Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үстел мен ойыншының ара қашықтығы

20 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
"Сам орта мектебі" ММ
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Мусагалиев Кайрат

Сабақтың тақырыбы: Үстел мен ойыншының ара қашықтығы
Білімділік: Теннис ойынының шығу тарихы туралы жалпы түсінік
Дамытушылық: Оқушыларды ракетканы дұрыс ұстап, допты дәл соғуға, ара қашықтықты дұрыс сақтауға, шапшаңдылыққа баулу.
Тәрбиелік: Ойынға қатысушыларға төрешіге қарсы келмеуге, қарсыласқа дөрекі болмай сыпайы болуға қалыптастыру.
Керекті құралдар: Үстел теннисі, ракетка, ақ, сары түсті теннис добы.
Өтетін орны: Спорт зал

Кіріспе бөлім:
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Мәлімдеме қабылдау
Оқушылармен сәлемдесу
Төменгі жылдамдықта ара қашықтықты сақтай отырып жүгіру.
Жүгіру кезіндегі орындалатын жаттығулар:
- тізені жоғары көтеріп жүгіру;
- өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;
- артпен жүгіру;
- жай жүгіру;
- біртіндеп жүріске көшу;
- тыныс алу жаттығулары;
Жалпы дамыту жаттығуларын орындау

Негізгі бөлім:
Үстел теннисі – арнайы ережелерге сәйкес, ойын үстелiнiң үстінде, ақ және сары доппен және ракетканың көмегімен ойнауға негізделген спорт түрі.
Ойын барысында ойыншылар үстелмен ара қашықтықты сақтап ойын көрсетуі тиіс. Ойыншы үстелмен ара қашықтықты сақтай алмаса, қарсыласының соққысын тосуы қиын болады. Ойыншы үстелге жақындамай 60 - 80см ара қашықтықты ұстаған жөн.

Ойыншыға рұқсат етілмейтін жағдайлар:

- төрешіге қарсы келуге;
- төрешіге дөрекі сөйлеуге;
- қарсыласқа дөрекі сөйлеуге;
- қасақана допты еденге, үстелге ұруға;
Ойыншыға рұқсат етілетін жағдайлар:
- көп доптардың ішінен өзіне доп таңдауға;
- ойын алдында 2 минут дайындалуға;
- төреші демалуға рұқсат бергенде жаттықтырушысынан кеңес алуына;
- азғана яғни 2 - 3 минут үзіліс жасауына мүмкіндігі бар;

Қорытынды бөлім:
Оқушылардың сабақ барысын түсінгені туралы сұрақ жауап арқылы білу.
Үстел теннисін практика жүзінде ойнату.
Оқушылардың сабақ барысындағы жетістіктерімен кемшіліктерін атап өту.
Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: Сабақ барысында меңгергенін үй жағдайында қайталау.
Оқушылармен қоштасу
14 600
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол техникасы. Ойын кезінде допты қолдана білу
Баскетбол техникасы. Ойын кезінде допты қолдана білу
Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Баскетбол элементтері бар эстафеталық ойындар
Баскетбол элементтері бар эстафеталық ойындар
Салауаттық өмір салтын насихаттау. Күш - жігерін дамыту, жылдамдығын арттыру.
Ырғақты гимнастика
Ырғақты гимнастика
Тақырыбы:(музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы жаттығулар)
Эстафета түріндегі ойын
Эстафета түріндегі ойын
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Жоғары және төменгі сөре
Жоғары және төменгі сөре
Астана қаласы, №53 мектеп - лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×