Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойыншықтар дүкені.

21 шілде 2019, Жексенбі
Білім беру саласы: Қатынас, таным.
Бөлімдер: Тіл дамыту, құрастыру.
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тәрбиешінің сұрақтары бойынша суреттен қысқа әңгіме құрастырып айтуға ынталандыру.
Дамытушылық: Ойын, тақпақтар арқылы сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту. Қиылған қағазбен жұмыс жасауға, түсі, пішініне қарай екінші бөлігін тауып орналастыруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ойыншықтар дүниесіне деген сүйіспеншлігін ояту. Ұқыпты құрастырып, жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сөредегі ойыншықтар, суреттер, тақта, тірек сызба, үнтаспа, әр түрлі қиылған қағаз бөліктері, үлгі көрнекіліктер.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, қайталау, әңгімелеу, сұрақ - жауаптар.
Қостілділік компонеттер: алма - яблоко, сәбіз - морковь, бал - мед.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын жасайық.
Таза ауаға қол сермеп,
Жүрек жылуын жасайық.
Мейірімділік шоғын біз,
Қонақтарға шашайық.
Сәлеметсіздер ме!

Ұйымдастыру – іздестірушілік кезеңі
Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше сұрақтар қояйын.
- Қазір жылдың қай мезгілі? – Күз айларын ата?
- Күзде ауа - райы қандай болады?
Тірек сызба:

Жаңбыр жауады Құстар жылы жаққа ұшады
Күз суреті
Жапырақтар сарғайып
Жел тұрады жерге түседі

Дұрыс айтып, суреттерді орнына қойдыңдар.
Балалар, күзгі жапырақтар қалай шулайды?
Саусақ жаттығуы арқылы, дыбыстарын салайықшы
«Алақанды үйкелеп» ш - ш - ш - ш деп айтамыз.
Енді алақандағы жапырақты үрлеп ұшырамыз.

Күз туралы тақпақтар:
Жапырақтар ұшады,
Айналады дөңгелеп.
Жапырақтар түседі,
Желмен бірге желбіреп.

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар ойнайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

Жарайсыңдар балалар, тақпақты жақсы айтыңдар.
Қызықтыру сәті:
( көңілді әуенге дүкенші келеді, әндетіп)
Дүкенші: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Ашылды дүкен, мұнда бәрің қараңдар.
Бар қызықты тамашалап, назар салыңдар!
Көжек, мысық, күшікте,
Тышқан отыр бұрышта.
Сендер жақсы көретін,
Ойыншықтардың бәрі осында.

Дүкенші: Балалар қараңдаршы, менің дүкенімнің сөрелерінде әдемі ойыншықтар көп, сендерге ұнады ма? Бұл жәй дүкен емес, ойыншықтары да
ерекше. Ойыншықтармен ойнап, олар жайлы тақпақ айтып бергенді жақсы көреді.

Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлем, сәлем.

Досым маған ойыншық
Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймайды.

Машина, машина келеді,
Біздерге белгі береді.
Бип - бип - бип - бип.

Қаланы аралап,
Автобус келеді.
Бәріміз қыдырсақ,
Бізге сол керегі.

Дүкенші: Тақпақтарың әдемі екен, жақсы айттыңдар. Жұмбақ жасыру:

Пеш түбінде құмған,
Екі көзін жұмған.
Мысық қандай жануар?
Енді мысық туралы кім маған айтып береді?

Тікірейген екі құлағы бар. Жүні жұп - жұмсақ мамықтай. Ет жейді, сүт ішеді, тышқан аулайды. Мұрты ұзын, тырнағы өткір. Ерте ұрады, беті - қолын жуады, керіліп бойын жазады.

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үлкен болып жасқанар,
Кіп - кішкентай арадан.

- Біздің аю әдемі, ол үлкен, жабайы аң. Аюдың жүні жұп - жұмсақ, көзі қап - қара. Оның төрт аяғы, екі құлағы бар. Мен аюмен ойнағанды жақсы көремін.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, аю туралы тақпақ айтып және онда кездесетін дыбыстарды анық айтуға ырысайық: Ю - ю - ю - ю қорбаңдайды аю.

Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «Б» дейді, «Р»- ға тілі келмейді,
Ұйықтап қапты партада,
Бұл не деген масқара.

Тәрбиеші: Балалар орнымыздан тұрып, біздің сүйікті ойыншықтарымызға арнап ән айтып, бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Ойыншықтар» әні

Тәрбиеші: Балалар, қане дұрыс отырып тақтадағы суретке назар аударайық.
Суреттен не көріп тұрсыңдар? Балалар қандай ойыншықпен ойнап жүр? Қандай ойын ойнап жатыр?
Әңгімелеу:
Балалар доп ойнап жүр.
Қақпашы кірпі допты ұстауға үлгермеді. Асан допты қақпаға тепті. Доп ақпаға кірді гол соғылды. Балалар қуанды.
Доптың пішіні қандай?
Доп не істейді? (түсін, көлемін сұрау)

Доп туралы тақпақ кім біледі?
Добым, добым, домалап
Алға сырғып жүгірдің,
Қақпаға сен кірдің.

Ал, мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Самат үй құрастырып отыр. Қасында кран ойыншығы бар. Самат өскенде құрылысшы болғысы келеді.
Тақпақ:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.

Тәрбиеші: Сейдашева Жанар Атырханқызы
Ойыншықтар дүкені. жүктеу
2 116
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ойыншық атауларымен, қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру (кел, отыр, тұр, бар, ал, әкел). ерекше дыбыстармен таныстыру.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын айтуды үйрету. Ұл бала мен қыз баланың ойыншықтарын ажырата айта білуге дағдыландыру.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Менің добым
Менің добым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×