Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің қайырымды көмекшілерім. Құлақ.

05 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Зинеден селосы,
Ю. Гагарин атындағы орта мектептің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна

Пәні: Валеология
Тақырыбы: Менің қайырымды көмекшілерім. Құлақ.
Мақсаты:
1) Балаларға адамның сезім мүшелері туралы білім беру. Олардың қоршаған ортаны танып-білудегі маңызы жайлы түсінік беру. Құлақтың құрылысымен таныстыру.
2) Ой-өрісін, танымдық қабілетін жетілдіру. Құлақты күту ережелерін үйрету.
3) Жеке бес тазалығын сақтауға, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілігі: суретті слайдтар, дидактикалық материалдар, әліппе дәптері.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру:
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру, қайталау:
«Валеология» елінің картасына қарап, өткен аялдамалар бойынша ережелерді еске түсіреді.
1-слайд.
Дидактикалық ойын: «Адам денесін құрастыр».
Дене бөліктерінен тұтас адам денесін құрастыру.
2- слайд.
Топтастыру. Сезім мүшелерін тауып, суреттерін сызық арқылы қосу.
Көз---------- мұрын------------ құлақ
тері --------- сезім мүшелері ------------------ тіл

Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту:
1) Сезім мүшелерінің атқаратын қызметі.
2) Көзді күту ережелері.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жұмбақ жасыру. – Бір таудың екі жағынан
Екі қалқан жабысқан.
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан. (құлақ)
3-слайд.
Құлақтың құрылысымен таныстыру. Құлақ - есту мүшесі. Құстардың сайрауын, ағаш жапырақтарының сыбдырын, жануарлар мен жәндіктердің сан түрлі дауыстарын, әсем сазды әуендерді, желдің уілін, теңіздің шуылын, достарыңның жарқын күлкісін, анамыздың әдемі үнін естуімізге көмектесетін - құлақ.
Ойын: «Ыммен айт».
Бір бала ортаға шығып (тәрбиеші өзі шығуына болады), қалғандарына ыммен бір нәрсе айтады. Балалар оның не айтқысы келгенін табу керек.
Релаксацияға арналған жаттығу.
Үнтаспадан судың сылдыры, құстардың үні, өсімдік сыбдыры естілетін әсем әуен жіберіледі. Балалар көздерін жұмып, табиғат аясында жүргендерін елестетеді.
Егер адамның құлағы естімейтін болса, оған өмір сүру қиын болатынын ұғындыру. Қарт адамдардың құлақтары нашар еститінін, оларға күлуге болмайтынын түсіндіру. Туғаннан құлағы естімейтін адамдардың тілінде де кемістігі болады. Оларға әрқашан да көмектесу керек.
ІV. Әліппе дәптермен жұмыс.
4-слайд.
«Кім кіммен сөйлесіп тұр?». Телефонмен сөйлесіп тұрған балалардың қайсысымен сөйлесіп тұрғанын тауып, сызықпен көрсет.
5-слайд.
«Суретте не жетпейді?». Мұрынға гүл, көзге көзілдірік, құлаққа -?
(домбыра үні).
6- слайд.
Құлақты күту ережелері:
Аязда жылы бас киім кию керек.
Үшкір затпен шұқуға болмайды.
Жуып, таза ұстау керек.
Қатты шудан сақтан!
Ойын: «Телефон»
Балалар тізбектеле отырады. Бастаушы Бірінші отырған баланың құлағына бір сөз айтады. Ол келесі баланың құлағына не естігенін айтады. Ол келесіге айтып, ойын жалғаса береді. Соңында кім өзінің не естігенін айтады. Қате кеткен бала айыбын өтейді.

V. Қорытынды.
Сұрақ-жауап. Ережелерді бекіту. Мадақтау.
17 616
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің кішкентай көмекшілерім
Менің кішкентай көмекшілерім
Балаларды көз құлақ мұрын тіспен таныстыра отырып дене мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
Есеп және оның құрылымдық элементтері
Есеп және оның құрылымдық элементтері
Есеппен таныстыру. Автотұрақта 6 машина тұрды. Бір машина кетіп қалды. Неше машина қалды? 6 – 1 = Есепте бізге мәлім нәрсе ШАРТ деп аталады. Ал табу керек нәрсе – есептің СҰРАҒЫ. Есептің ШЕШУІ мен ЖАУАБЫ болады.
Құлақ есту мүшесі
Құлақ есту мүшесі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна
О дыбысы мен әрпі
О дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна Пәні: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі Мақсаты: 1) О дыбысы және оның әріп
Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі
Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі
Сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып - білудегі орны, маңызымен таныстыру. Көру гигиенасы, көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай білуді үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×