Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоршаған ортамен танысу. Үй жануарлары

15 шілде 2013, Дүйсенбі
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: «Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің сыры»
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балалардың мысық пен күшік жөнінде түсініктерін кеңейту, олардың тіршілігімен таныстыру. Тілін дамыту, антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын тереңдету.
Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, бақылау.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, слайд, маркерлер

1. Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу.
Жылулық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!
- Балалар үй жануарлары деп нелерді айтамыз?
- Кім оларды атап береді?
Бүгін біз сабақта мысық пен иттер туралы айтамыз.

Тәрбиешінің әңгімесі.
Мысық өте сүйкімді үй жануары. Ол көп үйде болады. Мысықтар өте мейрімді, бауырмал болады. Адам мысықты қолға үйреткеніне қарамастан, ол жабайы үй жануары болып қалады. Мысық еркіндікті жақсы көреді, сондықтан түнде қыдырады, ол адамсыз өмір сүре алады. Мысықтар ет пен балық жегенді жақсы көреді. Тағы олар сүт тағамдарын: айран, сүт, қаймақты жақсы көреді. Мысықтарға құрғақ тамақтар да береді. Үлкен мысықтар тышқан, егеуқұйрықтарды аулайды және кейбір мысықтар шөппен қоректенеді. Мысықтар өте таза жануарлар, олар уақытында жуынады, үстерін тазалап тұрады. Уақытында далаға шығады.
Мысықтар ұйықтағанды өте жақсы көреді. Мысықты сен ренжітсең ол сені тырнағымен тырнап алады. Сондықтан мысықпен абай болу керек. Құйрығынан тартуға болмайды.
Ит иесін көргенде қуанады, құйрығын бұлғаңдатып, артқы аяғына тұрады. Адам итті жібінен ұстап далаға қыдыртады. Даладан келгеннен кейін аяқтарын жуады.
Ауырып қалса мал дәрігеріне көрсетеді.
Ит ет, балық, құс етін және құрғақ жем жейді.
Иттің сүйікті тамағы, ол сүйек. Ит ет, балық, құс етін және құрғақ жем жейді.
Иттің сүйікті тамағы, ол сүйек. ИТ – адамның досы.
Мысық пен ит бір – бірімен дос емес.

Ұрысып жатқан адамдарға “Мысық пен ит сияқтысыңдар дейді” Ит пен мысық бір үйде тұрып кей уақытта дос болады, ол бірақ сирек кездеседі. Мейлі үйіңде мысық ия болмаса ит болса оларды күтіп баптау керек. Уақытында тамақ беріп, қыдыртып далаға, жуындырып, дәрігерге көрсетіп.
Төрт аяқты досыңды жақсы көр, ренжітпе.
Жұмбақ жасыру.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады. (Мысық)
Лағымның құлағы селтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады. (күшік)
Сергіту сәті.
«Ит пен мысық адамға қалай дос болды?» ертегісін оқу
Сурет салу Ұжымдық жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
Нені білді: Үй жануарлары туралы білді..
Қандай түсініктерді игерді: үй жануарларының тіршілігімен танысты.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әңгімелеуге, сол тақырыпқа сурет салуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
16 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Күшік пен мысық
Күшік пен мысық
Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды. Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды. Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Үй жануары - мысық
Үй жануары - мысық
Балаларға үй жануары – мысықты танып, білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді пайдаланып мысықты құрастырып, суреттерді салыстыра білуге үйрету. Сөздік жұмыс арқылы тілдерін дамыту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, №16 "Дюймовочка" балабақшасының тәрбиешісі Шалтақова Эльмира Жұмажанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×