Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Организмнің жеке дамуы

03 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Биология
Биология (9 класс)
Сабақтың тақырыбы: “Организмнің жеке дамуы”
• Мақсаты:
• білімділік: Организмнің жеке дамуы туралы және әр кезеңдері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды өз беттерімен тақырыптағы негізгіні ажырата білуге, білім мен дағдыны жаңа байланысқа кіргізе отырып тереңдету. Білім көздерінің ақпаратты – коммуникативтік технологиямен ұштастыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелеу;
• Дамытушылық: Ақыл – ой әрекетінің дамуына оқушыларды пәнге қызықтыра отырып, қазіргі заманауи мәселені көтеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттіліктерін және ғылыми – тәжірибелік, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік ашу; қазіргі таңда етек алып отырған әлеуметтік проблемаларды қозғау, әрі Адамдағы постэмбриондық кезеңді ән арқылы ұғындырып, балалық шақ, жастық және қартаю кезіндегі дамудың маңызын ашу
• Тәрбиелік: Көрсетілген сюжеттер арқылы оқушылардың болашақтағы іс - әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілік, саяси тұлға болып қалыптасуына, белсенділік, орындаушылық, өз - өзіне баға беруге қабілетті, ынталы, шешім қабылдағыштық пен қатар адамға қатысты сезімталдық мінездерінің қалыптасуына тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
• 1. Ұйымдастыру
• 2. Сергіту кезеңі.
• 3. Үштік топқа тапсырмалар “Тірек суреттеме”
• 4. Қарама – қарсы сұрақ
• 5. Эссе “Мен болашақ анамын” немесе
“Мен болашақ әкемін”
6. Қорытынды “Қарттың сөзі ”
7. Бағалау.

Ұйымдастырудан соң оқушылармен сергіту жүргізіледі. Бұл кезде оқушыларға тақта арқылы сурет көрсетіліп, суретте неше адам бейнеленгенін айту керек. Оқушылар экрандағы адамдарға мұқият қарап үш адам бар екендігін айтады. Онда оқушылар мен сіздерді үштік топқа бөлемін. Әр топқа алдын ала тапсырмалар беріліп, білімді өз беттерімен меңгеруге кіріседі.

Үштік топқа берілетін тапсырмалардың тақырыптары.
1. Онтогенездің кезеңдері. Эмбриондық даму кезеңіндегі жасушалардың жіктелінуі туралы.
2. Эмбриология ғылымының даму тарихы. Онтогенетика ғылымы.
Жасанды түсік – қылмыс.
3. Постэмбриондық кезең.
Үштік топ мүшелеріне «Тірек суреттеме» беріліп оқушылар дайындалады.
Тірек суреттеме арқылы топ мүшелері қорғап ойларын ортаға сал
Өз тақырыптары бойынша қорғап отырады..

• Эмбриология ғылымы негізінің қалануы Ресей Ғылым академиясының академигі К. Бэрдің есімімен байланысты. К. Бэр “Ұрықтық ұқсастық ”жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде “ұрықтың ұқсастық заңын” ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде, алдымен, типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында, организмнің өз белгілері пайда болады.
• А. О. Ковалевский ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығы дәлелденді.

• Эмбиологтардың еңбектері неміс ғалымдары Ф. Мюллер мен Э. Геккельдің биогенетикалық заңының негізінің қалануына әсерін тигізді. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез жеке даму дегеніміз – филогенездің тарихи даму қысқаша қайталануы болып табылады. Биогенетикалық ілімнің дамуына орыс ғалымы А. Н. Северцов үлкен үлес қосты. Оның пікірі бойынша организмнің жеке дамуы кезінде ата – тектерінің ересек формалары емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады. Қазақстандық эмбриологтар – профессор И. Чагиров пен профессор Қ. Баймұханбетовтің үлестері зор.

Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы – ол әрі бір жасуша, әрі дамудың бастапқы кезеңіндегі организм. Бұл жасуша дамуында бластула, гаструла, нейрула және мүшелер түзу кезеңдерінен өтеді. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы – зигота бірнеше минуттан соң митоз жолымен қарқынды бөліне бастайды. Бұл бөлшектену кезеңі. Сөйтіп, біржасушалы организм көпжасушалыға айналады. Толық емес бөлшектену балықтар мен бауырымен жорғалаушыларда да жүреді. Ланцетниктерде, қосмекенділерде, құстарда және басқа да жануарларда бластуланың жасушаларының жалпы көлемімен бірдей болады. Себебі зиготаның митоздық бөлінуінің нәтижесінде түзілген жасушалар өспейді. Бірнеше бөлінудің нәтижесінде жасушалар кішірейіп кетеді. Бұл – барлық жануарлардың ұрықтанған жұмыртқаларына тән құбылыс.

Жасанды түсік жасату қылмыс.
Афганистан, Ангол, Бангладеш, Венесуэла, Гватемала, Гондурас, Египет, Индонезия, Ирак, Иран, Ирландия, Йемен, Колумбия, Ливан, Мали, Никарагуа, Африка, Оман, Парагвай, Сальвадор, Сирия, Чили, Филиппин мемлекеттерінде түсік жасау қылмыс болып есептеледі. Ұрық дұрыс дамымаған болса және ананың өміріне қауіпті жағдайда ғана түсік жасалынады. Алжир, Аргентин, Бразилия, Израиль, Коста - Рика, Марокко, Мексика, Нигерия, Пакистан, Перу, Польша елдерінде анаға қауіпті болса жасайды.
Тірек суреттеме арқылы топ мүшелері сөйлеп болған соң, бағалары бағалау парағында ұпай арқылы қойылады.

Қорытынды жасалғаннан соң оқушылар тақтаға шығып, топ мүшелеріне басқа топтар дайындаған қарама – қарсы сұрақтар қойылады.
1 – үштік топқа сұрақтар.
1. Зигота дегеніміз не?
2. Бөлшектену кезеңінің қандай ерекшелігі бар?
3. Бөлшектенудің ересек жануарлардың жасушаларының митоздық бөлінуінен айырмашылығы қандай?
2 - үштік топқа сұрақтар.
1. Ұрық жапырақшалары дегеніміз не?
2. Эмбрионды даму кезіндегі жасушалардың жіктелуі деген не?
3. Суретті тапсырма

3 – үштікке сұрақтар.
• 1. Онтогенетика нені зерттейді?
• 2. Мезодерма қабатында қандай мүшелер түзіледі?
3. Суретті тапсырма.

Қарама – қарсы сұрақтан соң оқушылар бағалау парағын толтырады, қорытындыланады. Келесі кезең эссе жазбас бұрын оқушыларға «Туылмаған сәбидің күнделігінен» атты видео сюжет көрсетіледі. Содан кейін эссе жазуға екі тақырып беріледі. Тақырыптың соңғы кезеңі бағалау парағына қойылған соң жеңімпаз топ анықталып, оқушылар түгелдей бағаланады. Соңғы «Қарт сөзі» атты Муз. АРТ тобының әні тыңдалады. Оқушылар түйінді сөздерін жеткізеді

Өзіңді бағала. Рефлексия “Мен қалай жұмыс жасадым?”
• Мені сабақта қамтылған мәселелер қызықтырды, ойландырады, толғандырды.
• Тақырып бойынша алған білім тереңдей түсті
• Мұғалімнің сұрақтарына жауап бердім
• Мен алдын ала берілген тапсырма бойынша материал жинақтадым, әрі іздендім.
• Топтағы түсіндіру жұмыстары сәтті өтті.
• Өз ойымды еркін жеткіздім.
• Ортақ істе жұмыс жасауға үйрендім, жауапкершілікпен жұмыс жасадық.
• Басқаны тыңдай білуге, басқаның өмірінен үлгі алуды ұқтым.

Мен қалай жұмыс жасадым? Өзін өзі бағалау парағы
10 - 8 “+” сабақта өте жақсы жұмыс жасадым.
7 - 6 “ + ” Жақсы жұмыс жасадым
5 - 4 “ + ” қанағаттанарлықтай жұмыс жасадым.
3 - 1 “ + ” оқуға деген қарым – қатынасымды өзгерту керек
Оқушылар өз бағаларын беру арқылы өзінің болашақтағы орындарын, шешім шығара білуге, бір – біріне сын айтуға үйренеді.
38 643
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16, 32, 64, 128, т. б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші
Организмдердің жеке дамуы
Организмдердің жеке дамуы
Тақырыбы: Организмдердің жеке дамуы.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің биология пәнінің мұғалімі Байназарова Мәншүк
Онтогенез - организмнің жеке дамуы және тұлға
Онтогенез - организмнің жеке дамуы және тұлға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қарағұлова Бибігүл Бақытжанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 32 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Утарова Жанат Жакиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×