Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Әз - Наурыз!

22 мам 2015, Жұма
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ
мектепалды даярлық топ мұғалімі
Ажгалиева Айнур Шапагатовна

Қош келдің, Әз - Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүргізуші: Армысыздар ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса «Қош келдің, Әз - Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық - дей келе балалардың наурыз мерекесіне арнап айтатын өлең жолдарына кезек беремін.
1. Аяулым.
Қарды ертіп жылғасы
Наурыз келді – жыл басы
Шуақ төкті жарқын күн
Мейрамында халықтың
2. Аруна
Наурыз тойы салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді
3. Салтанат
Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар
4. Адия
Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды болып мереке
Қыр гүліндей жайнайық
5. Ернұр
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
6. Оралбек
Жаңбыр жауып басылды
Күлімдейді көкте күн
Кемпірқосақ асылды
Өрнегіндей көктемнің
7. Акмади
Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді
Бау - бақшада, орманда
Құстар әні төгілді
8. Б. Санжар
Қар еріді су ақты
Күндер келді шуақты
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты
9. Г. Бекзат
Құтты болсын Наурызым
Арманымыз әніміз
Наурызды қарсы алып
Қуанамыз бәріміз
10. Мағжан
Мерекенің байрағын
Алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап
11. Елсултан
Наурыз наурыз – жыл басы
Жасыл көктем құрдасы
Төл мереке, кел мереке
12. Аиша
Түрлі - түсті әйбат
Гүлдер шықты жайнап
Қызыл, жасыл аймақ
Қырға шықты ойнап
13. Камилла
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады
14. Бақтияр
Наурыз бабамның сөзі
Наурыз анамның сөзі
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі
15. Мирхат
Уа, ағайын туысқан
Наурыз күн туды шығыстан
Сол тойға келдім шақырып
Ат терлетіп алыстан
16. Дильназ
Көктемім төкті нұрын
Көңілдің кетті мұңы
Кел достар ән шырқайық
Ұлыстың ұлы күні
17. Аделья
Ақ түйе қарны жарылды
Наурызды елім сағынды
Асыққан сенде осы тойға
Барлық жұрт мында ағылды
18. Қ. Санжар
Ән де саған, би де саған
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде Наурыз күлімде
19. Анель
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
20. Мансур
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің

Толық нұсқасын жүктеу
13 276
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің - Әз наурыз!
Қош келдің - Әз наурыз!
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×