Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің - Әз наурыз!

30 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қош келдің - Әз наурыз!
Мақсаты:
Білімділік: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тақпақ өлең айту және ойындар арқылы өй өрісін дамыту, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, тіл мәдениетін көтеру.
Тәрбиелік: Халқымыздың рухани байлығы салт дәстүрді сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге ардақтауға тәрбиелеу. Имандылық пен адамгершілікке аталы сөзден ғибрат алуға әдептілікке сыпайлыққа тәрбиелеу, татулыққа бірлікке шақыру.
Көрнекілік: Бесік бала, наурыз көже, бауырсақ т. б. ұлттық тағамдар.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Бір бұрышта киіз үй іші көрінісі жабдықталған, дөңгелендіре төсек көрпелер төселеген, ортада дөңгелек үстелде ұлттық тағамдар қойылған. Төрде үлкендер отырады.

Жүргізуші:
Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ақ шағала, аппақ үйлер,
Араладым күні бойы.
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды,
Нұрландырған
Әдемі әнмен балалар залға кіріп жайғасады.

Жүргізуші: Армысыздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүргізуші: Балалар көктем мерекесі туралы ән айтамыз ба? Ендеше бәріміз ән айтайық.
Ән «Нұрлы көктем»

Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!

Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
Наурыз Әже:
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің ауылда үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлаңыздар!
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.
(Ортаға барып отырады)

ҚЫДЫР АТА: Ал енді мен ауылымызда наурыз тойы болып жатыр екен бата берейін.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
Жүргізуші: біздің балалар шетінен өнерлі наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдаңыздар:
Тақпақтар:
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық. Айнар

Наурыз келді нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Наурызға күлімдеп,
Күн шуағы төгілді. Гүлнұр

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Кәне, достар, Кәне достар.
Шырқап әнге салайық. Асемай

Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз Арсен

Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне! Дария
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар наурыз айында ауылымызда күн жылынып, қар еріп мал төлдеп аузымыз аққа толатын кез екен. Ендеше қошақан әнін айтайық.
Ән: «Қошақан»
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.
Ойын: «Қыз қуу» бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.
Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Келін: Құндақталған сәбиді алып келеді!
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік. Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле - жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.
Әже толығымен түсіндіріп баланы бесікке бөлейді:
Жүргізуші: Балаңыздың өмір жасы ұзақ бауы берік болсын, біздің балалар сияқты өнерлі бала болып өссін.
Қош келдің - Әз наурыз! жүктеу
2 486
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×