Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпжасушалы жасыл балдырлар

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: « Көпжасушалы жасыл балдырлар».

Сабақтың білімділік
мақсаты: Көпжасушалы жасыл балдырлардың түрлері жайында білім кеңейту, тереңдету. Тірек - схемаларды қолдану арқылы ұғым беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларға қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.
Сөздік қорын ой – өрісін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік Табиғатты сүюге, оның байлығы мен берекелі тіршілігін қорғауға мақсаты: тәрбиелеу
Көрнекілігі: Тірек – сызба, интерактивті тақта,
слайд суреттер, биология 6 - 7.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, баяндау, сұрақ – жауап.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4. Үйге тапсырма.

Ι. Миға шабуыл.
1. Балдырлар қайда тіршілік етеді? Олардың қандай түлерін білесің?
2. Балдырлар қалай көбейеді?
3. Қандай біржасушалы балдырларды білесің?
4. Біржасушалы балдырлардың құрлысы қандай?
5. Біржасушалы балдырлардың ғылымда, техникада халық шаруашылығында маңызы?
6. Балдырдан препараттарды қалай дайындауға болады. Ол туралы не білесің?

Балдырлар қайда тіршілік етеді?

Суда
Ағаш діңінде
Суда
Ылғал топырақта

Хлорококк
Біржасушалы балдырлар
Хломидомонода
Хлорелла
Таллом

ΙΙ Білгенге не жетсін!
БҮҮ кестесі
Білетінім. Үйренгенім. Үйренгім келеді.

Жаңа сабақ тақырыбы: «Көпжасушалы балдырлар».
Тұщы су қоймаларында, теңіз суында денесі жасыл түс беретін бір жасушалы және көп жасушалы балдырлардың сан алуан түрі тіршілік етеді. Табиғатта жасыл балдырларды 13 мың түрі бар деп саналады.
Жасыл балдырлар

Бір жасушалы
Көп жасушалы

Хлорелла Спирогира
Хломидомонода Кладофора
Хлорококк Ульфа
Каулерпа
Улортикс

Спирогира – жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Ол өзге балдарлармен бірге жиналып, суға жасыл түс береді. Спирогира қолға алғанда жібектей жұмсақ болып сезіледі. Спирогираның құрылысын микроскоппен көруге болады. Оның жасушалары ірі. Жасуша қабықшасы астындағы цитоплазма ядроны қоршаған цитоплазмамен цитоплазмалық жіпшелер арқылы байланысыды. Жіпшелердің арасын вакуоль шырыны толтырып тұрады. Жасыл түс беріп тұратын хроматофоры бір, екі немесе оданда көп болады. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетін негізделген..

Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлікке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушаның цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді.
Көп жасушалы жіп тәрізді жасыл балдырдың екінші түрі - улотрикс. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. Су түбіндегі қайыр – балшықтың бетін жауып жатады. Ол бір қатар қысқа жасушаларды түзуге жіп тәрізді болыды, төсемікке бекініп өседі. Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушадағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді.

Улотрикс

Жынысты
Жыныссыз

Спирогира мен улотрикс басқа жасыл балдырлар сияқты күн сәулесінің қатысуымен хроматофорларына судағы еріген көмірқышқыл газын сіңіріп, ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Сонымен бірге суға оттегін бөліп шығарады. Оттегімен судағы тірі ағзалар тыныс алады.
Балдырлардың және басқа да суда тіршілік ететін ағзаладың қалдықтары шіриді. Құнарлы заты тыңайтқыш есебінде егістікке пайдаланады. Балдырлар су жәндіктерінің тіршілік ортасы және қорегі болып саналады.
Дәптермен жұмыс
(Тақтадағы тірек - сызбаларды дәптерлеріңе жазып алыңдар).

IIΙ Көтерейік көңілді. (сергіту).
Ребус шешу.
Жауабы: «Балдырлы көлде балық көп»

ІҮ.«Өнер ағып тұрған бұлақ,
ілім жанып тұрған шырақ».
Оқушы білімін тексеру (тест).

Ү. Ақыл - дария, білім - теңіз.
(сабақты бірлесе отырып бекіту)

Топтастыру
Жасыл балдырлар

Венн диаграммасы


Біржасушалы
Ұқсастығы
Көпжасушалы

VI.«Еңбек – басы бейнет, түбі зейнет».
(Оқушылар білімін бағалау)
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Көпжасушалы балдырлар». Оқу, түсінігін айту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 332
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биологиядан бақылау сұрақтары
Биологиядан бақылау сұрақтары
Көпжасушалы балдырларыдың денесін............ деп атайды (таллом)
Біржасушалы балдырлар
Біржасушалы балдырлар
Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды.
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар, олардың әртүрлілігі, біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру. Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Көпжасушалы балдырлардың құрлысы, көбеюі және біржасушалы балдырлардан айырмашылығы туралы білімді қалыптастыру.
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Рүстемова Нұргүл Ақылбекқызы
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×