Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Happy birthday

11 наурыз 2016, Жұма
Атырау облысы, Макат ауданы,
п. Макат "Нұрбөбек" бөбекжай - балабақшасы тіл маманы
Аубекер Гуляим Амандаулетқызы

Білім саласы: «Қатынас»
Кіші сала: «Ағылшын тілі»
Тақырыбы: «Happy birthday. Numbers 6 and 7».
Мақсаты: «Happy birthday» тақырыбындағы жаңа лексикамен, жаңа 6, 7 цифрларымен таныстыру.
Міндеттері: жаңа: six, seven, candle, cake, balloon, present, hat лексикалық бірліктерін үйрену. Жаңа 6, 7 цифрларын үйрену. Өзінің жасын айта білу (I`m 6) Сұраулы «How many...»? сөз тіркесін қолдануды және оған жауап беруді үйрету. «Туған күн» тақырыбында таңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту. Тілге деген қызығушылықты және достарға деген мейірімділікті тәрбиелеу.
Білімділігі: Балалрдың тілге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: «Туған күн» тақырыбында тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Тілге деген қызығушылықты және достарға деген мейірімділікке тәрбиелеу.
Қажетті материалдар мен құрал - жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, 7 – ге дейінгі цфрлар және ойыншықтыр бейнеленген карточкалар, CD плеер, аудиодиск.
Оқу іс - әрекетінің белсенді лексикасы:: six, seven, cake, balloon, hat, present, happy
birthday.
Билингвальді компонент: six – алты – шесть, seven – жеті – семь, cake – тәтті нан – торт, candle – балауыз шам – свеча, balloon – шар – шары, hat – қалпақ – шапка, present – сыйлық – подарк, Happy birthday – Туған күніңмен! – С днем рождения!

Мотивациялық қозғаушы
Педагог балалармен мандасады: Hello, children. Бүгін біз Foxy - дің туған күніне барамыз. Оны туған күнімен құттықтауға асығайық: «Happy birthday!»

Іздену ұйымдастырушы
Педагог балалардан жастары нешеде екенін сұрайды.
How old are you? Бұл сұрақ белсенді сөз құрылымы болып есептелмейді. Бірақ балалар оның мәні мен оған жауап бере білулері үшін педагог оны оқу іс - әрекетінде қолданады.

1 - жаттығу.
Сендердің жастарыңды айту үшін алдымен цифрларды жаттап алайық six – алты, seven – жеті.
(Педагог флипчарт түрінде дайындаған сандарды тыңдатады. Сандар сөйлейді).
Сұраққа жауап беру үшін балалар міндетті түрде I`m сөз тіркесін қолданамыз. Содан соң қанша жаста екендеріңді санды қою арқылы жауап бересіңдер.
Педагог «How old are you?» сұрағын әр балаға қояды.

2 - тапсырма.
Педагог балалардан туған күн кезінде қандай заттардың керек екендігін сұрайды.

Педагог жаңа сөздер атауларын алдын ала дайындаған флипчарт батырмасының үстінен басу арқылы әр бір жаңа сөздермен таныстырады.
Суретте ненің бейнеленгенін сұрап, жаңа сөздерді үйретеді: cake – тәтті нан – торт, candle – балауыз шам – свеча, balloon – шар – шары, hat – қалпақ – шапка, present – сыйлық – подарк, Happy birthday – Туған күніңмен! – С днем рождения!

Педагог балаларға мына сұрақтарды қояды:
- How many candles?
- How many balloons?
- How many presents?
- How many children?

3 – тапсырма.
Педагог туған күн иелері неше жасқа толғанын балауыз шамдардың саны бойынша анықтауларын сұрайды.
(Дайындалған флипчарт бағдарламасы арқылы балаларға тапсырма беріледі).

Сергіту сәті.
Педагог балаларға видео көріністен сергіту сәтін көрсетеді.

4 - тапсырма.
Дидактикалық ойын: «What is it?»
Жүргізілу барысы: Жасырынған суреттер арқылы жаңа сөздер атауларын табу.

5 – тапсырма.
Педагог барлық ағылшын тілді адамдар туған күні айтатын әнмен таныстырады.
Track 10.
Happy birthday to you.
Happy birthday to you.
Happy birthday, dear Foxy!
Happy birthday to you!

Рефлексивті коррекциялаушы
Педагог оқу іс – әрекетін қорытындылап, оқу іс – әрекетінде үйренген жаңа сөздерді еске түсіруді ұсынады. Жақсы қатынасқан балаларға үлестірмелі бағалар таратып, балаларды мадақтайды. Үйге тапсырма «Happy birthday to you» әнін жаттап келуді ұсынады.

Толық нұсқасын жүктеу
7 922
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Happy birthday
Happy birthday
1. S1 make basic personal statements and simple statements about objects 1. S6 exchange simple greetings and say please, sorry and thank you
Сelebration
Сelebration
The theme of the lesson: Celebrations.
Сенің туған күнін қашан? When is your birthday?
Сенің туған күнін қашан? When is your birthday?
Қызылода облысы, Шиелі ауданы, №127 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп - лицейі ағылшын тілі пәні мұғалімі Ұлтарақова Қалдыгүл Секенқызы
Foods – Тағамдар
Foods – Тағамдар
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Алға мектеп - бақшасы ’’ ММ – ның ағылшын тілі пәні мұғалімі Қалиева Балқаш Дербесовна
Happy Birthday
Happy Birthday
ГККП «Многопрофильный колледж» г. Астана Преподаватель английского языка: Килыбаева Гаухар Галымовна
How old are you?
How old are you?
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Елубаева Фариза Мересейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×