 446
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, № 32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кадирова Толқын Есеновна
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×