Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Талдықорған қаласы,
№9 балабақша Мектепалды даярлық тобының тәрбиеші
Орденхан Гулдаурен

Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, Қатынас.
Білім саласын кіріктіру: Математика, Көркем әдебиет, тіл дамыту.
Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен.
Сабақтың мақсаты: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Ойынның шартын сақтап ойнауға, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу. Тілін, сөздік қорын, танымын дамыту.
Көрнекілігі: сандар, суреттер, дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, слайд.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Әдіс - тәсілдер: ой қозғау, сұрақ - жауап, салыстыру, түсіндіру, дидактикалық ойындар, тапсырмалар.

Мотивациялық қозғаушы
Балалар бүгін бізде ерекше күн, қонақ апайлар келді.
Қәне бәріміз амандасайық.
Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын Күн!
Армысың, асыл Жер!
Армысың, көк Аспан!
Армысың, құрметті қонақтар!
Армысың, жан достар!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады. «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз.
Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Қандай ертегілерді білесіңдер?

Іздену ұйымдастырушы:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ:
Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп - шұбар.

Балалар мына суретке зер салайықшы. Бұл
«Мысық пен тышқан» туралы ертегі, бұл ертегіде басқы кейіпкері мысық, тағы қандай ертегіде мысық басты кейіпкер болады?
Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Сұрақтармен жұмыс.
Балалар біздің ертегімізде неше кейіпкер бар?
Ал енді балалар мақта қыз бен мысық ертегісін сахналайық.
Балаларға ертегіні рөлге бөліп ойнату.
Тәрбиеші: Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді.
Қыз: Мысық мысық бері келші.
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз үндемей қояды.
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді Мысық.
Мақта қыз:– Мен құйрығыңды кесіп аламын!.
Онда мен қатығыңды төгемін - деп қатықты төгеді.
Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық: Мақта қыз, мақта қыз құйрығымды берші!
Мақта қыз: Менің қатығымды төле және мына менің тапсырмаларымды орында содан кейін құйрығыңды беремін деп мақта қыз мысықтың қолына тапсырма берілген хат береді. Мақта қыз мен мына тапсырмаларды орындай алмаймын деп, сиырға барады.
Мысық:– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп бер және менің мына тапсырмаларымды орында деп мысыққа хат береді. Мысық сиырдың берген тапсырмасын орындай алмай ағашқа барады.
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:– Мен шөлдеп тұрмын. Су әкеліп бер және менің мына тапсырмамды орында сонда ғана саған жапырақ беремін деп мысыққа тапсырма салынған хат береді. Мысық ағаштың берген тапсырмасын орындай алмай суға кетеді. Осы кезде
су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші!
Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп бер және мына тапсырмаларымызды орындасан су береміз деп қолына хат береді. Мысық қыздардың да тапсырмаларын орындай алмай ары қарай дүкенгебарады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші!
Дүкенші:– Маған жұмыртқа әкеп бер және менің мына тапсырмамды орынды сонда ғана саған сағыз беремін деп қолына хат береді. Мысық дүкеншінің де тапсырмаларын орындай алмай тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!
Тауықтар:– Бізге дән әкеліп бер және біздің тапсырмамызды орындасаң саған жұмыртқа береміз деп тапсырма салынған хат береді.
Мысық тапсырмаларды орындай алмай енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар?
Тышқан қорыққанынан:– Үйімде бір табақ тары бар.
Мысық: – Маған бір уыс тары бер.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.
II. Осыдан кейін мысық балалардан көмек сұрайды.
Мысық: Балалар маған көмектесіңдерші, мен құйрығымды алуға және мына тапсырмаларды орындауға.
Балалар бәріміз бірігіп мысыққа көмек берейік. мысық тарыны апарып тауыққа береді де, тауықтың тапсырмасын балалармен бірге орындайды. Тауықтың тапсырма: Логикалық есептер.
1. Жанып тұрған 4 шамның
сөніп қалды 2 еуі
қалды енді нешеуі?
2. Ағашта 4 алма
Піскен екен тимей құрт
Самат алып 1 еуін
Қалдырған екен нешеуін?
3. Табақта 2 алма
Қолымда 3 алма
Барлығын қосқанда
Балада неше алма?
4. Алты кірпі орманда қыдырып, бүлдірген
жинады. Біреуі ұйықтап қалыпты. Нешеуі қыдырып жүр?
5. Ағаш бұтағында үш торғай отыр оларда неше қанат бар?
6. Екі тышқанда неше құлақ бар?
Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап бергендеріңе рахмет, тарыны тауыққа беріп, тауық жұмыртқасын береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге беріп, дүкеншінің тапсырмасын балалармен бірге орындайды. Дүкеншінің тапсырмасы: Мәтінді есепті шығар.
А. Дәулеттің 11 ойыншығы болып еді, анасы дүкеннен 4 ойыншық сатып әкеп берді, бірақ Дәулет 2 ойыншығын бауырына берді. Дәулетте қанша ойыншық қалды.?
Б. Су қоймасында 8 қазы жүзіп жүр еді. 2 қазы жағаға шығып кетті. Суда неше қазы қалды?
В. Айманда 14 алма болды. 2 алмасын өзі жеп, 4 алмасын достарына берді. Айманда қанша алма қалды?
Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап бергендеріңе рахмет, жұмыртқаны дүкеншіге беріп, дүкенші мысыққа сағызды береді.
Балалар қанекей бәріміз бірігіп сергіп алайықшы. Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адам,
Алға қарай бір адым,
Оңға, солға қарайық,
Орнымызды табайық.
Сергіту сәтінен кейін мысық сағызды апарып қыздарға беріп, балалармен бірге тапсырмасын орындайды. Қыздардың тапсырма:
1. «Жұлдызшаның орнына тиісті белгіні қой» + -
3*3=0
15*7=8
12*3=15
6*3=9
16*8=8
9*5=14

Толық нұсқасын жүктеу
6 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Өнер әлеміне саяхат
Өнер әлеміне саяхат
Балаларды ертегі бойынша білімін қалыптастыру, ертегі желісімен ойын арқылы түрлі тапсырмалар орындауға үйрету.
1 саны мен цифры
1 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталық тобының тәрбиешісі Айекешова Гүлмира
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Семей қаласы, «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Жанпеисова Ф.Т
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×